Қазақстан соғыс жылдарында | туралы қазақша
Соғыс жылдарында Қазақстан Республикасы аумағында көптеген әскери оқу орындары жұмыс жасады. Солардың бірі Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесі 1940 жылы маусым айында ашылды. Училищеде барлығы 6333 офицер куәлігі берілді, сонымен бірге курсанттар
бригадасынан майданға 7001 қатардағы сарбаз бен сержант аттанды.
Алматының 22-әскери-авиация мектебі 662, 991, 992 авиа полктері құрамында соғысқан командир, инструктор-ұшқыш, инженер-техник мамандарын және түнде шабуылдайтын ұшқыштарды оқытып шығарды. 1942 жылдың ақпанынан 1943 жылдың сәуіріне дейін Гурьев қаласында (қазіргі Атырауда) жаяу әскер училищесі жұмыс істеді. 1942 жылы желтоқсанда оны алғашқы түлектері бітіріп шықты.
Соғыс кезінде Қазақстанға орталықтан көптеген училищелер көшірілді. Кеңес Одағының маршалы Б.М. Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Ту жаяу әскер училищесі 1941 жылдың күзінде Семейге көшіп келді. 1943 жылы маусымға дейін (алты айлық, кейін жылдық бағдарлама
бойынша) 2725 адамды оқытып шығарды. Училище 1944 жылы сәуірде Тамбовқа қайта оралды.
1941 жылдың қарашасынан 1945 жылдың ақпанына дейін Талғар қаласында Рязань атқыштар училищесі орналасты. Ол 1943 жылдың наурыз айынан бастап 141 офицерді дайындап шығарды. Қостанай қаласында орналаскан (1941 ж. 6 қарашасынан соғыс аяқталғанша) Сталинград әскери әуе училищесі 2444 ұшқышты оңытып дайындады.
Харьков облысынан келген Чугуев әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға — Шымкентке, Жамбылға, Сайрамға, Арысқа орналасты. Соғыс жылдары ол 3228 ұшқышты өзірлеп, қатарға қосты Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі 1941 жылы 26 қазанда Қызылордаға көшіп келді. Онда 4 097 әуе маманы даярланды.
1941 жылдың басында Петропавлға авиамеханиктердің Селишенск әскери мектебінің курсанттары мен оқытушылар құрамы көшіп келді. Оны 1941 жылдан 1944 жылға дейін 2 400 авиамеханик пен 400 моторист бітіріп шықты.
Оралда 1941 жылдың қыркүйегінен 1946 жылға дейін Одессаның әуе атқыштарын даярлайтын училищесі, ал 1941 жылдан 1944 жыл аралығында әуе атқыштарын даярлайтын Ворошиловградтың 22-әскери әуе училищесі орналасты.
Алматыға Мәскеудің жоғары шекара мектебі мен Харьков Ішкі істер халық комиссариаты әскери училищесі (Ташкент қаласында 2 жыл шамасында жүмыс істеген) көшіп келді. Қазір осы училищенің базасында Қазақстан Республикасы ҮҚК Шекара әскерлерінің әскери институты қүрылған.
Соғыс жылдары Қазақстанға көптеген әскери оқу орындары: Әскери ветеринарлық мектеп — Арал қаласына, Баку жаяу әскер училищесі — Жамбылға, ӘӘК және ӘТФ авиа мектебі — Ақтөбеге, Одессаның ұшқыштар
мектебі — Алматыға, Одессаның барлаушы-ұшқыштар
авиа мектебі — Жамбыл облысы, Құлан (Луговой) стансысына, Ленинградтың байланыс әскери училищесі — Оралға, сондай-ақ 6-Воронеж 16-Харьков арнаулы авиа мектебі, НКВД әскерлерінің Ленин орденді Жоғары мектебі, Камышенск танк, 2-Бердишевск жаяу әскер училищелері, 12-Харьков артиллерия арнаулы мектебі, т.б. кошіп келді.
Сонымен 1941 —1945 жылдары біздің республиканың аумағына барлығы 27 әскери оқу орны орналасты. Осы жылдары бұл училищелерде 16 000 офицер, 10 500 сержант оқып, 10 000-нан аса түрлі маман дайындалып, майданға аттандырылды.
Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрлері, олардың рухани мұрасы қазіргі уақытқа дейін сақталған. Қорганыс министрлігі әскери Күштері құрамына Екінші дүниежүзілік соғыста аты аңызға айналған бірнеше дивизиялар кіреді. Олардың ішінде біздін, елімізден тыс жерде 60 жыл бұрын құрылған Уман гвардиялық дивизиясы бар. Аталмыш дивизия негізінде Құрлық әскерлерінің бөлімшелеріне жас мамандар дайындайтын Қарасай батыр атындағы оку орталығы ашылған. Орденді гвардиялық дивизияның даңқты жауынгерлік жолы туралы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ол қатысқан көптеген шешуші шайқастар тарихынан білуге болады: Мәскеу түбіндегі шайқас, Сталинград, Курск шайқастары, Корсунь-Шевченко, Уман-Боташанск операциялары, Будапешт шайқасы және Вена операциясы Қаһарлы 40-жылдары дивизияның 8 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. II дәрежелі Суворов Уман ордені атағына Корсунь, Кишинев жөне Вена полктерінің құрметті атақтары қосылды. Ұрыста шыңдалғандарға гвардиялық белгілер үстіне полктердің марапаттары — Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницский ордендері қосылды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, бұл дивизияға алғаш рет ТМД ҚК-ға тең дәрежеде құрметті атақ — Қарасай батыр аты берілді. Аталмыш оқу орны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі 10-нан астам мамандықтағы жауынгерлерді даярлайтын жалғыз оқу орны. Қазақстан армиясының генералдары мен көптеген офицерлері әскери басшы ретінде нақ осы дивизияда қалыптасты.
Өз Отанының әскери тарихын білу әрбір Қазақстан азаматы үшін маңызды. Өйткені Отанды қорғау тарихы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ерліктің айқын үлгісі жөне төл тарихымызда жауынгерлік дәстүрдің бастауы әлдеқашан қаланғаны рас. Қазақ халқы еш уақытта бөтен жерге ұмтылған емес, сондай-ақ ол қашанда өз туған елі мен жерін көзсіз ерліктің үлгісін көрсете отырып жанқиярлықпен қорғай білген.
Жауынгерлік дәстүрлер халық санасында қалыптасқан үрдіс деуге әбден болады. Ол Отан қорғаудың басты ар-намысы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
#Қазақстан #соғыс #жылдарында
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз