Қазақстан Республикасының парламент мәжілісі слайд,презентация — Құқық
Қазақстан Республикасының парламент мәжілісі слайд,презентация
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады. Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды..
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі .
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі .
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады .