Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
Жұмыс түрі:
Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата
(негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық
дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан
халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi.
Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi
деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937,
1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан,
көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары
заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның
өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық
актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi
Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет
мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн
бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң
қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның
iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы
(сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар,
сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн
жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi
әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде
ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа
заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай
түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк
және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына
отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi
және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса
маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум.
мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның
мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды
және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде
және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату
қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл.
бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның
демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика
қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму;
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр.
әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру
арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл.
нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент,
Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi,
жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар
тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде
Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар
мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына
жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын
көрiнiсiн бередi. “Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа
конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция
бойынша республикада мемл. билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар
негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну,
олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл
жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай
конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және
азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар
тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi);
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемл. билiктi жүзеге асыру
барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы);
мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет
мүдделерiнен басымдығы; мемл. тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық
қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемл. билiк заң шығарушы,
атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-
теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси,
экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен
құралады. Олар ҚРК-ның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында
тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында “Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады”, — деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының
1-тармағында көрсетiлгенiндей, “Қазақстан Республикасы — президенттiк
басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет” екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi
мынада: бiрiншiден, Президент мемл. билiк тармағының бiр де бiрiне
жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке
тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол
Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз
өкiлеттiктерiн … жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Дереккөз: https://stud.kz