Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты | туралы қазақша

0
1
Advertisement

Мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты елде қолайлы инвестициялық ахуал орнауына қол жеткізу және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың ағылып келуін ынталандыру болып есептеледі. Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде келтірілетін шетелдік инвестициялардың жаң басына шаққандағы көлемі бойынша көшбасшы болып отыр. 1996 жылдан 2011 жылға дейінгі кезең ішінде қазақстандық экономикаға 125 млрд. АҚШ долларынан артық тікелей шетелдік инвестициялар келтірілді. Оның үстіне, соңғы екі жылда ғана олардың көлемі 38 млрд. доллар болды, ал бұл шетелдік инвестициялардың Қазақстан экономикасына ағылуы серпінінің артып отырғанын көрсетеді.

Қазақстанның экономикалық жағдайының және инвестициялық ахуалының жақсаруын көрсеткен белгі республикада елдің кредиттік бағасының (рейтинг) әлденеше рет халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан көтерілуі болды. Қазақстан бүгінгі күні ТМД елдерінің ішінде Moody’s Investors Service агенттігі тағайындаған инвестициялық рейтингті иеленген алғашқы ел болып саналады.

Қазіргі уақытта шетелдік инвестицияларды келтіру саласындағы мемлекеттік саясатты 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы және осы құжатқа сәйкес республиканың мемлекеттік органдарының алдына қойылған басымдыққа ие міндеттер айқындайды. Бұл стратегияға сәйкес, аталған стратегияны іс жүзіне асыруға бағытталатын инвестиция сипатындағы тікелей шығындардың болжамды көлемдері жылына 12 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады. Оның үстіне, бұл стратегияны жүзеге асырудың мемлекеттік шығындары 2002 жыл бағасымен есептегенде, жылына 2,6 млрд. АҚШ доллары болмақ.

Реформалардың жаңа деңгейіне шығу ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жолдауында халыққа жария етілген Қазақстанның өркендеуінің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясын жүзеге асыруға кірісуге мүмкіндік туғызды. Аса-маңызды басымдықтардың қатарында: нарықтық экономика құруға, мемлекеттің белсенді рөліне, шетелдік инвестицияларды келтіруге негізделген экономикалық өсу стратегиясын, сонымен бірге елдің энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды және макроэкономикалық орнықтылықты атауға болады.

Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалардың бай ресурсы, орасан үлкен ауылшаруашылық егістіктер, білікті мамандар, сондай-ақ елеулі өнеркәсіптік әлеует бар, бірақ оларды ары қарай тиімді пайдалану үшін ақшалай қаражат жетіспейді. Бүгінгі күні Қазақстан Үкіметі де, ішкі инвесторлар да халық шаруашылығының бір немесе басқа саласына салатын қажетті инвестициялар көлемін толық қамтамасыз етуге қауқарсыз болып отыр. Сондықтан шетел инвестицияларын әсіресе экономиканың отын-энергетика немесе минералдық-шикізаттық тәрізді стратегиялық маңызы бар салаларына тарту қажеттігі туып отыр.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасына халықаралық капитал импортының келуі бүгінгі таңда қазақстандық экономиканы жандандырудың барынша тиімді жэне шапшаң жолдарының біріне айналды. Оған қоса, шетелден капитал негізгі екі: қоржындық, оның ішінде инвестициялық кредиттер жэне тікелей шетелдік инвестициялар арнасы бойынша келтірілуі мүмкін фактіні атап айтқан жөн. Бірінші арнада алдын ала төлем жасауды, үкіметтік кепілдік беруді және проценттермен қайтаруды талап ететін үкіметтік кредит түрі басымдау. Республиканың бюджеті мардымсыз болып түрғанда, капитал келтірудің бұл түрі үнемі үкіметті қысып ұстайды, сондықтан ол уақыт өте келе жарамсыз болып қалады.

Бүгінгі күні (және болашақта) экономикалық ықпал етудің басқа түрлерінің алдында бірқатар төмендегідей елеулі артықшылықтары бар тікелей шетелдік инвестицияларға көңіл ауып отыр, олар:

  • ең бір жаңа әлемдік технологияларды, «ноу-хау», басқару мен маркетингтің озық әдістерін пайдалануды қамтамасыз ете отырып, тауарлар мен қызметтердің өндірісіне ірі қаржы салымдарын салудың тікелей көзі болып саналады;
  • елдің сыртқы қарызына ауыртпалық болмайды;
  • әртүрлі өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың нәтижесінде, іскерлік, әрі шаруашылық белсенділікті көтере келе, ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға ықпалдасуына септігін тигізеді.

Сөйтіп, Қазақстан үшін шетел капиталын келтірудің аса қолайлы түрі — тікелей инвестициялар. Бұл үдерісте ең жақсы нәтижелерге жету үшін, шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдайларды жасау керек, яғни қолайлы инвестициялық ахуал орнату қажет. Қолайлы инвестициялық ахуал орнату үшін, Қазақстанда әртүрлі іс-шаралардың төмендегідей тұтас бірқатары іске асырылды:

  • заңнама негізін жетілдіру;
  • сыртқы және ішкі сауда-саттықты ырықтандыру;
  • жеке сектор қалыптастыру;
  • нарық инфрақұрылымын дамыту;
  • банк жүйесінің орнықтылығы;
  • мемлекеттік органдарда басқарушылық шешімдердің қабылдануын реттеу және басқа жа көптеген факторлар бар.

Сөйтіп, шетелдік инвесторлар көбірек назар аударатын маңызды фактор — ол заңнама негізін ары қарай жетілдіру болып отыр, өйткені бұл — шетелдік инвесторлардың ірі қаржы салымдарын салуын мемлекет тарапынан қолдаудың тікелей тәсілі. Негізінде, тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асыру барысында көп іс атқарылды. Мысалы, біздің заңнамамызда төмендегідей іс-шаралар бекітілген болып саналады:

  • инвесторлардың мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;
  • пайданың елге қайтарылуының және капиталдың сыртқа шығарылуының еркіндігі;
  • кәсіпорындарды тіркеудің оңайлатылған амалдары;
  • шетелдік кәсіпорындардың нысандарды жекешелендіруге еркін қол жеткізуі, жер және жылжымайтын мүлік сатып алуы мүмкіндігі;
  • баға белгілеудің нарықтық жүйесін қалыптастыру;
  • кәсіпкерлік қызмет бостандығы;
  • экономиканың басымдыққа ие секторларында жобаларын жүзеге асыруы үшін, инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру.

Шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды қуаттау және келтіру бойынша жалпы мемлекеттік жүйе қалыптастырудағы негізгі заң актілері болып (елдің конституциясын қоспағанда) төмендегілер саналады:

  • Азаматтық кодеке, Салық және Кеден кодекстері;
  • шетелдік инвестициялар туралы, тікелей инвестацияларды мемлекеттің қолдауы жөніндегі, валюталық реттеу, бағалы қағаздар нарығы туралы, инвестициялық қорлар жөніндегі заңдар;
  • ҚР Президентінің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, мұнай, жер туралы, сақтандыру жайында және басқа да заңдық күші бар жарлықтары.

Сонымен, тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдауды: инвестициялық қызметті (қажетті заң актілерін) қамтамасыз етудің заң тұрғысынан кепілдіктерін беруден, жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеуден, Қазақстан Республикасын шетел инвесторларының алдында көрсетуге уәкілетті жалғыз органның болуынан көруге болады. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты -экономиканың басымдыққа ие секторларында тауарлар, жұмыстар өндірісін, қызметтер көрсетуді жеделдете дамытуды қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық ахуал орнату.

Пайдаланылған әдебиеттер: Аманбаев Ү.А., «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы, Алматы: «Бастау» баспасы, 2012 — 432 бет.

#Қазақстан #Республикасының #инвестициялық #саясаты

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз