Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жүргізілген зерттеулер
Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жүргізілген зерттеулер
Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жүргізілген зерттеулер
4
Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жүргізілген зерттеулер авторға келесідегідей негізгі тұжырымдамаларды қалыптастыруға мүмкіндік берді:
1. «Азық-түлік қауіпсіздігі» түсінігінің анықтамасына жасалынған әртүрлі ғылыми қадамдарды зерттеу нәтижесінде, автор осы проблеманы зерттеушілердің көзқарастары мен позицияларын ескере отырып тұжырымдамалар жасады және бұрынғылардан ерекшеленетін өзінің түсіндірмесін ұсынды. [35]
2. Автор «азық-түлік қауіпсіздігі» категориясының сипатына тән қасиеттерді жіктеуге немесе өңдеуге талпыныс жасады. Азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді жүйесін құру елдің жалпы ұлттық ерекшеліктерінің қатарына, азық-түлік қауіпсіздігінің мазмұнын құрайтын жүйені қалыптастыратын, оның әрекет етуімен байланысты, объективті және субъективті факторлардың барлық кешеніне, қаржылық – экономикалық сипаттардың қиындықтарына байланысты болады.
3. Автор мемлекеттің жүргізген ішкі және сыртқы саясаттарына тікелей байланысты болатын, елдің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейіне әсер ететін факторлар мен шарттарды анықтады.
Тамақ өнеркәсібі экономиканың стратегиялық маңызды салаларының қатарына жатады, өйткені ауылшаруашылығы қатарында елге келіп түсетін импорттық өнімдердің сапасынан ерекшеленетін тамақ өнімдерінің нарығы қалыптасады және азық-түліктің стратегиялық запастары құрылады. Нарықтық экономика жағдайында азық-түлік тауарларының сапасы мен қауіпсіздігі қатарында тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділік маңызды мәнге ие болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі мен жағдайы ел тұрғындарының нақты тұтынуымен және сапалы тамақтануымен тікелей байланысты болады.
4. Жұмыста автор агрошаруашылық секторының қанағаттанарлықсыз жағдайына әсер ететін елде жүргізілген аграрлық реформаның жағымсыз салдарларының кешенін анықтады.
Ауылшаруашылығын реформалау және және ауылшаруашылық кәсіпорындарын қалыптастыру барысында ел тұрғындарын негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері келесідегідей жағымсыз факторлардың әсерінен тоқырап қалды, атап айтқанда: /83/
— Республика бойынша астық мәдениетінің егіс алқабының қысқаруынан;
— ең біріншіден, өндіріске органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың жетіспеушілігіне байланысты жер құнарлылығының нашарлауынан;
— ауылшаруашылық кәсіпорындарының (лизинг бойынша техника алуға мүмкіндік жоқ) әлсіз материалдық-техникалық базасынан;
— мал және жермен айналысудың өнімділік деңгейінің төмендігінен және т.б.
5. Қазақстан халқын сапасыз импорттық және отандық азық-түлік өнімдерінен қорғайтын заңнамалық база бар болғанымен де сапасыз өнімдердің нарыққа енуі барған сайын арта түсуде. Сапасыз азық – түлік өнімдерін пайдаланудан халықтардың ауруларының деңгейі көтеріліп кетті. Сондықтан да заңнамалық базаларды жетілдіру бойынша, атап айтқанда «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Заңды өңдеу, қолданылатын заңдар мен нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар қажет.
Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) және Азық-түлік ауылшаруашылық ұйымына кіруі, агроөнеркәсіптік өндірістің, сонымен қатар бүгінде өнімін жоғары өзіндік құнмен сатып отырған қайта өңдеу және тамақ өнеркәсіптерінің ұлттық ерекшеліктерін ескерген кезде және тыңғылықты дайындықтар жүргізген кезде ғана мүмкін болады.
— елге келіп түсетін импорттық өнімдерге шектеулер жүргізу негізінде отандық тауар өндірушілердің экономикалық қызығушылығын және ішкі азық-түлік нарығын қорғау;
— агроөнеркәсіптік кешеннің (жердің құнарлылығын, қазіргі жедел технология, инфрақұрылымдар, селективті өсімдік шаруашылығы, табынды мал шаруашылығы және т.б.) негізгі ресурстық потенциалын құраушыларды сақтау және бірте-бірте өсіру.
— азық-түлік тауарлары мен шикізаттарының өндірісі мен оларды тұтынуға дейінгі қозғалыс механизмін және сенімді жүйесін қалыптастыру;
— аграрлық секторға отандық және шетелдік инвесторлардың қаржы-несиелік ресурстарын тарту мақсатында, кәсіпорынның ішкі қоры және олардың өндірістік инвестицияға трансформациялануы үшін алғышарттар құру;
— импорттық және экспорттық баж салықтарын отандық аграрлық тауар өндірушілерді қолдауды қаржыландыруға айналдыру.
13. Кластерлерді құру ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен қайта өңдеушілеріне, өнімнің бәсекеқабілеттілігін және шаруашылық аралық қатынастарды көтеру, сапалы бәсекегеқабілетті өнім өндірісінің көлемін арттыруда, ет өндірісі саласының шаруашылық субъектілерінің материалдық қызығушылығын арттыру бойынша экономикалық қатынастар жүйесін иемденуге мүмкіндік береді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кластерлік қадам тікелей экономикалық нәтижелер тұрғысынан да, экономиканың жеке және мемлекеттік секторлары арасындағы анағұрлым тиімді қатынастарға көшу тұрғысынан да пайдалы екендігін көрсетеді. Бірақ, кластерлік даму кәсіпорын тек тапсырысты атқарып, ал оның өкілдіктері еңбек өнімділігі мен экономиканың тиімділігін арттыру үшін маңызды болған кезде ғана мүмкін болады.
#Қазақстан #Республикасындағы #азықтүлік #қауіпсіздігін #қамтамасыз #ету #мәселелеріне #жүргізілген #зерттеулер #TopReferatcomkz #Қазақша #рефераттар #курстық #дипломдық #презентация
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз