Қазақстан Республикасында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау

0

Қазақстан Республикасының территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау жүргізейік.

Экономикадағы қиындылық жағдайларына қарамастан еліміздің территориясында қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны жылдан-жылға өсуде. 2004 жылдың 1 қаңтарда тіркелген кәсіпорындардың саны 5444 болды, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. 2004жылы Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген      кәсіпорындардың ішінде:

ірі кәсіпорындар саны –191;

орта кәсіпорындар – 206;

кіші кәсіпорындар – 5147.

Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлардың жасалғанын байқатады.

Қазақстан Республикасында тіркелген кәсіпорындардың 2214-і үй бұйымдарын және автокөлікті жөндеу, сауда саласында, 910-і өндіру өнеркәсібінде, 657-ы қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау кәсіпорындарында қызмет етеді. Кестедегі деректерге сүйенсе, Қазақстан территориясында тіркелген кәсіпорындардың саны жылдан-жылға өсуде.

Шетел мамандарының бағасы бойынша Қазақстан Республикасында инвестициялау үшін неғұрлым жағымды аудандар болып Алматы Астана қаласы, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары саналады.

Қазақстан Республикасында 2004 жылы 5444 кәсіпорын тіркелген болса, оның 53%-і Алматы қаласында қалыптасқан, яғни 2867бойынша қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының саны 2004 жылы – 2867 кәсіпорынды құраған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскенін көрсетеді. Соның ішінде қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының шоғырланған орталығы Алматы, Астана қалалары, Қарағанды және Атырау облыстары. Бұл аймақтарда қызмет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өсуі оңды тенленцияны көрсетеді. Ол оңтүстік, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 2003 жылы қызмет еткен біріккен кәсіпорындар төмендесе, 2004 жылы қайта көтерілу байқалады. Ол сол облыстардың инвестициялық ақуалының жақсарғанын көрсетеді.

Қазақстан территориясында қызмет ететін кәсіпорындардың көбісі өндіру, сауда салаларына бағытталған. Біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың саны 2004 жылы 346072 жеткен. Кәсіпорындардың жұмысшыларының тізімдік құрамына, бір және одан көп күнге уақытша жұмысқа, маусымдық немесе тұрақты жұмысқа қабылданған барлық жұмысшылар жатады. Сонымен қатар бірге, нақты жұмыс істейтіндермен қатар, ресми жұмысқа тіркелгендер де есепке алынады.

.


Тағы рефераттар

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!