Қазақстан ортақ үйіміз балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні:Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы: Қазақстан ортақ үйіміз
Мақсаты: 1.Қазақстандағы ұлт өкілдері ,олардың мерекелері мен тағамдары,ұлттық киімдері және қолөнер туындылары жайлы мағлұмат беру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін еліміздегі ұлт өкілдері және ортақ үйіміз Қазақстан жайлы мағлұмат аламыз.
V Жаңа сабақ
-Балалар біздің отанымыз қай мемелекет ?
-Қазақстан
Қазақстанда балалар көп ұлт-өкілдері тұрады екен.Атап айтсақ: қазақ,орыс,ұйғыр,түрік,өзбек,дүнген т.б.
Олардың өз тілдері,өздерінің ұлттық киімдері,тағамдары,мейрамдары қолөнер туындылары бар . Оның ортақ үйі-Қазақстан екенін айтып түсіндіру.Қазақ тілі мемлеккеттік тіл екенін айту.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарады,солға қарады
Үлкен тау деп ойлады
Әліппе дәптермен жұмыс:
«Ағайынбыз бәріміз»
Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын екі тосқауыл
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау
Болсын мәңгі ту да ортақ,
Ақпыз,қара,сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Ә.Дүйсенбиев VI Пысықтау
-Қазақстан республикасының мейрамдарын ата.
VII Бекіту
-Ортақ үйімізҚазақстанда достығымыз жарасқан ел екенімізді айтып түсіндіру.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!