Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы

0


Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан халқының демографиялық жағдайы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .4

I. Қазақстан халқының демографиялық
жағдайы … … … … … … … … … … … …
1.1 Халықтың саны және табиғи
өсімі … … … … … … … .. … … … … … … .
1.2 Халықтың көші-
қоны … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
1.3 Халықтың тығыздығы және орналасу
ерекшеліктері … … … … … .. … …
1.4 Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы
… … … … … … … … ..
1.5 Тұрғындардың ұлттық және діни құрамы … … … … … … … .
II. Қазақстан республикасы халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы …
2.1 Халықтың жұмыспен қамтылуы
2.2

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … .37

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі

I. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы
1. Қазақстан халқының саны және табиғи өсімі

Кез келген мемлекеттің негізгі байлығы – халық болып табылады. Халықтың
саны әртүрлі факторларға байланысты өзгеріп отырады:(апатты зардаптар,
соғыс, жұқпалы аурулар,көші-қон(адамдардың механикалық қозғалысы), туғандар
мен қайтыс болғандардың сандық қатынасы). Республика дамуының әр кезеңінде
халық санының өзгеруіне тигізетін факторлар әртүрлі. Бір кездері халықтың
механикалық қозғалысы немесе басқа жағдайда табиғи факторлар басым болды.
Кей жылдары 2 фактор теңесе отырып, бір-бірін толықтырды. Ал, бір жылдары 2
фактордың бірлесе әсер етуі байқалады. Олардың ықпалы оң болған жағдайда
республика халқының саны өсіп, керісінше болған жағдайда төмендеп отырады.
Қазақстан аумағында он рет халық санағы жүргізілді. Оның бірі еліміз
егемендік алғаннан кейін 1999 жылы жүргізілді және биылғы 2009 жылы
кезектегі халық санағы өтті, ал қалғандары кеңестер одағы тұсында
жүргізілген. 1999 жылы өткізілген алғашқы ұлттық халық санағының көрсеткіші
қуантарлықтай болған жоқ. 1999-2002 жылдар арасында республиканың халық
саны біртіндеп азайды. Оның негізгі себептері: тәуелсіздік алғаннан кейін
қуғын сүргінге ұшыраған басқа ұлт өкілдерінің өз Отандарына оралуы,
халықтың әлеуметтік жағдайының төмен көрсеткіштері және т.б. Демографиялық
жағдайдың көрсеткіші екінші мың жылдықтың басынан қайта жақсара бастады.
2002 жылдан бастап халық саны қайта арта бастады. Содан бері Қазақстанда
халық саны жыл сайын 1 пайызға өсіп келеді. 2004 жылы республика халқының
саны  123,0 мың адамға немесе 0,8 % -ға өсті. Ал, 2005 жылғы өсім 1,1
пайызды құрады және халық саны 15 млн-нан асса, 2009 жылдың ақпан айындағы
мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда қазіргі таңда халықтың саны 15 778 160
адамға тең деп жарияланды.
Халық санының артуы туу және иммиграция көрсеткіштернің артуына, сондай-
ақ өлімнің азаюына да байланысты болады. Осыған орай, еліміздегі халық саны
артуының  97,3 %-і табиғи өсімге (119,6 мың адам) және 2,7 % -і көші-қон
процесінің артуына   (3,4 мың адам) тиесілі болып отыр. Бүгінгі таңда
Қазақстандағы халық саны 2004 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда қалалық
мекендерде 116,4 мың адамға, ауылдық жерлерде 6,6 мың адамға артып отыр.
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі әлеуметтік және демографиялық
статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан халқы 2006
жылдың 11 айында 161 мың 600 адамға өсіп, сол жылдың 1 желтоқсанында 15
миллион 380 мың 900 адамға жеткен. Халықтың 131 мыңнан астамы табиғи
өсіммен өссе, 30 мыңы сырттан көшіп келушілердің есебінен өскен деп
хабарлаған. 11 айда Қазақстанда 277 мың 49 сәби дүниеге келді. Оның 194 мың
550-і қазақ балалары. Сонымен қатар, қайтыс болғандар 145 мың 466. Халық
санының жалпы өсімі 9 облыста және Астана мен Алматы қалаларында байқалды.
Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (32,2 мың адам),
Алматы облысында (13,2 мың адам ), Алматы және Астана қаласында (тиісінше
(23,0 мың және 16,6 мың адам), ал халық санының ең көп азаюы Шығыс
Қазақстан (-8,0 мың адам), Солтүстік Қазақстан (-3,5 мың), Қостанай (-2,6
мың) және Ақмола (-1,8 мың) облыстарында болды. 2005 жылдың 1 қазанына қала
тұрғындарының ең көп үлес салмағы Қарағанды (облыс халқының жалпы санының
83,8%), Маңғыстау (75,9%) және Павлодар (65,6%) облыстарында, ал ауыл
тұрғындарының ең көп үлес салмағы — Алматы (70,2%), Солтүстік Қазақстан
(65,9%) және Оңтүстік Қазақстан (59,9%) облыстарында болды.
2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қалалық елді
мекендердегі халық саны 94,3 мың адамға, ал ауылдық жерде 14,7 мыңға өсті.
Ал, қазіргі кездегі туудың біршама жоғарғы көрсеткіші әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдайдың дұрыстығымен түсіндіріледі. Өлім
көрсеткіштері – табиғи апаттар, соғыс нәтижесі ел экономикасының дамуына
байланысты. Бір деңгейдегі екі мемлекеттегі өлім көрсеткіштері қарт
адамдардың санына қатысты.
Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 1988-1999 жж. 25,5-тен
14,2-ге төмендеді, ал өлім бойынша- 1995-1996 жж. 7,5-тен 9,8-ге өсті, бұл
15 жылдың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Жаңа ғасырдың басында өлім деңгейі
1000 тұрғынға 10-10,4 адамнан келсе, ал туу 2004 жылы оның деңгейлік
көрсеткіші 1000 тұрғынға 18 адам болып, 1994 жылғы көрсеткішпен теңгерілді.

Жалпы Қазақстан бойынша туу саны өлім санынан 1,5 есе артық көрсеткішке
ие. Республика аумақтарында халықтың табиғи өсуі байқалады. 2005 жылы
халықтың табиғи өсу коэффициенті 1000 адамға 8 адамнан келеді.
Қазір республикада орташа отбасы саны төрт адамды құрайды, ал үй
шаруашылығындағы “жалғызбастыларды” қосқандағы орташа саны – 3,6 адам.
Қазақстанда қазіргі кезде байқалатын демографиялық процесс — өлімнің
біршама төмендеп, туудың жоғарылауынан халықтың табиғи өсімінің артуы.
Қазақстандағы халық саны қарқынды түрде өсіп келеді. Демограф-ғалым
Мақаш Тәтімов тұрғындар санының жылдам өсуін халықтың түзелген әлеуметтік-
экономикалық жағдайымен және қазақ халқының тарихи демографиялық үрдісімен
түсіндіреді. Сондай-ақ Мақаш Тәтімов үлес салмағы басым қазақтармен бірге,
Қазақстанда мұсылман, түркі тілдес халықтардың да көбейіп отырғанына мән
береді. Соған қоса, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы
Қазақстан халқы санын 20 миллионға жеткіземін деген жоспары өз мерзімінде
орындала қоймайды, ал, халық саны 2025 жылы ғана 20 млн-ға жетеді деген
тұжырым жасады.
Дегенмен, Қазақстанда халық санын өсірудің мүмкіндіктері әлі де толық
пайдаланылмай отыр. Осы бағытта 3 нәрсені жақсылап қолға алу керек:
1.Табиғи өсімді көбейту
2. Шетелдердегі қазақтарды Отандарына оралту. Консулдық қызмет департаментi
басқармасының соңғы мәлiметi бойынша (2006) әрбiр үшiншi қазақ шет елдерде
тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда —
1258500, Моңғолияда — 83000, Ауғанстанда — 28000, Түркияда — 20000, Иранда
3450; Балтық жағалауы елдерiнде — 2500, Германияда — 700, Жапонияда — 400,
Австралияда — 400. Бельгияда — 28, Сауд Аравиясында — 28, Норвегияда — 20,
Кубада — 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бiрге, Францияда —
172, Швецияда — 51, Пәкстанда — 36, АҚШ-та — 23; Австрияда -18, Швейцарияда
— 4, Данияда — 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде: Өзбекстанда — 966000,
Ресейде — 687800, Түрiкменстанда — 87600, Қырғызстанда — 42600, Украинада
-10500, Тәжiкстанда — 10000, Әзербайжанда — 4000, Грузияда — 3000,
Молдовада – 2000 адам өмір сүруде.
3. Тілі, діні ұқсас, қазақ боламын деген халықтардың қазаққа қосылуына
жол ашу. Мысалы, Ауғанстан, Өзбекстанда тұратын ертеректе қазақ болған,
бірақ кейіннен өзбек болып кеткендер қайтадан қазақ боламыз Соларға жол
ашуымыз керек.
Диаграмма № 1.

Кесте № 1
2003 – 2008 ж.ж халықтың саны
Жылдар 2003 2004 2005 2006 2007 2008
Қазақстан 14866837 14951200 15074767 15219291 15396878 15571506
Республикасы
Ақмола обл 748167 748930 747185 746652 748559 747447
Ақтөбе обл 668378 671812 678607 686698 695454 703660
Алматы обл 1560267 1571194 1589751 1603758 1620696 1643278
Атырау обл 451928 457215 463466 472384 480687 490369
Батыс 602133 603832 606534 609291 612479 615310
Қазақстан обл
Жамбыл обл 980072 985552 992089 1001094 1009210 1018845
Қарағанды обл1333656 1330927 1331702 1334438 1339368 1342081
Қостанай обл 919558 913435 907396 903178 900333 894192
Қызылорда обл603804 607491 612048 618249 625070 632234
Маңғыстау обл338612 349668 361754 374430 390531 407403
Оңтүстік 2111893 2150256 2193556 2233568 2282474 2331505
Қазақстан обл
Павлодар обл 748651 745238 743826 742911 744860 746454
Солтүстік 682148 674497 665936 663126 660950 653921
Қазақстан обл
Шығыс 1465931 1455412 1442097 1431180 1424513 1417384
Қазақстан обл
Астана қаласы501998 510533 529335 550438 574448 602684
Алматы қаласы1149641 1175208 1209485 1247896 1287246 1324739

Диаграмма № 2.

Кесте – 2
Қазақстан халқының табиғи өсімі

Жылдар 2003 2004 2005 2006 2007
Қазақстан 92669 120778 121856 144546 163666
Республикасы
Ақмола обл 480 1415 739 1474 1731
Ақтөбе обл 3963 5613 6463 6992 7747
Алматы обл 11339 13231 12296 15162 18394
Атырау обл 5483 5901 6924 7581 8040
Батыс Қазақстан 2179 3545 3178 3630 3843
Жамбыл обл 9499 12209 12884 15004 16655
Қарағанды обл 1069 1917 2403 3391 3816
Қостанай обл -173 156 -590 -458 -568
Қызылорда обл 7963 9611 9236 10399 11652
Маңғыстау обл 5485 6741 7103 8425 9362
Оңтүстік Қазақстан 35717 42942 41982 47251 51944
обл
Павлодар обл 1085 1969 1499 2060 2553
Солтүстік Қазақстан-995 -678 -470 -914 -870
обл
Шығыс Қазақстан обл-356 999 583 2327 2869

1.2 Халықтың көші-қоны

Халықтың көші-қоны кез-келген мемлекеттің демографиялық жағдайына әсер
ететін бірден-бір фактор болып табылады және оның халық санына тигізетін
әсері өте зор. XX ғасырдың 90 жылдарында Қазақстандағы демографиялық
жағдайға көші-қон өзіндік үлкен өзгеріс әкелді. 1990 жылдың басында
Қазақстанда және бұрынғы кеңес одағының кеңістігінде көші-қондық процесс
күшейіп, әртүрлі этникалық топтар өздерінің тарихи Отандарына қайтуға
мүмкіндік алды. Соның салдарынан Қазақстандағы халық саны күрт төмендеп,
адамдардың табиғи өсім көрсеткіші де экономикалық дағдарысқа байланысты
азайды. ТМД елдерінен басқа елдерде көші-қондық кері сальдо, тұрғындардың
Германия, Израиль және АҚШ елдеріне, ал оң сальдо – Монғолия, Қытай және
Иран елдерінен қоныс аударуы. Эммигранттардың басым көпшілігін (80%-дан
астамын) Германия мемлекеті қабылдауда.
Еліміздегі миграциялық жағдай Қазақстан өзінің географиялық
орналасуына орай Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттерін жалғастырушы
геосаяси орталық қызметін атқарады. Егер ел экономикасының ырғақты өсуін,
ішкі саясаттағы тұрақтылықты, азаматтық қоғамымыздағы ынтымақ пен
түсіністікті, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығын, осы себептерге
байланысты еліміздің жұрт қызығарлықтай дәрежеге жеткендігін ескерсек,
біздің елге миграция ағыны тек қана өсе түседі. Қазақстандағы көші-қондық
ағым соңғы жылдары бұрынғыдай ТМД елдері бағытында жүргізілуде (77%-дан
астамы), соның шамамен 90 %-ы Ресей Федерациясы үлесіне тиесілі. Ал,
елімізге көшіп келуші иммигранттар саны жылдан жылға арта түсуде. Бұл халық
санының артуына оң әсерін тигізетін фактор болып табылады. Иммигранттар
негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл
облыстары мен Алматы қаласында қоныстанады.
Қазақстанда кез-келген қарқынды дамушы елдердегі сияқты ішкі
республикалық көші-қон басым. Жыл сайын 3 мыңға жуық адам ел ішінде, бір
жерден екінші жерге көшуде.
Дүниежүзілік банктің баяндамасына сүйенсек, Қазақстан еңбек
мигранттарын қабылдаудан әлемде тоғызыншы орында тұрған жетекші
мемлекеттердің бірі екен. ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте өткен 2007
жылдың маусымындағы экономикалық саммитте миграцияны ең бірінші кезекте
шешілуі тиіс басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсетті. Қазақстан
Республикасындағы миграциялық саясаттың 2007-2015 жылдарға арналған
концепциясы жасалып, онда демографиялық және миграциялық мәселелерді
шешудің ұзақ мерзімді қамтитын басым бағыттары мен тетіктері нақтыланған.
Соңғы бес жылда Қазақстанға келуші шетелдіктердің саны бес есеге өсіп, 2006
жылы ол 2 миллион адамды құрады. Ал 2007 жылдың өткен жеті айында ғана
республикаға 1 миллион 300 мың шетелдік келді. Бұлардың басым көпшілігі,
дәлірек айтқанда, 93 пайызы ТМД мемлекеттерінің азаматтары болса, қалған 7
пайызы алыс шетелден келгендер.

1.3 Халықтың тығыздығы және орналасу ерекшеліктері

Қазақстан республикасы халқының саны өзінің алып жатқан аумағына сәйкес
емес, яғни бізде көптеген себептерге байланысты халық саны төменгі
көрсеткішке ие болып отыр. Қазақстан жер аумағы үлкен болғанымен халық
сирек қоныстанған елге жатады. Қазақстанда орта есеппен 1 шаршы км-ге 5,7
адамнан келеді. Республика халқы аумақ бойынша біркелкі орналаспаған. Басым
көпшілігі (43,4 %) Қазақстанның оңтүстігінде шоғырланған, ал солтүстікте –
24 % ғана орналасқан. Ең жоғарғы халық санының тығыздығы Оңтүстік
Қазақстанда: 1 шаршы км-ге 9,1 адамнан келеді. Солтүстік өңірлерде халық
тығыздығының көрсеткіші – 6,4 адамнан, Шығыс Қазақстанда орташа көрсеткіш
5,1 адамнан, Республика бойынша ең төменгі көрсеткіш батыс облыстарда – 2,8
адамнан және орталықта – 3,1 адамнан келеді.
Соңғы кездері республиканың батыс өңірлерінде мұнай-газ кен орындарының
белсенді игерілуіне байланысты, жұмысқа қабілетті халықтың ағымы осы
аймаққа қалыптасуда. Батыс облыстарда әсіресе жастардың саны көбеюде.

Қала және ауыл халқының қатынасы – мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші. 50-
80 жылдардағы шикізат индустриясының бағыты Қазақстанды экономикалық
тұрғыдан дамытып, халықтың урбандалу деңгейін анықтай түсті. Урбандалу
деңгейі, біріншіден, елдің экономикалық дамуына, халықаралық еңбек
бөлінісіндегі экономикасының мамандануына, табиғат ресурстарына,
экономикалық-географиялық орнына, аймақ көлеміне және халық тығыздығына
байланысты.
Қала тұрғындарының ең жоғары көрсеткіші Қарағанды (обл халқының жалпы
санының 84,3 %-ы), Маңғыстау(70,2 %) және Павлодар(65,8 %) облыстарында, ал
ауыл халқының саны – Алматыда(70,0 %), Солтүстік Қазақстанда(65,7 %) және
Оңтүстік Қазақстанда (60 %). Қала халқының саны қазіргі кезде екі астанада
да, батыс облыстардағы мұнай өндірілетін аймақтарда қарқынды өсуде, ал ауыл
халқының жоғары өсу көрсеткіші Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында.
Республикадағы ірі қалаларға тұрғындары саны 250 мың адамнан асатын
қалаларды жатқызамыз. Олар: ел астанасы – Астана қаласы(550мың адам),
Шымкент (526 мың адам), Қарағанды(446 мың адам), Тараз (336 мың адам),
Павлодар (314 мың адам), Семей(305 мың адам), Өскемен(299 мың адам) және
Ақтөбе (292 мың адам). Қазақстанда жалғыз миллионер қала бар – ол Алматы
қаласы. Онда 2006 жылғы дерек бойынша 1248 мың адам тұрады.
Кең аумақты Қазақстан үшін халықтың сирек қоныстануы және туудағы төменгі
көрсеткіш бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстандағы этнодемографиялық
қоныстану ерекшеліктеріне тарихи және географиялық аймақтық-экономикалық
ерекшеліктер тән. Атап айтқанда, кейбір аймақтарда халықтың тығыз
қоныстануы демографиялық үрдістердің де жоғарғы көрсеткіштерімен қатар
сипатталса, өзге аймақтарда сирек қоныстану мен демографиялық төменгі
көрсеткіштермен сипатталу байқалады … … … Оның аумағының сәйкес
түрде 1 шаршы км-не 5,4 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы
неғұрлым қолайлы өңiрлер — Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары
(Алматы ққаласын қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы
орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 шаршы км-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан
келедi. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесi аймақтар — Солтүстік
Қазақстан аймағы: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар
облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар
тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келедi. Шығыс
Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1
шаршы км-ге 5,4 адамнан, Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика
тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 шаршы км-ге 3,3 адамнан келедi. Халық ең
аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар — Маңғыстау, Атырау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда
облысы. Мұнда бүкiл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 шаршы км-ге келетiн
орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы
санақ жүргiзiлген кездегi еліміздің әкiмшілік аумақтары бiрлiгiнде 84 қала,
200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болады. Ресми
статистикалық мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi
мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.
 
Қала халқының өсуі, Шығыс Қазақстан (қала халқы 3,2 мың адамға немесе 0,4 %-
ға азайды) облысын қоспағанда, барлық облыстарда байқалды. Қала
тұрғындарының ең жоғары өсімі Астана және Алматы қалаларында – тиісінше
3,1%-ға және 1,9%, сондай-ақ Маңғыстау (2,4%), Атырау (2,1%), және Ақтөбе
(1,3%) облыстарында байқалды. Ауыл тұрғындары санының ең жоғары өсімі
Маңғыстау (2,9%-ға), Оңтүстік Қазақстан (1,7%-ға), Жамбыл (0,9%) және
Алматы (0,8%) облыстарында байқалды. Ауылдықтар санының төмендеуі Қарағанды
(2%-ға), Павлодар мен Қостанай (1,6%-ға), Ақмола (1%-ға), Солтүстік
Қазақстан (0,9%-ға) және Шығыс Қазақстан (0,8%) облыстарында байқалды.
2005 жылдың 1 қазанына республикадағы ауыл халқының ең көп саны Оңтүстік
Қазақстан (республикадағы ауыл халқының жалпы санының 20,6%), Алматы
(17,4%), Шығыс Қазақстан (9%), Жамбыл (8,5%), Солтүстік Қазақстан (6,7%)
және Қостанай (6,2%) облыстарында тұрады.
Осы кезеңге дейін елдің бес өңірі тұрғындар саны бойынша миллиондықтар
қатарына жатты, олардың қатарына Жамбыл облысы да қосылды, бұл облыста
ағымдағы жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша халық саны 1 млн. 13 адамды
құрады

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi
82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау
(58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең iрi қалалары:

Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi:
Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950),
Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429),
Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364),
Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389),
Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем.
Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау
(89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы — Солт.
Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%)
облыстары).

  Әдетте қазақ халқы көбiнесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта
олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын
қазақтардың үлесi 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жеттi.

1.4 Қазақстан халқының жыныстық жас құрылымы
Халықтың жыныстық-жас құрылымы туу және өлімнің негізінде қалыптасып,
қазіргі және алдағы уақыттың жұмыс ресурсын анықтауға мүмкіндік береді.
Халықтардың жыныстық құрылымы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық
факторлар негізінде қалыптасады.
Қазақстанда қазіргі кезде халықтың жыныстық құрылымы бойынша әйелдер
алдыңғы орында – 51,87 %.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа
дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43,9%;
60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1%. Орташа арифмет. жас —
небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар.
Мұндай ара қатынас көптеген жылдар бойы бірқалыпты тұрақты болып,
әйелдердің табиғи өсімі еркектердің табиғи өсімінен 1,5 есе артты, ол
еркектердің өлімінің көптігімен сипатталады.
Еркектердің өлімі 1000 тұрғынға 11,5-11,7 адам болса, ал әйелдер
арасында 8,5-8,6 адамды құрайды. Еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы 62,2
жас, әйелдерде 73,6 жас. Еркектердің орта жасы – 29,7 жас, ал әйелдердікі-
32,9 жас шамасында.
Ер және әйел адамдар арасындағы шамалы айырмашылық туу көрсеткіші жоғары
аймақтарға тән. Ол аймақтарға батыс және оңтүстік облыстарды жатқызуға
болады. әйелдер саны салыстырмалы түрде Алматы қаласында, Қарағанды,
Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары.
Халықтың жас құрылымы жағынан алғанда жас адамдар саны басым. Халықтың
52,4 %-ы 30 жастан жас, ал 26,2 %-ын 15 жастағылар қамтиды. Мемлекеттегі
еңбекке жарамды жастағы тұрғындарға 16 – 63 жастағы еркектер мен 16-58
жастағы әйелдер жатады. Олардың ел тұрғындарының құрамындағы көрсеткіші –
63,4 %, ал зейнеткерлер 10,4 %-ды құрайды.
Қазақстан халқының жас құрылымы динамикасы қарқынды дамуда: жұмысқа
қабілетті халықтың сандық көрсеткіші 1989 жылдан қазіргі уақыт аралығында
58,9 %-дан 64,2 %-ға көтерілді. Халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі мен жас
жеткіншектердің үлесі қазіргі қарт адамдардың үлес деңгейінің сақталуына
орай өседі.
Алдағы 10-20 жылдың шамасында халықтың қартаю процесі біршама артады,
“жоғарыдан” қазіргі 39-49 жастағылар өзінің 60 жасқа келу кезеңінде,
“төменнен” қазіргі 0-9 жастағылар репродуктивті жасты(15-49жас) құрайды.
“Қарт” аудандарға солтүстік және шығыс аймақтар жатады. Бұл жерлерде
қарт адамдардың 14 %-ы тұрады, ал “жас” аудандар болып – батыс пен оңтүстік
саналады. Қазақстан бойынша жас тұрғындар – Маңғыстау облысында, мұнда қарт
адамдардың сандық көрсеткіші жалпы тұрғындардың 5,6 %-ын құрайды.
Қазақстандық диаспора – Орталық Азия елдерінде 1,7 млн, Ресей
Федерациясында 740 мың, Монғолияда 140 мың, Қытайда 1,5 млн, Туркия және
Ауғанстанда 120 мың адам.

1.5 Тұрғындардың ұлттық және діни құрамы

Қазақстанда барлығы 131 ұлттың өкілдері тұрады.  Қазақстан – көп
ұлтты мемлекет. Тұрғындарының басым көпшілігі 7 ұлт өкілдерінен: қазақтар,
орыстар, украиндер, өзбектер, немістер, ұйғырлар, белорусьтардан тұрады.
Олар мемлекет халқының 95 %-ын құрайды. Республикада 130-дан астам ұлт
өкілдері тұрады. Ең көп ұлт этностарына қазақтар мен орыстар жатады. Дүние
жүзі бойынша 2000 этнос болса, соның ішінде қазақтар саны жағынан 70 орынға
ие(13,5 млн адамнан астам).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жергілікті халқы – қазақтардың
саны 8 млн 913мың адамды құрайды. Қазақстанда 20ғасырда полиэтникалық қоғам
қпалыптасты. 30-жылдардың басынан 50 жылдарға дейін болған қуғын-сүргін,
департация, арнайы қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эвакуация,
тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көп ұлтты халықтың құрамы пайда
болды. Бұл жағдай республика бойынша 20 ғасырдың екінші жартысындағы
демографиялық дамудың көрсеткішін анықтады. 2006 жылдың 1-ші желтоқсандағы
есеп бойынша, 15 миллион 381 мың адамның 9 миллион 96 мыңы немесе 59 пайызы
қазақтар. Сонымен қатар, Ерболат Мұсабек азайып және көбейіп келе жатқан
ұлттарды да атап өтті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, 11 айда табиғи және
миграциялық жағдайларға байланысты орыстар 32 мыңға, украиндер 7700 адамға
кеміп кеткен. Ал республикада саны жөнінен 4-ші орында тұрған өзбектер
керісінше, 10 мың адамға өсіп, өткен жылғыға қарағанда 2,3 пайызға артқан.
Бұл Қазақстандағы әр түрлі ұлттар арасында әзірше, ең жоғарғы көрсеткіш
болып отыр дейді ол. Сондай-ақ, Ерболат Мұсабек қазақтардың 11 айда 2
пайызға өскендігін де айтты.
90-жылдардан бастап қазақтардың саны арта бастады. Қазақтардың санының
артуы, негізінен, табиғи өсімнің есебінен, себебі оның үлесі жалпы өсімнен
75%-дық көрсеткішке ие. Сонымен қатар байырғы халықтар санының көбеюінен,
шет елдерден тарихи Отандарына оралған қазақтардың есебінен толығуда.
Қазіргі кезде жалпы халық санының 58,6 %-нан астамын қазақтар құрайды.
Аймақтар бойынша қазақтардың саны(ұлттық құрамының 60 %-дан астамы)
Қазақстанның оңтүстігі мен батысында басым, атап айтқанда, Атырау,
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында көрсенткіш 83 %-дан 95 %-ға жетеді.
Орыс диаспорасының көп тұратын аймағы(ұлттық құрамының 40 %-дан астамы)
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар
облыстары.
Қазақстанда 40-тан астам діни ағымдар бар. Республикада 3 әлемдік
діндерге мінажат етушілер кездеседі. Олар – ислам, христиан және буддизм
діндері. Солардың ішінде ислам (сунниттік бағыт) және
православие(христианның бір бағыты) дініндегілер басымырақ.
Халықтың этникалық құрамына қарай республикадағы ең ірі топтарға жеті
ұлт өкілдері – қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар,
ұйғырлар жатады, олардың үлесіне халықтың жалпы санының 95 %-і келеді.
Қазақстан халқының құрамында қазақтар саны жағынан көп ұлт болып табылады,
олар  53,4 %-ті, орыстар үштен бірін құрайды.
Республиканың байырғы халқының саны 1999 жылдан бері 640 мың адамға
артты, ол негізінен табиғи өсімнің есебінен болды, оның үлесіне жалпы
өсімнің 75 %-і келеді. Осы уақыт аралығында халықтың жалпы санындағы
өзбектердің үлес салмағы — 0,3 %,  ұйғырлардың үлес салмағы –  0,1 %,
 әзірбайжандардың үлес салмағы — 0,1 %-ке  артты.    Немістердің үлес
салмағы 0,9 %,  украиндардың  үлес салмағы — 0,7 %, орыстардың үлес салмағы
— 3,3 %,   татарлардың үлес салмағы — 0,2 % -ке кеміді. Өткен жылдардағы
сияқты, жекелеген ұлттар бойынша халықтың табиғи азаюы байқалып отыр. Соңғы
он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты
1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын
(53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр
15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты
өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың
(62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер
66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының
мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар,
12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы
халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген,
т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақтарды
демографиялық тасқын күтіп тұр. Ол тек қазақтарды ғана емес, мұсылман,
түркі тілдес өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, дүнген халықтарын да күтіп тұр.
Бірақ та ең жақсы көрсеткіш қазақтарда болып тұр. Өйткені қазақтар негізгі
халық ретінде өсіп келеді, — дейді Мақаш Тәтімов. 2003 — 2004 оқу жылында
республика мектептерінің 2980,1 мың оқушыларының ішінен ана тілінде оқыған:
ұйғыр -20,3 мың.(0,7 пайыз), өзбек – 86,4 мың. (2,9 пайыз), тәжік -2,9 мың.
(0,09 пайыз), украин -165 оқушылар.
2005-2006 оқу жылы 2 778 077 оқушылар ішінен, қазақ тілінде – 1 594 019,
орыс тілінде — 1 07 971, ұйғыр тілінде — 17 525, өзбек тілінде — 82 974,
тәжік тілінде — 3 225, украин тілінде – 178, неміс тілінде – 485 оқушылар
оқиды.
59 жексенбілік мектептерінде ана тілін факультативте немесе үйірмеде 2597
оқушы оқиды: неміс — 644, корей — 322, иврит — 173, татар — 244, поляк
-327, украин -169, армян — 92, грек — 45, әзірбайжан — 99, шешен — 85,
белорус — 63, казак диалекті — 46, чуваш — 28, болгар — 25, қазақ — 120,
орыс — 53, парыс(иран) — 20, дагестан — 15, тәжік — 14, чех — 13.

2-бөлім.
Еңбек ресурстары.
Экономикалық белсенді халыққа(жұмыс күші) – материалдық құндылықты
өндіруге, қызмет көрсетуге қабілетті 15 жастан жоғары барлық тұлғаларды
жатқызамыз. Қазақстанда экономикалық белсенді емес халықтар арасында
әйелдер саны көп, олар 62 % шамасында. Көпшілігі зейнеткерлер, күндізгі
бөлім оқушылары мен студенттері.
Аумақтық көлемде экономикалық белсенді халық деңгейі Солтүстік
Қазақстан(76,1 %), Жамбыл(75,6 %), Қостанай(75,5 %) облыстарында жоғарғы
көрсеткіштерге ие. Одан төменірек көрсеткіш Алматы қаласында(62,6%), Астана
қаласында (64,8 %) және Шығыс Қазақстан (65 %), Маңғыстау(68,4 %), Атырау
облыстарында(68,8 %). Ел экономикасында 7,2 млн адам жұмыспен қамтылған.
Ерлер саны 52 %-ды, әйелдер саны 48 %-ды құрайды.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз
етілгендер саны 32 %. Индустриалды секторда(өнеркәсіп пен құрылыста) 18 %,
оның – 12,3 %-ы өнеркәсіптік кәсіпорындарда.
Сауда, мейрамхана, қонақ үй бизнесінде, қаржы саласында, т.б коммуналдық
салаларда қызмет көрсететін адамдар 23 %, білім және денсаулық сақтау
салаларында 14 %-ға жуық, мемлекеттік басқару органдарында 4,5 %-ы қызмет
етеді.
Жалдамалы жұмысшылардың 18,8 %-ы өнеркәсіпте, көлік және байланыс
салаларында 8,7 %, құрылыста 7,6 %, білім саласында 14,7 % және денсаулық
сақтау мен мемлекеттік басқаруда 7 %-дан келеді. Республиканың еңбек
нарығында өз бетімен жұмыс істеушілер де бар. Ауыл шаруашылығын қоспағанда
(66 %), өз бетімен жұмыс істеушілердің көпшілігі саудада, автокөліктерді
жөндеу, тұрмысқа қажетті заттарды шығару орындарында(21,4 %) қызмет етеді.

Қазақстанда әйелдер арасындағы жұмыссыздық –9,5%, ерлер арасында – 6,7
%болса, жастар арасында(15-24 жас) – 13,4 %. Жұмыссыз жүргендердің ішінде
20-24 жас аралығындағылар басым(олар жұмыссыз тұрғындардың 20,3 %-ын
құрайды).
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 15-24 жас арасындағы жұмыссыз
адамдар үлесінің осы жастағы экономикалық белсенді халықтың санына
шаққандағы пайызжық көрсеткіші.
Қазақстан аумақтары бойынша жұмыссыздар көрсеткіші әртүрлі. Жұмыссыздар
саны оңтүстік және батыс облыстарда 9 %-дан артады. Тұрақты жағдай шығыс
және орталық облыстарда. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында бұл
көрсеткіш 7 %-ға жуық.
Осыған орай республикамызда аймақтық еңбек биржалары, жұмыспен
қамтамасыз ететін агенттіктер мен жұмыссыз жүргендерге арнап мамандық
курстары ашылып, олардың өз біліктілігін жетілдіруге жағдай жасалып отыр.
Жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың тағы бір реті – олардың мамандық
таңдай білуі, жастарға кәсіптік бағдар беру.
Еліміздің экономикасын дамытуға инженерлік және техникалық мамандар
қажет.%%% Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстан
халқының бiлiмдiлiк индексi мен сауаттылық көрсеткiшi жоғары деңгейде.
199091 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент
оқыған болса, 19992000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал
ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жеттi. Соңғы он жылдықта жергiлiктi
тұрғындардың бiлiм алуында серпiлiс пайда болды. Әрбiр 1000 адамның 126-сы
жоғары бiлiмдi. Әсiресе, студенттер санының қазақ жастары есебiнен күрт
өсуi 90-жылдардың басынан басталды. 1.5. Қазақстанда ер балалардың дүниеге
келуi басым болғанымен әйелдер саны 30 — 34 жастан бастап айтарлықтай
көбейедi. 60 — 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда,
республикада әйелдер саны ерлерден басым
 
Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%.
Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта
бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары
бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта
бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн
мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық
жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке
меншiк (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазiргi
кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды.
Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462,4 мың
оқушы); өзбек тiлiнде — 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тiлiнде — 14
мектеп (22,3 мың оқушы); тәжiк тiлiнде — 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин
тiлiнде — 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп
бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып
табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi.

 Дегенмен, Қазақстандағы демографиялық жағдай тұрғындардың қартаюына,
сондай-ақ ішкі өсімнің түсуіне, сырттан еңбекке жарамдылардың келуіне
байланысты экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2012 жылға қарай 8
миллион 344,6 мыңға, ал 2015 жылға қарай 8 миллион 238,7 мыңға түсуі мүмкін
деген болжам бар. Мұндай жағдайда қосымша жұмысшы күшіне қажеттілік 500 мың
адамға артады.
. Мәселен, 2004 жылы денсаулық сақтауды қаржыландыру 131 миллиард теңге
болса, бюджетте үстіміздегі жылы осы мақсаттарға 391 миллиард теңге
көзделген.
Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында емдеу мекемелерінің осы заманғы медициналық
құрал-жабдықтармен жарақтануын жақсарту, халықтың жекелеген топтарына тегін
берілетін дәрі-дәрмектер тізімін кеңейту, 156 денсаулық сақтау нысанын,
соның ішінде 144-ін ауылда салу көзделген.
Қазақстанның білім беру жүйесінің ахуалын талқылауды ұсынды.
– Орта білім беруде шешуші тұлға мұғалім болып табылады. Педагогтардың
еңбекақы жүйесі бұрынғысынша жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген
деп санаймын. Біз Үкіметке оны нарықтық экономикаға бейімдеу, түпкі
нәтижеге бағдарлау жөнінде ұсыныс енгіздік, Қазақстанда қазір әкімшілік
реформа жүріп жатыр, ол мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жұмыс
сапасына тәуелді болуын көздейді. Мұндай көзқарас медицинада да, білім
беруде де болуы керек, – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
– Халықтың әлеуметтік жағдайы ешқандай да нашарламайды. Үкімет мұнай
экспортына алым енгізді. Осы арқылы әлеуметтік қажеттерге арналған 170
миллиард теңге толығады. Сондай-ақ тұрғын үйден, денсаулық сақтау және
білім беру мекемелерінен, индустриялық-инновациялық жобалардан басқа
бірқатар нысандардың құрылысын тоқтата тұрып, тағы 100 миллиард теңгеге
жуық үнемдеуге болады. Осылайша, Ұлттық қорға тиіспестен, біз әлемдік қаржы
дағдарысының ықпалын еңсере аламыз, – деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Одан да басқа, барлық санаттағы балалар құқығын және мүдделерін қорғауға,
Бала құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы ережелерінің, Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасы Заңнының
және басқа нормативтік құқықтық құжаттардың атқарылу кепілдігіне жолданған,
іс-шаралар бағытын қамтамасыз етуге мүмкін ететін, 2006-2011 жылдарға
арналған Қазақстан балалары Мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттін шығын бөлігі 2003 жылдан бастап әрдайым
өседі.
Егер 2003 жылы әлеуметтік салаға шығындар ІЖӨ -ға қатысты -11,18 пайыз
құраса, онда 2006 жылы- ІЖӨ -ға қатысты11,84 пайыз (2006 жылдың 1 наурызы
бойынша). 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығын бөлігі –
41,34 пайыз құрайды.
Бала құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясының маңызды нормаларының бірі болып
білім алу құқығы болады.
Сондықтан Баяндамада конвенцияның бұл нормасы ерекше жан-жақты баяндалған.
Балалардың білім алу құқығын іске асыру мақсатында, Қазақстан
Республикасында 2005 – 2010 жылдарға арналған білім берудің Мемлекеттік
даму бағдарламасы қабылданды. Жалпы оның іске асырылуына 2005 жылы 43,2
млрд теңге, 2006 жылы – 64,9 млрд.теңге қарастырылды.
Репатрианттардың (оралмандардың) білім алу конституциялық құқығын
қамтамасыз етуге республиканың жалпы білім беретін оқу орындарында 2005-
2006 оқу жылдарында 44 548 оралман балалардың оқытылуы ұйымдастырылды,
соның ішінде, бастауышта – 15 053, негізгіде -22 910, жалпы білім беретін
мектептің жоғарғы табалдырығында — 6553 және 32-бала мүгедектері.

Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаландырылуы, еңбекті
интенсивтендіру деңгейінің артуы, өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа
ұшырауы, тіпті соның кесірінен жабылып қалуы, сондай-ақ мамандандырылудың
біржақты жүргізілуі – осындай себептерден жұмыссыздық асқына түсері мәлім.
Мысалы, 2006 жылдың үшінші тоқсанының мәліметтеріне сүйенсек, Астанада
тұратын жасы 15 және одан жоғарыдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық
саны 302,3 мың адамға жеткен екен. Бұл 2005 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 10,2 мың адамға артық, яғни 3,5 пайыз көп. Мұндағы ерлер
үлесі 50,3 пайыз (152,0 мың адам) ал әйелдер 49,7 пайыз (150,3 мың адам)
болды.
Атқарылып жатқан мақсатты іс-шаралардың нәтижесінде бұл салада айтарлықтай
ілгерілеу байқалады. Оның жарқын мысалы, өткен жылдың үшінші тоқсанында
278,7 мың адамның жұмыспен қамтылғанынан көрінеді. Алдындағы жылғы кезеңмен
салыстырғанда 10,0 мың адамға көбеюі әлгі сөзімізге айғақ болатындай.
Демек, жұмыссыздар саны аз да болса кеми түскені істің оңға басқанын
аңғартады.
Астана халқының жалпы санына шаққанда жалдамалы қызметкерлер саны 91,4
пайыз, яғни 254,7 мың адам құрайды. Ал өз бетінше қызмет істейтіндер 8,6
пайыз ғана. Осының өзінен жұмысты тұрақты істейтіндердің қатары молығып,
нығая түскені сезіледі. Бұл дегеніңіз жақсылықтың белгісі. Адамдардың
осындай амалмен орнықты көңіл-күйін сапаластырудың маңызы зор екендігі
белгілі. Бүгінгі нан-несібемді қайдан табамын деп, дүдәмал күйде
жүретіндердің санаты азайған сайын қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың
тұрақтылана түсетіні де кәміл.
Енді жалдамалы қызметкерлердің қандай меншік нысандарында жұмыс істейтінін
саралап көрелік. 127,1 мың адам (жалпы санның 49,9 пайызы) мемлекеттік
ұйымдарда, 116,6 мың адам (45,8 пайыз) мемлекеттік емес ұйымдарда, 11,0 мың
адам (4,3 пайыз) жеке тұлғаларда өз нәпақаларын тауып жүр. Бұдан шығатын
қорытынды не? Әлі де болса шағын және орта бизнес саласының кенжелеп дамып
отырғанынан олардағы жұмыспен қамту көрсеткіштерінің төмен екендігі
бесенеден белгілі бола түседі. Осы жерде мынадай жақсы мысалды сыналап
кетудің еш артықтығы жоқ. Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың
құрылымындағы жұмыс берушілердің үлесі 33,1 пайызға жетіп, олар 7,9 мың
адамды еңбекке жұмылдырып отыр екен. Байқайсыз ба, өз беттерімен кәсіп
ашып, соған өзгелерді тарта білу, әрине, … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!