Қазақстан халқының этникалық құрылымы слайд,презентация

0
207

Қазақстан халқының этникалық құрылымы слайд,презентация

Қазақстан халықы

Қазақстандағы мұңдай демографиялық ахуалдың қалыптасуы белгілі демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша солтүстік батыстан ағылған төмендегі миграциялық ағындармен байланысты болса, олардың тарихи хронологиясына жүгінейік: 1)  Қазақстанның солтүстік-батыс аймақтарыңда бастапқы казактардың қоныс тебуі 200 мың адам, яғни XVII ғ. бастап – өлкені отарлаудың басталуы; 2) Қазақстан территориясыңда отарлау линиялары бойында (Горький, Ертіс, Жайық линиялары) әскери бекіністерді салу және ол жерлерге жазалаушы әскерді жанұяларымен қоса қоныстандыру (125 мың адам XVIII); 3) Ресейдің еуропалық бөлігінен Дала өлкесінің шұрайлы жерлеріне шаруалар мен переселеңдерді жаппай қоныстандыру (XX ғасырдың басына дейін, Столыпиннің жер реформасын қоса жалпы көлемі 1 млн. 150 мың адам); 4) Ресейдің ішкі бөлігінен ауған діни қуғындалушылар -староверлер, кержактар және баптистер (150 мың адам, XIX ғ. арты —XX ғ. басы); 5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тәркілендіру барысында кедейленген депортанттар (250 мың адам, XX ғ. 20-30-жыддары); 6) Азамат соғысы жылдарында Сібір, Орал және Волга аймағынан келген әскери жалдамалылар (100 мың адам); 7) Индустрияландыру жылдары маман жинақтауды ұйымдастыру барысында келгендер (1 млн. 250 мың адам XX ғ. 30-жылдары); Мәтіндегі ақпараттарға сүйеніп картамен жұмысты істе. Қазақстан халқының ішінде ең саны үлкендері 7 ұлт – қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олар ел халқының 95,6%  құрайды. Кейбір этностардың аймақтар бойынша орналасуы әркелкі. 2009 жылғы санақ бойынша қазақтардың үлесі Қызылорда облысында 95,3 %, Оңтүстік Қазақстан облысында 72,3 %, Маңғыстауда 88,2%, Ақтөбеде 79,4%, Батыс Қазақстан облысында 72,2%, Жамбылда71,4%;   сәйкесінше аталған облыстарда орыстардың үлесі төмен. Орыс ұлтының өкілдерінің үлесі жоғары облыстар Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан. Өзбектердің 87,9% Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Ұйғырлардың 95,8% Алматы және Алматы облысында, немістердің 70% астамы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында, ал кәрістердің 80% астамы Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында шоғырланған.   Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны – татарлар. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар – 65,2%,орыстар – 21,8%, өзбектер – 3%, украиндар – 1,8%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,2% , немістер – 1,1%, корейлер – 0,6%, түріктер – 0,6%

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!