Қазақстан – 2050 – Бір ел, Бір халық, бір тағдыр — Сценарилер — Bilim

0

Қазақстан – 2050 – Бір ел, Бір халық, бір тағдыр

ОҚО Шардара ауданы Ұзын Ата ауылы

Ұзын Ата жалпы орта мектебі ұйымдастырушы

педагог Мырзабаева Бибігүл Төлегенқызы

«Қазақстан – 2050 –Бір ел, Бір халық, бір тағдыр» атты өнер фестивальінің сценарийі.
Мақсаты: Оқушыларға өз отанын сүюге, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық слайд, тақырыбы, түрлі түсті шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, іс-шараға қажетті құрал-жабдықтар.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар!
2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, өнер сүйер халқым!
1-жүргізуші: «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінде үлкен қуаныш мереке!
2-жүргізуші: «Қазақстан – 2050 – Бір халық, бір тағдыр» атты өнер фестивальіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Олай болса, «Қазақстан – 2050 – Бір халық, бір тағдыр» атты өнер фестивальін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Олай болса, өнер фестиваліне арнайы келіп отырған қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Шамеева Гаухар Қарасайқызы

2. Оқушылар үйінің директоры: Машқалов Сұңқар Ділләбайұлы

3. Саз мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі: Әбдиева Ақтолқын
2-жүргізуші: Шырқап ән, түгел дауыс көмекейден,

Сайра тіл ағыл-тегіл, салған жерден

Келіңдер, кел жолдастар, ән шырқайық,

Жойқын үн жатсын тарап біздің елден
1-жүргізуші: Арта берсін байлығың мен дәулетің,

Бағын тапқан ата-баба-әулетің.

Күннен-күне өсе берші көркейіп,

Оңтүстігім-менің атамекенім
2-жүргізуші: Е.Хасанғалиев «Атамекен» (Жеке орындауда:Айту Нұрғалым) орындайтын хор
1-жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, арың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

Сахнаға «Ақ көгершін» өнер байқауының бас жүлде иесі 5А сынып оқушысы Отар Тәңірбергенді шақырамыз! Ж.Мұқанов: «Туған жер»
2-жүргізуші: Ал кәмнәі өнері бар қаншалықты,

Тамсандырып біздің Айжан ән салды.

Бүгінгі кереметтей мерекеге,

Қыздарымыз аянбай жан салыпты – дей отыра сахна төріне аудандық «Елім менің» атты өнер байқауының бас жүлде жеңімпазы 4В сынып оқушысы Көпжан Айжанды «Көңілді күн» әнімен шақырамыз!
1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға шалқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қошеметпен аруларды қарсы алайық. Қазақ халқының көне ұлттық биі «Дай-ди-дау»

Орындайтын «Ақ көгершін» өнер байқауының бас жүлде жеңімпаздары «Томирис» бишілер тобын қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй дей отыра – 7Б сынып оқушысы Қарыисақ Мөлдірді шақырамыз!
Ән: «Қазақ елі осындай»
1-жүргізуші: Түркістан екі дүние есігіғой,

Түркістан ер түріктің бесігіғой

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түрікке тәңір берген несібі ғой

Қазақта ең бірінші батыр да өткен

Қазақта ең бірінші ақында өткен

Қазақтың ең бірінші ханы да бар

Ең алғаш тақтың дәмін татып өткен

Келесі тамашалайтындарыңыз көрініс «Абылайды хан сайлау»
2-жүргізуші: Қазақстан дейтін елім бар менің

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Ән «Елім-ай» орындайтын 7 Б сынып оқушысы Әміртағай Аққанат
1-жүргізуші: Шешендік, көсемдік бар тілімізде,

Оттылық, тектілік бар өзімізде

Ұрпағымыз-жаңа өмір, жаңа ғасыр

Жарасып тұр түрімізде-күлкіміз де

Пародия 10 Б сынып оқушысы Лесбекова Қаламқас
2-жүргізуші: Жас спортшы атанамыз,

Жақсы әдетте жаттығамыз

Спортпенен шұғылданып

Денсаулықты жақсартамыз

Алдарыңызда спорттық шоу, Цирк өнері. Акробаттар мен клоундардың өнерін тамашалаңыздар
1-жүргізуші: Қазақ халқының кең пейілділігі мен бауырмалдылығының арқасында еліміз көп ұлттың өкілдеріне алтын бесік болып отыр. Оңтүстік өлкеміздің халқы-өнері тұла бойына дарыған, даналығы тасыған, қазыналы халық. Біз осындай қасиетті өлкенің тарландарымыз.
Келесі тамашалайтындарыңыз заманауи корей биі: «Край-край».Орындайтын: Тәңірхан Айткүл
2-жүргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз

Ынтымақ, достық, береке-

Бағымыз біздің жайнаған-

Ынтымақ, бақыт дарыған-

Шатыққа толы мереке
Достық биі. Орындайтын: «Томирис» би тобы
1-жүргізуші: Қазақстан – қасиетті мекенім

Өзіңді жырлап өтермін

Елім үшін,жерім үшін жан пида

Республика, Отаным, Атамекенім
Ән «Жаса Қазақстан» орындайтын дует (Пердебай Бағдаулет, Заманов Даулет)

2-жүргізуші: Алдарыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесерміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау болыңыздар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!
1-жүргізуші: «Бір халық» — бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдде
2-жүргізуші: «Бір ел» — бұл барлығымыз үшін ортақ Отан
1-жүргізуші: «Бір тағдыр» — бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
2-жүргізуші:

Бір ата, ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз
1-жүргізуші:

Біз бәрімізге тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген Қазақстандықтарымыз, Қазақстан-біздің қасиетті мекеніміз. Біз көппіз және бәріміз-бір Елміз, бір халықпыз

Бүгінгі «Қазақстан-2050-Бір ел, Бір халық, бір тағдыр» атты өнер фестивальі өз мәресіне жетті

Енді сөзімізді қонақтарымызға береміз

Сөз Шамиева Гаухар Қарасайқызына беріледі.