Қазақша Тәрбие сағат: Жігіт сұлтаны кім?

0

Жезқазған қаласындағы
№21 білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Баршагүл Тәжібаейқызы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Жігіттің сұлтаны кім?” саралаңыз
Мақсаты:Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқау шарты: Ø «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі». (Өзін таныстыру.)

Ø «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.)
Ø Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.)
Ø «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)
Қойылатын талаптар:
Ø Ұлттық киім.
Ø Сахна мәдениеті.
Ø Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші: Береке де осында,
Мереке де осында.
Болыпжатыр той-думан
Қырандардың қосында.
1-жүргізуші: Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін, алыстарға самғаңдар
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Ендісайысқатүсетінжігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерінтаныстырады. Жігіт b]сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді
2-жүргізуші: Ей жігіттер!
Сендергеартарміндеткөп.
Көтербиікатасалтынқұрметтеп
Ақтайбілсеңата-баба үмітін
Әрбірсөзі – тәлімі мол бірмектеп.
Сұрақтар: Нөмірленгенасықтардағысұрақтарғажауап беру.
№1 асық. Төрттүлік мал пірініңаталуықалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбарата
3. Қой – Шопаната
4. Ешкі – Шек-Шеката
5. Сиыр – Зеңгі баба
№2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

№3 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
1. Жылқы – құлын
2. Сиыр – бұзау
3. Қой – қозы
4. Ешкі – лақ
№4 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын
атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
№6 асық. Аттың ер-тұмандарынанелержатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
1-жүргізуші: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)

2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, — демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
1. Салмақ тасын көтеру.
2. Мойын арқан тартпақ.
3. Білек күшін сынау.
2-жүргізуші:Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.
(Әнорындалады)
1-жүргізуші: Жылдар-жылдартарихтың мол беттері,
Сен әкелгенжақсылықтаркөптегі.
Көңіліңдішатсезімгебаурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
(Тарихитұлғалар, ескіұғымдартуралысұрақтарғажауапберу)
Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.
№1 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№2 асық. Жетіатаныталдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№3 асық. Ұлттықойындардыңтүрлерінатапшық.
Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.
Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)