Қазақша Тәрбие сағат: Халықаралық отбасы күні (Отбасы — өмір аясы)
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу.
3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары.
Тәрбие сағатының барысы.
Серік Арайлым «Аққу» биі
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы — өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді
1-жүргізуші: Әке деген — биік шыңы адамның,
Әке деген — тірегі ғой ғаламның,
Әке деген – бойыңда аққан қаныі да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Уалишер Тоқтар – Әкелер әні
1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Абдимана Саматұлы Бралинге беріледі.
2-жүргізуші: Айғаным -Жаңаарқа вальсі
2-жүргізуші: Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп бой түзейді.
1-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
2-жүргізуші: Серік Махаббат пен Жаңыл өзбек биі
2-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Ұлы Абай бұл туралы
«Ата-анаға көз қуаныш-
Алдына лаған еркесі,
Көкрегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен
1-жүргізуші: Бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеуова Шайзат Дүйсеновнаға беріледі.
Серік Жаңыл – Балалық шақтың бекеті
2-жүргізуші: Енді біз көрермен қауыммен ойын ойнасақ дейміз. Ортаға 4 ер азамат келсін. Осы кісілер халықтың арасынан 4 қыз алып шықсын. Ойын шарты мынадай. Сіздерге қазір жасырын қағаздар беріледі. Ол қағазда жұбыңызбен қандай би билейтіндігіңіз жазылған. Әр жұп билеп болған соң бағасын көрермендер береді. Көрермендер көп шапалақтаған топ жеңіске жетеді.
2-жүргізуші: Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
1-жүргізуші: Ақ жаулығың қымбат маған анашым
Тілегімсің, сүйенішім панамсың,
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол мейірімді данамсың.
Өмірзақ Арай –Ана жүрегі
1-жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандаға айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасасын.
2-жүргізуші: Кесу тобы – биі
1-жүргізуші: Күлкі көңіл ажары деген екен,
Күлкі адамға әрқашан керек екен.
Ойын –сауық отауы «Тамашадай»
Күлдірудің өзі бір өнер екен
Тамаша сахнада
2-жүргізуші: Біз тағы да көкрермендермен ойын ойнамақпыз. Бізге ортаға жас отау иелері керек жұптарымен. Ойын шарты мынадай: Жұбайының арқасына мақал жапсырып қоямыз. Ал ері сол мақалға бір аяқпен секіріп барып мақалды оқып, жалғасын табуы керек. Бірінші келіп мақалдың жалғасын дұрыс тапқан жұп жеңіске жетеді.
Серік Махаббат пен Мүгірова Бифатиманағ орындайында үнді биі
1-жүргізуші:О, ата-анам, Таяныщым тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
2-жүргізуші: Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Түркебай Мөлдір мен Уалишер Тоқтардың орындауында Қос бәйтерек әні.
1-жүргізуші: Осыменен «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылар күніне арналған кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі кездескенде қош сау болыңыздар.