Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр — Жеңіс күні

0

Тәрбие сағаттың Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру

Бастаушы:
— Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ұлы Жеңіс» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариалаймыз.

Мұғалім:
Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
Ту ұстап, баян тартып, барабан соққан оқушылар шығады.

Ту ұстаған оқушы:
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.

Оқушы:
— Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Толық нұсқасын жүктеп алыңыз!