Қазақша Тәрбие сағат: 1 Маусым — Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балалар)

0

«Бар мейіріміміз балаларға» лагерьдің ашылу салтанаты
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар !
Бүгінгі №100 мектеп-интернат жанынан ашылып отырған «Айгөлек» күндізгі тынығу лагеріне қош келдіңіздер!
1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран:
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
Балаларды қорғау дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.
«Бар мейіріміміз балаларға!» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Келесі сөз «Айгөлек» тынығу жетекшісі Пшанова Айгүл апайға береміз.

Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар

Хор: «Лагерь жыры»
Әдеби –музыкалық монтаж
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді – балалар мерекесіне арнап Нұрберді Олжастың орындауында «Бал бала» қабыл алыңыздар

Әдеби музыкалық монтаж

Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі

«Анашым» әні орындайтын Сәдір Аманбек
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген

«Қара жорға» биі бір топ бишілер

Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің

«Қызыл гүлім-ай» орындайтын Абылай Ақжол

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып

Өзбек биі Асқар Перизат

Талайлардың шырқалады жыр әні,
талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
«Сыныптастар құрдастар» 4 сынып оқушылары
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Абылай Ақжол

Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

«Спорттық би» бір топ бишілер
Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.

«Ақ мамам» орындайтын Альбина,Сәнім

Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде.
Би «Ламбада» бір топ бишілер
«Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Карчалова апайға береміз.

Тәрбиеленушілердің әжесі балаларға арнап ақ батасын берді.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!