Қазақша тақпақ: Жақсы адам боп шығамыз

0

Қазақша тақпақ: Жақсы адам боп шығамыз казакша Қазақша тақпақ: Жақсы адам боп шығамыз на казахском языке

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен, —
Тәрбиеші тәтеміз.
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген
Көптің қамын ойлауды

Тәрбиеші тәтеміз.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз,
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.

О.Асқар