Қазақша тақпақ: Қазақстан картасы

0
95
Advertisement

Қазақша тақпақ: Қазақстан картасы казакша Қазақша тақпақ: Қазақстан картасы на казахском языке

Анау – Жайық өзені,
Анау жатқан – Атырау.
Бәрі сенің өз жерің,
Өз суларың, батыр-ау.
Туған жердің тынысын
Ұққын орман нуынан.
Алтынды Алтай – шығысың,
Қыран ұшқан шыңынан.

Оңтүстігің – Алатау,
Биіктерін қар басқан.
Алатауда ақ отау,
Алматыға жалғасқан.
Жерің түгел бақша-бау,
Соны сүйіп өс, ұлым.
Бір жағыңда – Ұлытау,
Өр жағыңда – Есілің.

Жер қабылдап таң нұрын,
Береді елге байлығын.
Осы жердің барлығы –
Қазақ жері, ай-күнім.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз