Қазақша тақпақ: Қазақстан

0

Қазақша тақпақ: Қазақстан казакша Қазақша тақпақ: Қазақстан на казахском языке

Қазақстан дейтін, менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Автор: Нұрлан


Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?


Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!


Қазақ елі

Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.


Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы

Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң,
Бақытты өмір сүреміз.


Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің қызымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.


Азаттық жері, Қазақтың елі,
Шаттыққа толы бүгінгі төрі.
Достықты берік, еткен бір серік,
Бейбіт күн тұрсын сәлесін төгіп.


Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектебі КММ-сінің
2″в» сынып оқушысы: Галламов Рауан
Жетекшісі: Курмангалиева Динара Нурлыгаиновна

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел — Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!


Менің Отаным — Қазақстан

Отаным менің — Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым.

Найзаның ұшымен қорғаған,
Халқым менің мықты ғой.
Ата-бабам әрқашан,
Салт — дәстүрін сақтаған.

Әрбір қазақ батыры,
Желбіреткен көк туын.
Кен байтақ жерге қазағым,
Егін егіп, мал жайған.

Күзде піскен егінді,
Жинап алып ас қылған.
Аман болсын ел — жұртым,
Тыныш болсын Отаным.

Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Жантеке ауылы.
Канатова Аружан
3-сынып оқушысы