Қазақша тақпақ: Кім жомарт? Не жомарт?

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
«Т.Аубакиров атындағы ЖОМ»
2 «Ә» сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна
— Кім жомарт?
— Елбасы жомарт
Бар халықты басқарған.
— Не жомарт?
— Ай мен жұлдыз жомарт
Қараңғыдан сақтаған.
— Кім жомарт?
— Ата-ана жомарт
Бар баласын асыраған.
— Не жомарт?
— Көктем жомарт
Табиғатты оятқан.
— Кім жомарт?
— Ұстаз жомарт
Бар шәкірке мейірім төккен.