Қазақша тақпақ: Ит, күшік

0

Қазақша тақпақ: Ит, күшік казакша Қазақша тақпақ: Ит, күшік на казахском языке

Күшігім

Алматы облысы, Панфилов ауданы
«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ-сінің
1″Ә» сынып оқушысы: Султанай Нурай
Жетекшісі: Алпысбаева Тоғжан Ыдырысқызы

Күшігім менің ақтабан,
Бекер қарап жатпаған.
Сиыр кірсе аулаға,
Аулаққа қуып тастаған.

Тыным таппай жүр едің,
Шәуілдеп кеп үредің.
Күншуақтап жата ғой,
Біраз тыным ала ғой.


Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.


Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз