Қазақша тақпақ: Бақа

0
208

Қазақша тақпақ: Бақа казакша Қазақша тақпақ: Бақа на казахском языке

Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.

Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ?
Қырдан алыс көп қарап,
Көзім содан тостақ.

Бақа, бақа, балпақ,
Бұтың неге талтақ?
Көп отырдым ерініп,
Бұтым содан талтақ.