Қазақша тақпақ: Анашым

0

Қазақша тақпақ: Анашым казакша Қазақша тақпақ: Анашым на казахском языке

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.


Анамызды сыйлайық,
Жақсы оқушы болайық.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік алайық
«Күншуақ» газетіне
Күн нұрындай жарқырап
Шуақ шаштың, «Күншуақ».
Білімнің биік төріне
Бұлақ аштың, «Күншуақ».
Әрбір бетің бір әлем,
Қызыққа толы «Күншуақ»,
Бар балаға жақынсың,
Жарқырай бер, «Күншуақ».

Ана саған көп рахмет
Жан балам деп еркелеткен,
Бесікте бізді тербеткен
Ардақты да аяулы
Ана саған, көп рақмет!


Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым