Қазақша тақпақ: 6 Шілде — Астана күні | 6 Шілде

0

Қазақша тақпақ: 6 Шілде - Астана күні казакша Қазақша тақпақ: 6 Шілде - Астана күні на казахском языке

Ел ордам менің – Астана,
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.


Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткен ұлы, неткен кең,
Қазағымның даласы!


Ардақталды Астанам,
Мәртебелі бас қалам.
Көркейе бер күн сайын,
Алға қарай, бас қадам.


Астана қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Қандай керемет тамаша,
Менде бар ғой бас қала.

Оның аты Астана,
Астананы қараса.
Жүрегім соғады тамсана,
Менің елім астана.


Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4 сынып оқушысы Дүйсенбай Фариза
Сынып жетекшісі: Алимкулова Лаззат

Ел ордам менің – Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген – Астанам.

Арайлы таң астанам,
Бір өзіңмен мақтанам
Есіл өзен бойымен,
Көркейген менің жас қалам.


Алтын күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы: Қорғұлсұлтан Дамир Дидарұлы
Сынып жетекшісі: Қойшыбекова Гүлзипа Молдаханқызы

Астана, арман қала, жас қала!
Кең аланың ортасында орналасқан.
Астана – Отанымның бас қаласы,
Астанада Бәйтерек бар даңқы асқан.

Армандаймын мен бала кезден,
Астананы білсем екен, көрсем екен!
Орындалатынын арманымның, сенемін мен –
Тәңірім ұзақ ғұмыр берсе екен !


Ару қалам, Астанам!
Бой көтерген жас қалам.
Бәйтеректің биік шыңы,
Ерекше қой басқадан.


Арайлы таң Астанам,
Тек өзіңмен мақтанам.
«Бәйтерек» пен «Ақорда»
Жас та болса, бас қалам.


Отанымның төрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам Астанам!


Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да.


Астанам-менің мақтаным
Сенен мұнда бақ қалың
Куәгері болармыз
Ең тамаша шақтардың