Қазақша тақпақ: 25 Қазан — Республика күні | Қазақша тақпақ: 25 Қазан

0

Қазақша тақпақ: 25 Қазан - Республика күні казакша Қазақша тақпақ: 25 Қазан - Республика күні на казахском языке

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.


Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?


Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!


Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.


Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.


Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол — Ұлт күні, Қазақ күні!