Қазақша тақпақ: 1 Қыркүйек — Білім күні (Алғашқы қоңырау)

0

Қазақша тақпақ: 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау) казакша Қазақша тақпақ: 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау) на казахском языке

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.


Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.


Б
иыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.


Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.


Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.


Білім керек бәріне

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
«Т.Аубакиров атындағы ЖОМ»
2 «Ә» сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна

Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.


Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!


Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя-мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – аннам мектебім

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толындар,
Ел мақтаны болындар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың


Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем,қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен..


Отанның біз ұл-қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.


Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына


Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.


Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн… Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн…Бүгін соңғы қоңырау!


Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз…Қоңырау үнін қатты сағындым! Мектебімді, ұстаздарымды сағындым…


Қызыыыық! Біз адамдар өткенімізді неге сонша тез ұмытқыш келеді екенбіз!? Қазір ойлап қарасам, оқушылық өмірден еске түісіп отырғаны тек мына жыр шумақтары екен:

Мектебің мынау,классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың…


Соқ,соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды,сылдырлайды соңғы қоңырау!


Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.


Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде — бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!