Қазақша слайд – Жүзім сорттарының өнімділігін анықтау – презентация

0
237

Зерттеу орыны

Тәжірибе “Агроуниверситет” ОТШ жағдайында жүргізілді. Ол теңіз дең-гейінен 1080 м биіктікте орналасқан. Тәжірибеде зерттеуге алынған нұс-қадағы барлық сорттар 2х1 м сұл-басымен отырғызылған. Тәжірибе 4 нұсқадан және әрқайсысы 3 қайта-ламадан тұрады.

Зерттеу мақсаты

Тау бөктерінде орналасқан “Агроуниверситет” оқу тәжірибе шаруашылығында өсіп жатқан сорттардың тиімділігін анықтау

Зерттеу мақсаты

Тау бөктерінде орналасқан “Агроуниверситет” оқу тәжірибе шаруашылығында өсіп жатқан сорттардың тиімділігін анықтау

Зерттеу міндеттері

фенологиялық фазаларды өту кезеңдерін бақыау

Сабақтарының орташа  ұзындығын анықтау

Жеміс шоғының орташа салмағын анықтау

Бір түптегі жеміс шоғының орташа санын анықтау

Бір түптің өнімділігін анықтау

1 гектардағы өнімділікті анықтау

Жидектерінің механикалық құрамын талдау

Жидектерінің химиялық құрамын, соның ішінде қант және қышқыл мөлшерін анықтау

Жүзім өнімінің тауарлық сапасын анықтау

Тауарлық өнімнің сату бағасына қарай жалпы түсімді анықтау

Жүзім сорттарының экономикалық тиімділігін анықтау

Зерттеу нысандары

v Алиготе – орташа-ерте пісетін француз сорты. Түптері орташа өседі. Жоғары сапалы шарап және шампан дайындауда пайдаланылады.

v Илийский – ерте пісетін шараптық сорт. Қазақ жеміс, жүзім шаруашылығы ҒЗИ-да Саперави мен Рислинг сорттарын будандастыру арқылы алынған. Асханалық және десертті шараптар дайындау үшін пайдаланылады.

v Ркацители – кеш пісетін грузин сорты. Одан жоғары сапалы десертті шараптар дайындайды. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында кеңінен таралған.

v Саперави – кеш  пісетін грузин сорты. Түптерінің өсу күші күшті. Асханалық және күшті шараптар дайындау үшін пайдаланылады.

“Агроуниверситет” ОТШ жағдайында кеш пісетін Ркацители және Саперави сорты қажетті қант мөлшерін жинау алмайды және жидектерінің сапасы төмен болады. Сол се-бепті тау бөктері аудандарында ерте және орташа-ерте пісетін сорттарды өсіруді ұсы-намыз.

 

Жүктеу