Қазақша слайд — Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралу — презентация

0

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ересек тұрғындар арасында созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің  таралуы, клиникасы және диагностикасы

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Йод тапшылық аудандардың бірі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ересек тұрғындар арасында САИТ-тың таралу жиілігін клиникалық, морфологиялық көрініс ерекшеліктерін зерттеу және алынған нәтижелер негізінде оның алдын алу және емдеу шараларын жетілдіру.

n

Зерттеу міндеттері

1.Қалқанша безінің морфологиясын зерттеу  (сот-медициналық сараптама зерттеулерін қолдану) негізінде созылмалы аутоиммунды тиреоидитке тән қалқанша безінің құрылымдық ерекшелігін анықтау.

2.Жемсаумен ауыратын  науқастарда қалқанша безін пункциялық биопсия жасау негізінде созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралу жиілігін анықтау.

3.Қалқанша безінің құрылымын ультрадыбысты зерттеу негізінде   созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің жиілігін бағалау.

4.Созылмалы аутоиммунды тиреоидитпен ауыратын науқастарда үшйодты тиронин, тироксин, тиреотропты гормондар концентрацияларына  сәйкес қалқанша безінің функциясын бағалау.

5.Тиреопироксидазалық антидене концентрациясының жыныс және жас ерекшеліктеріне сәйкес диагностикалық құндылығын бағалау.

6.Созылмалы аутоиммунды тиреоидит ауруымен ауыратын науқастардың клиникалық ерекшеліктерін бағалау.

nҚорғауға шығарылған негізгі жағдайлар

1.Созылмалы аутоиммунды тиреоидит — өзіне тән клиникалық, гормондық және метаболизмдік өзгерістерімен сипатталатын  және гипотиреозбен шектелмейтін жеке нозологиялық ауру.

2.Созылмалы аутоиммунды тиреоидит — Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қаланың ересек тұрғындары арасында кең тараған ауру.

3.Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің тұрғындардың арасында  таралу жиілігін нақтылы бағалауға жаппай белсенді тексеру тәсілі  тиімді.

4.Созылмалы аутоиммунды тиреоидит диагностикасын нақтылауда тиреопероксидазалық антиденені анықтау мен қалқанша безіне аспирациялық пункциялық биопсия жасаудың маңызы зор.

5.Созымалы аутоиммунды тиреоидиттің клиникалық белгілері негізінен қалқанша безінің функциональдық және морфофункциялық жағдайымен байланысты. Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің гипертрофиялық формасынды эутиреоз өте  жиі, гипотиреоз сирек, ал хаситоксикоз мүлдем сирек кездеседі. Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің атрофиялық формасымен ауыратын науқастарға субклиникалық және манифесті гипотиреоз тән.

6.Созылмалы аутоиммунды  тиреоидитте қалқанша безінің көлемінің ұлғаюы оның функциональды жағдайына сәйкес келмейді және ол науқастың  жұтынуы мен дем алуына кедергі келтіреді.

n1 кесте — Шымкент қаласы ересек тұрғындарының жасы мен жынысына  сәйкес ерекшеліктері

n2 кесте —  Зерттеу топтарындағы әр түрлі жастағы ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшеліктер

nШымкент қаласындағы САИТ-пен ауыратындардың жиілігі

nЖаппай тексеруде анықталған
САИТ-тың таралу жиілігі

nЖаппай тексеру мен өзі келіп тексерілгендердің арасындағы САИТ-тің жиілігі

n

n

n

nЭхографиядағы аутоиммунды тиреоидитке тән өзгерістер

nЖіңішке инемен алынған аспирациялық биопсия материалдары өзгерістерінің жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес жиілігі

nҚБ  пункциялық биопсиясының нәтижесі бойынша САИТ-тің таралу жиілігі

nСАИТ диагнозын нақтылауда әртүрлі зерттеу әдістерінің маңызы

nҚалқанша безін патоморфологиялық тексеру нәтижесіндегі САИТ-тің таралу жиілігі

nҚалқанша безін патоморфологиялық зерттеуде анықталған  САИТ-тің таралу жиілігі

nҚалқанша безінің морфологиялық өзгерісі, гемотоксилин – эозинмен боялған, 200х

Қорытынды:

1.Созылмалы аутоиммунды тиреоидит Оңтүстік Қазақстанның ересек қала тұрғындары арасында кең таралған және оның таралу жиілігі барлық  тұрғындардың 9,1% құрайды. Созылмалы аутоиммунды тиреоидитпен көбіне әйелдер ауырады.

  1. Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралу жиілігін медициналық мекемелерге өздігімен келіп тексерілгендердің көрсеткіштері бойынша бағалау қате. Оның іс жүзіндегі таралу жиілігін анықтауға қалқанша безінің патоморфологиялық өзгерістерімен дәлелденген тұрғындарды жаппай белсенді зерттеу нәтижелері негіз бола алады.

3.Созылмалы аутоиммунды тиреоидит диагностикасын нақтылауда  қалқанша безі тіндеріне қарсы антиденелерді анықтау мен жіңішке инемен пункциялық аспирациялық  биопсия жасаудың маңызы ерекше. Зерттелгендерде тиреопероксидазалық антиденелер титрі жоғары болумен қатар, созылмалы аутоиммунды тиреоидитке тән  цитограмма анықталса, онда оның диагнозы клиникалық сипатына тәуелсіз күмәнсіз болады. Егер, барлық «үлкен» критерийлер болғанымен созылмалы аутоиммунды тиреоидитке тән бұл қос өзгеріс болмаған жағдайда  аталмыш аурудың диагноз күмәнді болады және қайта тексеруді талап етеді.

4.Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің клиникалық көрінісі алдымен  қалқанша безінің функциональдық жағдайы мен құрылымдық өзгерістеріне тәуелді.

5.Гипотиреоз созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің жалғыз белгісі емес. Созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің гипертрофиялық формасымен ауыратын науқастардың көпшілігінде (64,2±1,2%)  қалқанша безінің  қызметі яғни, қандағы Т3, Т4, ТТГ концентрациялары айқын өзгермеген. Аталмыш аурудың гипертрофиялық формасымен ауыратын науқастардың 6,7±2,1% «хаситоксикоздың» клиникалық көрінісі байқалады.

  Ауруханада  созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің атрофиялық формасымен (37,7±3,3%) емделген науқастарда  негізінен субклиникалық және манифесті гипотиреоз клиникасы басым болады. 

  1. Қалқанша безінің гипертрофиялық формасы оның функциональдық белсенділігіне тәуелсіз жұтыну және тыныс алу бұзылыстарына соқтырады.

nПрактикалық ұсыныстар

  1. 1. Денсаулық сақтау ұйымдары созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің таралу жиілігін анықтау үшін қаланың жалпы тұрғындарының жасы мен жыныс ерекшеліктерінен айырмашылығы жоқ репрезентативті  топтар құрып  2-3 жылда 1 рет жүргізілетін жаппай белсенді тексеру нәтижесіне сүйенулері қажет.
  2. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит диагностикасын нақтылауда тиреопероксидазалық антидененің титрі мен пункциялық аспирациялық биопсия көрсеткішінің маңызы зор. Тиреопероксидазалық антидененің жоғары диагностикалық титрі мен қалқанша безінен алынған цитологиялық пунктаттың созылмалы аутоиммунды тиреоидитке тән өзгерісі қосарласып кездесуінің маңызы басқа «үлкен» белгілерімен салыстырғанда басым.
  3. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит диагнозын нақтылауда оның барлық «үлкен» белгілері оң болғанымен тиреопероксидазалық антидене мен пункциялық биопсияның нәтижелері  теріс болса  аталмыш аурудың диагнозы  күмәнді болады. Бұл жағдайда тиреопироксидазалық антидененің титрі мен  пункциялық аспирациялық биопсияны  қайта  зерттеу қажет.
  4. Егер, созылмалы аутоиммунды тиреоидиттің кез келген басқа «үлкен» критериінің бірімен тиропироксидазалық антидененің жоғары титрі немесе қалқанша безінің цитологиялық өзгерісі қосарласа анықталса аталмыш аурудың диагнозы негізді болып есептеледі.

Жүктеу