Қазақша слайд — Бидайдың мерзімінен бұрын өніп-өсу факторына α-амилазаның тигізетін әсері — презентация
КІРІСПЕ
Бидайдың мерзімінен бұрын өніп-өсу факторы табиғатта кең таралған құбылыс. Нәтижесінде бидай толық жетілмейді және оның тұтынушылық сапасы төмендейді. Бұл процесс ауа-райының қолайсыз әсерлеріне байланысты(төмен температура, жауын-шашын, жоғары ылғалдылық). Бұл тек Қазақстанда ғана емес(әсіресе, солтүстік облыстарда), сонымен қатар дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің алдында тұрған өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бидайдың мерзімінен бұрын өніп-өсу факторы құрамындағы α- амилазаның синтезімен де тікелей байланысты.
Мақсаты: бидайдың мерзімінен бұрын өніп
өсу факторына қатысатын α- амилаза
ферментінің белсенділігін анықтау.
Міндеттері:
климаттық жағдайларға байланысты α-амилаза ферментінің белсенділігін зерттеу;
әр түрлі бидай сорттарындағы жалпы амилаза ферментінің белсенділігін анықтау;
амилаза ферментінің изоэлектрофоретикалық нүктесін анықтау.
Зерттелетін әр түрлі бидай сорттарын арнайы климокамераларда температура және ылғалдылық жағдайларда бақылаған күйде өсірдік. Күндізгі температура +18°С, ал кешке +10°С, ылғалдылық тұрақты мәнде -80%-ті құрады. Бақылау ретінде дән масақтары қолданылды. Бақылаудағы және тәжірибедегі дәннің 3, 4, 7 және 11 күн йод-крахмалды әдіспен α- амилаза және жалпы амилаза белсенділігін анықтадық
ҚОРЫТЫНДЫ
Бидайдың мерзімінен бұрын өніп-өсу факторын зерттеу үшін бидай дәндерінің құрамындағы α-амилаза ферментінің белсенділігі анықталды.
Төмен температура және ылғалдылық жағдайымен өңдеуден кейін, осы факторларға жоғары тұрақтылық және төзімділік көрсеткен 4 сорт және 1 линия анықталды. Оларға: Скарлет , Лютесценс 70 Лютесценс 314, Лютесценс 157 және №138 озимая жатады.
Қолайсыз жағдайлармен өңдеудің 7-ші тәулігінде жоғары белсенділік көрсететін, жоғары изоэлектрлік нүктеге (ИЭТ) ие α-амилазаның изоферменттік құрамының ерекшеліктері зерттелді.
Пісіп-жетілу кезеңіндегі немесе бидай дәнін сақтау кезеңінде масағында бидай дәнінің өніп-өсу эффектісі α-амилаза ферментінің синтезіне байланысты болатыны анықталды.