Қазақша слайд — «БанкЦентрКредит» АҚ-ның құрылу тарихы — презентация

0

«БанкЦентрКредит»АҚ-ның құрылу тарихы

1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.

Банктің республикамыз бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдар мен бөлімшелері арқылы заңды тұлғалар мен жеке адамдарға қызмет көрсетеді.

Банк ішінде бизнес-клиенттерге теңгемен және валютамен тегін ақша аудару. Банктің бірегей қызметі – «Жедел түсім» жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді.

Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл Сізге өз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды.

1996 жыл, қарашада Банк «Банк ЦентрКредит» ААҚ ретінде қайта тіркелді.

1996жыл,қазан Банк Ақтау қаласындағы теңіз портын қайта өңдеу үшін бөлінген 54 млн. USD мөлшеріндегі ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша өкіл ретінде таңдалды.

1996жыл,маусым Банк Western Union ақша аударымдары жүйесінің Орталық Азия және Қазақстан бойынша өкілі болды.

1995жыл,мамыр Қазақстандық Интернационалдық банк Chase Manhattan Bank-тен және Қазақстан Республикасы Үкіметінен 100 % акция пакетін сатып алды.

1994жыл,қыркүйек Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ЕҚДБ несие желісін басқару бойынша агент ретінде – екі Қазақстандық банктің бірі болып арнайы өкілеттікке ие болды.

1993жыл,қараша Банк Қазақстан Қор Биржасының мүшелігіне кірді.

1991жыл,тамыз Банк Қазақ Акционерлік ЦентрБанк ретінде қайта тіркелді.

1988жыл, қыркүйек КСРО-ның алғашқы кооперативтік банктерінің бірі – Алматылық Орталық кооперативтік банк құрылды.

Банктің миссиясы.

ЦентрКредит Банкі – әмбебап банк, оның негізі мақсаты – Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі шағын және орта бизнесті дамытуға және орта кластың құрылуына ықпал ету. Банктің әрбір қызметкерінің негізгі міндеті – клиенттерімізге кәсіби, сапалы және жылдам қызмет көрсету.

Қазіргі кезде лидерлі банктердің бірі– «ЦентрКредит Банкі» АҚ-мы өз клиенттеріне мынадай несиелеудің түрлерін ұсынады:

1 Жекелеп несиелеу;

2 Шағын бизнесті несиелеу.

Жекелеп несиелеудің бірнеше несие түрлері бар. Мысалы: «Стандарт» ипотекасы, «Экспресс» несиесі, «Личные наличные», автокөлікті несиелеу, «Экстренный» несиесі, кепілге депозит қойылған несиесі, VIP-клиенттерді несиелеу, «Қажет болар», «Пәтер плюс» ипотекалық несиелеу және «Сенім несиесі» сияқты несие түрлері бар. Ал енді олардың әр қайсысына оңаша тоқталайық.

«Стандарт» ипотекасы

Бағдарламаның ерекшелігі:

— өтініш жедел (3 күн ішінде) қаралады.

— клиент банктің арнайы сайты арқылы электронды өтінішін жіберіп,  үйден  шықпай-ақ несие алуға өтініш бере алады.

— тұрғын үйді несие бойынша шешім қабылдағаннан кейін де таңдауға болады.

— Қазақстанның кез келген қаласынан үй сатып алуға мүмкіндік бар.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу қарызы теңгеде және АҚШ долларында 25 жылға дейін беріледі. Клиенттің келісімімен жылжымайтын мүлікті құру үшін– қарыз сомасы теңгеде және АҚШ долларында 15 жылға берілсе, ал жылжымайтын мүліктің ішіне ремонт жасау үшін берілетін қарыз ұлттық валютада немесе АҚШ долларында 10 жылға беріледі.

– несиелеу кезінде клиент кепіл ретінде алынатын мүлікті қойса, онда қарызгер бастапқы жарнасын төлеуге міндетті. Бастапқы жарна төмендегідей болады:

— тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша алынатын мүлік бағасының 30 пайызынан төмен болмауы керек;

— банк қызметкерлері үшін тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша алынатын мүлік бағасының 15 пайызынан төмен болмайды.

— мүлік эксплуатациясының мерзімін 50 жыл мерзімінен асырмау қажет. Сонымен бірге кепілге қойылған мүлікке келесідей талаптар қойылады:

— кепіл мүлкі мекеменің барлық бөлмелерін жылытатын электрлік, су, газ сияқты жылу жүйелеріне қосылуы тиіс;

— мүліктің байланыс жүйесімен қамтамасыз етілуі және оның дұрыстығы;

— бастапқы құны 40 пайыз немесе одан көп болса, онда мүлік эксплуатациясы шектелмейді;

— бастапқы құнды қарызгердің жеке шотына аудары дұрыс болады.

        Сонымен қатар қарызды бастапқы жарнасыз беруге болады. Егер қосымша өзін қамтамасыз ететін затты қойса. Осыған байланысты қарыз сомасының қатынасы объектілердің өзіндік нарықтық бағасының 70 пайызынан аспау қажет. Сондай-ақ негізгі қарыз сомасының 30 пайызы өтелген болса, онда клиент қосымша қамтамасыз етуден босатылады. Бірақ негізгі кепіл затының кепілдік құны негізгі қарыздың қалған сомасын жабуы керек. Егер кепілге басқа ликвидті қамтамасыз ету заты қойылса, сонымен бірге қарыз сомасы тұрғын үй және коммерциялық объектілер бойынша кепілге қойылған заттың нарықтық бағасының 70 пайзынан аспауы қажет. Несиені беру қарызгердің төлем қабілеттілігіне анализ жасау арқылы беріледі.

«Экспресс» несиесі

Қарызгердің төлем қабілеттілігіне байланысты қарыздың максималды сомасы 300 000 теңгеден аспауы қажет, ал банк қызметкерлеріне берілетін несие сомасы орташа айлық жалақысының 1000% құрайды. Сонымен бірге ай сайынғы жарнасының сомасы жалақының 50 %-нан аспауы қажет.

— Қарыз мерзімі: 36 ай

— Қарызды берудің негізгі шарттары болып мыналар:

— төлемге қабілетті гарант жалақысын «БЦК» арқылы алуы немесе «Капитал» ЖЗҚ-ның салымшысы болуы;

— клиенттің 6 айдан кем болмайтын еңбек стажының болуы табылады.

— Қарызды қарастыру мен рәсімдеу үшін қарызгер мен гарант келесідей құжаттарды банкке тапсыру қажет:

— жеке куәлігінің көшермесі;

— СТН

— СИК

— несиені алуға өтініш жазу.

— берілген қарыз бойынша сыйақы мөлшері несиелер бойынша бекітілген сыйақы мөлшеріне сәйкес болуы қажет;

— берілген өтінішті қарастыру 1 күннен аспауы керек;

— филиалдың директоры тәуекелдің жоғарлануына байланысты сыйақы мөлшерін көтеруге құқылы.

«Личные наличные» несиесі

«Личные наличные» несиесі өтініште ешқандай мақсаты көрсетілмеген, кепілсіз жеке тұлғаларға берілетін несие болып табылады.

Қарыз беру шарттары:

қарыз біздің ұлттық валютада беріледі, яғни теңгеде;

несиелеу мерзімі 3 айдан-36 айға дейін;

максималды қарыз сомасы 100 000 теңге;

сыйақы мөлшерлемесін Бас офистің Несиелік Комитеті анықтайды.

Несиені рәсімдеуге қажетті құжаттар:

жеке куәлігі;

СТН;

СИК;

Егерде клиент туралы мәліметтері мекен-жай бюросының мәліметтерімен сәйкес келмеген жағдайда, клиенттен тұрғын үй кітапшасының көшірмесін түпнұсқасымен алып келуін талап ету;

ЖЗҚ АҚ «Капитал» мен шарттасқан, міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақыны қамтамасыз ету туралы келісім-шарттың көшірмесін талап ету.

Банкте ашылған жинақ, ағымдағы есепшоты немесе карт-шоты арқылы еңбекақы алатын клиенттерге жеңілдік берілуі соңғы 6 ай ішінде карт-шотынан, жинақ немесе ағымдағы шотынан есеп менеджерінің қолымен және штампымен куәландырылған көшірмесін талып ету. Сонымен қатар қарызды толық мерзімінен бұрын жабу мүмкіндігі бар. Ал жекелеп мерзімінен бұрын қарызды жабуға мүмкіндік берілмейді. Клиенттің соңғы жұмыс орнындағы үздіксіз еңбек тәжірибесі 6 айдан аз болмауы қажет.

 

Автокөлікті несиелеу

— Автокөлік үшінші бір тұлғадан немесе автосалоннан алынуы мүмкін;

— толық және жарым-жартылай қарызды төлеу автокөлікті иеленетін адам немесе үшінші бір тұлға төлеуге құқылы;

— кепілдікке жылжымайтын мүлікті қойса, онда қарыз теңгемен 10 жылға беріледі;

— сатып алынатын жаңа шетел автокөліктерін кепілге қоған жағдайда, қарыз теңгеде немесе АҚШ долларында 5 жыл мерзімге беріледі;

— егер клиент сатып алынатын автокөлікті кепілген қойған болса, онда ол өз ақша қаражатынан төлейтін бастапқы жарнасы автокөлік бағасының 30%-дан төмен болмауы қажет. Бастапқы жарнасының төленуі қарызгердің жеке шотының көшірмесімен немесе кепілдік сомасы төленгені туралы келісім-шарттың боуымен расталады;

— қолданған автокөлікті сатып алу қарызы– кепілге қойылған жылжымайтын мүліктің нарықтық бағасының 70%-нан аспауы қажет;

— автокөлікті сатып алу қарызы– қарызгердің кірісін растайтын құжаттармен рәсімделеді;

— несиелеудің міндетті талабы болып– сақтандыру табылады;

— қарыздың төменгі сыйақы мөлшерлемесі Бас офистің өкілетті комитетімен анықталады.

«Экстренный» несиесі

— қарыз теңгеде және АҚШ долларында 10 жыл мерзімге беріледі;

— минималды сыйақы мөлшерлемесі өкілетті комитетпен бекітіледі;

— өкілетті Несиелік Комитетінің шешімімен негізгі қарыздың өтелуі есептелген сыйақы мен ай сайын, аннуитетік есеппен жүргізіледі;

— өтеудің жай графикалық түрін қолдануға мүмкіндік бар;

— кідіртуге болмайтын қарыздың түсінігіне– ешқандай мақсаты көрсетілмеген, қарызгердің өзінің жеке мұқтаждығына байланысты алынатын қарызды жатқызамыз;

ҚР-ның заңдарына және Несие саясатына қайшы келмейтін клиенттің көптеген мақсаттарына байланысты несие ресурстары қолданыла береді.

— Мақсималды сомасы 500 000 АҚШ доллары немесе теңгедегі эквивалентті сомасы;

— Қарыздың барлығы кепілге жылжымайтын мүлікті қойған жағдайда ғана беріледі. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке келесі талаптар қойылады:

— тек цементті немесе тасты фундаменті бар ғимараттардың болуына;

— басқа пәтерлер мен үйлерден кепілге қойылған мүліктің асбөлмесі мен санузелі бөлек болуы қажет;

— кепілге қойылған мүлік ғимараттың барлық бөлмелерін жылытатын электр, су, газ сияқты жылу жүйесінің барлық түріне қосылуына;

— есік, терезелер мен үй шатырының түгел және дұрыс болуына;

— пәтерге сапалы қызметті қамтамасыз ететін барлық байланыс түрлерінің болуы және оның дұрыстығына.

— қарыз сомасы кепілге қойылған мүліктің бағасының 50%-нан аспауы қажет;

— кепілге қойылған жылжымайтын мүлік міндетті түрде Банктің атауымен көрсетілген сақтандыру компаниясында тіркелуі керек.

— сонымен қатар, кейінге қалдыруға болмайтын қажеттіліктерге берілетін қарыздары да беріледі:

— қарыздар қарызгердің төлем қабілеттілігін анықтау барысында беріледі,

— несиені рәсімдеу кезінде қарызгер банкке қажетті құжаттарды тапсыруға міндетті:

— қарызды беруге мәлімдеме жасау;

— жеке куәлігінің көшірмесі;

— СТН көшірмесі;

— СИК көшірмесі;

— қарызгердің кірістерін куәландыратын құжаттар.

«Кепілге депозит қойылатын» несиесі

Қойылатын шарттары:

— кепілге депозит қойылған несиелеу– уақытылы, қайтарымды, төлемді және қамсызданған талаптарға байланысты коммерциялық негізінде жүзеге асырылады;

— несиенің максималды сомасы мына формуламен анықталады:

несие сомасы= депозит сомасы– несие бойынша 1-ші 4 айлық сыйақы мөлшер.

Депозит мерзімі сұралған несие мерзімінен аз болған жағдайда депозит мерзімін ұзартуға қажет болады. Бірақ, депозит мерзімі сұралған несиенің мерзімінен аз болмауы қажет. Депозит мерзімі несиелеу мерзімінен 3 жұмыс күнінен аз болмайтын мерзімде болуы тиіс.

— кепілге депозит қойылған қарыздар қарызгердің төлем қабілеттілігі мен несие өтімділігін бағалаусыз-ақ беріледі;

-несиенің сыйақы мөлшерлемесі депозиттің жылдық сыйақы мөлшерлемесінің 3%-нан жоғары болуы қажет.

— несиені әзірлеу барысында, алдында ашылған депозиттің талаптарын сақтай отырып, депозит кепіл депозитіне қайта әзірленеді;

— кепілді қоятын адам– қарызгер не болмаса үшінші бір заңды және жеке тұлға болуы мүмкін;

— кепілге депозит қойылатын несиелеу кезінде, қарыздың соңғы мерзімі көрсетілген негізгі қарызды өтеу графигін қолдануға болады.

Қарызды беру тәртібі:

Несие сұранысын қарастыру үшін клиентке мынадай құжаттарды банкке ұсыну қажет:

— кепілге берілетін қарызды беру үшін өтініші;

— жеке куәлігінің көшірмесі;

— СТН көшірмесі;

— депозиттегі ақша қаражатын кепілге қоюға берілетін жұбайының келісімі міндетті түрде болуы қажет, егер сұралатын несие сомасы 13 млн. теңгеден көп болса;

— егер, сұралатын несие сомасы 13 млн. теңгеден аз болса, онда жұбайының келісімі керек, керек еместігін филиалдың бірінші директоры шешеді.

 

VIP клиентерді несиелеу

VIP-клиент– ол келесі талаптарға сай келетін жеке тұлға:

— банк үшін басты клиент;

— банк онымен ұзақ мерзімді қарым-қатынаста болуына сенімді;

— оның төлем қабілеттілігі ешқандай күмән келтірмейді.

VIP клиент негізінде:

— банктің корпоративті клиенттердің заңды менеджерлері;

— банктің корпоративті клиенттірдің ірі акционерлері;

— көрсетілген тұлғалардың жақын туыстары;

— басқа да банкке қадірлі клиенттер бола алады.

Банктің әрекет ететін несие саясатына сәйкес несиелеу үшін, VIP клиент түрінде банкпен ерекше қарым-қатынстағы бола алмайды.

VIP клиенттерді жекелеп несиелеудің негізгі шарттары:

— клиенттің келісімі бойынша қарыз 2 жылға ұлттық валюта– теңгеде және АҚШ долларында беріледі;

— қарыз бойынша қамтамасыз ету– несиенің міндетті талабы болып есептеледі;

— клиенттің келісімі мен қарызды өтеу графигі құрастырылады.

Ипотекалық несиелеу «Пәтер плюс»

«Пәтер плюс» бағдарламасы– үйі бар, бірақ өз үйін сатып алып, ипотекалық несиені рәсімдеу арқылы өзінің баспана мәселесін жақсартып алғысы келетін клиенттерге арналған.

— қарызгер банкке келген кезде, бірінші оның сатып алатын тұрғын үйіне және сонымен қатар, сатуға арналған қолда бар мүлікке бағалау жүргізіледі;

— бастапқы құнын беру талап етілмейді;

— қарызгер бір уақытта екі несиені рәсімдей алады және олар бойынша бір негізгі досьесі жүргізіледі;

— бірінші несие ең көп дегенде 6 айға беріледі;

— қарыз сомасы өз үйінің нарықтық құнының 70 пайызынан аспауы керек;

— берілген несие бойынша сыйақы мөлшері Бас офистің Несиелік Комитеті бекіткен максималды сыйақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс;

— бұл несие бойынша кепілге сатуға дайындаған үй қойылады, сонымен қатар бұл мүлік қарызгердің немесе басқа үшінші бір тұлғаның иесінде болуы мүмкін;

— несиені беру барысында негізгі қарыздың соңғы мерзімі көрсетілген өтеу графигі мен ай сайынғы төленетін пайыздары жүргізіледі;

— бірінші қарызды өтеу қолда бар мүлікті сатудан түсетін қаражаттар есебінен жүргізіледі;

— екінші несие– бірінші несие сомасын алып тастағанда, сатып алатын мүлік бағасының сомасына рәсімделеді және несие қарызгердің келісімімен 25-жылға беріледі;

— несиенің мына түріне жүргізілетін сыйақы мөлшері Бас офис бекіткен минималды сыйақы мөлшерінен төмен болмауы қажет;

— несиенің кепілі ретінде сатып алынатын мүлік болады. Сатып алатын мүліктің меншік иесі ретінде қарызгердің өзі, не болмаса үшінші бір тұлға бола алады және оған рәсімдеу құқығы беріледі.

«Қажет болар» жекелеп несиелеудің лимиті

Ұсыну шарты:

Жекелеп несие беру лимиті– бекітілген лимит мөлшерінің сомасынан аспайтын, еш мақсаты көрсетілмейтін жеке тұлғаларға берілетін несие болып табылады.

— Максималды лимит мерзімі 20 жыл, сонымен бірге бұл мерзім шектелуі мүмкін, егер қарызгер зейнеттік жасқа шығатын болса, онда өтеу мерзімі зейнетке шығардан бір жыл бұрын жабылуы қажет;

— лимит теңгеде және АҚш долларында бекітіледі;

— көрсетілген несие бойынша максималды сома 500 000 АҚШ доллары;

— лимитті ашу, өтінішті қарастыру және қарызды беру сияқты қызметтері үшін берілетін комиссия мөлшері банк тарифына сәйкес болады;

— соңына дейін қолданбаған лимит үшін, комиссия ұсталмайды;

— лимитті қамтамасыз ету кепілзатына Қазақстанның қалаларындағы тұрғын үй немесе коммерциялық жылжымайтын мүлікті жатқызуға болады, сонымен қатар Алматы, Астана қалаларына тиісті қайтару мерзімі 50 жылдан аспауы қажет.

Лимиттің төңірегіндегі несиелеу берілген қарыздың пайыздық сыйақы мөлшері, жекелеп несие беру лимиті бойынша бекітілген сыйақы мөлшеріне сәйкес жүргізіледі. Өкілетті Несиелік Комитетінің шешімімен мынадай мүмкіндіктер бар:

— 6 айға дейін өтеудің жай графигін қолданған негізгі қарыздың төлемін кейінге қалдыруға болады;

— әрбір қарыздың мерзімі лимит мерзімімен шектеледі;

— негізінен қарыздың максималды мерзімі– 10 жыл;

— лимиттің максималды сомасы келесі формуламен анықталады:

 

                          қарызгердің ай сайынғы таза табысы

лимит сомасы =  –––––––––––––––––––––––––––––– * лимит мерзімі         (1)

                                                2 

 

мұндағы лимит мерзімі аймен көрсетіледі.

Лимиттің максималды сомасы жылжымайтын мүліктің бағалық құнының 50 пайызынан аспауы қажет.

«Сенім» несиесі

Бұл несие түрі клиенттерге өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін беріледі.

— несиенің мерзімі 3 жыл;

— қарыздың максималды сомасы 1000 000 теңге;

— несиенің мына түріне жүргізілетін сыйақы мөлшері Бас офис бекіткен минималды сыйақы мөлшерінен төмен болмауы қажет;

— міндетті түрде қарызгердің жалақысын куәландыратын құжатта жұмыс орындағы бастығының немесе бас бухгалтерінің қолы және кәсіпорынның мөрі болуға тиіс.

Қарызды беру тәртібі:

Несие сұранысын қарастыру үшін клиентке мынадай құжаттарды банкке ұсыну қажет:

— кепілге берілетін қарызды беру үшін өтініші;

— жеке куәлігінің көшірмесі;

— СТН көшірмесі.

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнесті дамытумен байланысты «ЦентрКредит Банкі» заңды тұлғаларға несиелеудің негізгі 4 түрін ұсынады. Оларды мына кестеден көрсек болады.

«ЦентрКредит Банкі» АҚ-мы ұсынатын шағын бизнесті несиелеуге байланысты несиенің түрлері
«БанкЦентрКредит»АҚ-ның өтімділігіне қарай 01.01.09.-01.01.10жж.активті операцияларының құрылымын талдау мың тг

Қорытынды

Жыл басында 332507

Жыл сонында 129854

Жоғары өтімді активтер;

Бұл көрсеткіш  кеміун көрсетіп тұр яғни 22% кеміп тұр Кему себептеріне әлемдік дағдарыстың тиізгені көрініп тұр және ҚР инфляция денгейі жоғары болғанына байланысты

Өтімді активтер;

Жыл басында 99080 Жыл сонында 166522

Бұл көрсеткіш 23% өсуін көрсетіп тұр яғни банктің ішкі саясаты дурыс жүргізгенің білдіреді

Ұзақ мерзімді активтер;

Жыл басында 21999 Жыл сонында 21628

Бұл көрсеткіш банктің активтері ақша қаражатына айналғаның білдіреді демек жағымды факт болып саналады

2010 жылдың басы мен соңындағы комерциялық банкілердің баланс активтерінің құрамы мен құрылымына талдау

Қорытынды

Барлығы Жыл басында10 15275 Жыл сонында 1036395

Яғни 75741 тг азаюда ол 5%

     Касса және оған тенесетің ақшалай қаражаттар  8%- ға төмендеу себебі ҚР да инфляция днгейіңің жоғары блғанына байланысты осы көрсеткішті көрсетті

Несиелер 2%- ға өскенің көрсетіп тұр  бұл банктің маркетинг және менеджмент жұмысы дұрыс бір қалыпта жүргізгендігің көрсетеді және несие операциялары жеке заңды тұлғалар арасында дұрыс ұйымдастырылды

Бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар 5%- ға өсті оның себебі клиенттердің артық қаражаттары болуы

Банктің ғимараты мен жабдықтары 1%-ға өсті өсу себебі бұл клиеттердің несие төлемеген есебінен кепілге қойған мүлкіне арестер көбеюің көрсетеді

Центр кредит банктің 2010 есепі жылдағы міңдеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау

Қорытынды

Центркредит банкінің 2010 есепті жылдағы міңдеттемелердің құрамы мен құрылымын талдау жасай отырып мынадай нәтижеге келдік

Барлық міндеттемелер жиыны

Жыл басында 1134266

Жыл сонында 1057450

Бұл көрсеткіш 76816 тг кемігенің көрсетіп тұр.

Кореспондеттік шоттар және банктердің салымдары 2% өсті бұл көрсеткіш банк салымдары дұрыс ағымда болғанын көрсетеді.

Жалпы  ҚР үкімет және ҚР ҰБ займдары , Шығарылған борыштық бағалы қағаздар,  Банк және банк операциялар желел түрлері жүзеге асыр ұйым алдыдағы борыштар, Басқа да міндеттемелер, жылдын басымен салыстырғанда өзгерген жоқ.

2010 есепті жылдағы Центр кредит комерциялық банктің меншікті капиталының құрылымын талдау

Қорытынды

Центркредит банкінің меншікті капиталын талдау жасау барысында   мынадай қортындыға келдік

Барлық капитал жиыны

Жыл басында 76790

Жыл сонында 77865

Яғни меншікті капитал бір қалыпты болғандығын білдіреді ол банктің тұрақтылығын көрсетіп тұр.

`2010 есепті жылдағы Центркпедит коммерциялық банктің жылдың басы мен соныңдағы жағдайы кезінде авнсталған капиталының құрамы мен құрылымын талданыз

Қорытынды

 

2010 есепті жылдағы Центркпедит коммерциялық банктің жылдың басы мен соныңдағы жағдайы кезінде авнсталған капиталының құрамы мен құрылымын талдай отырып мынадай қорытындыға келдік

Жылдын басында банктің меншікті капиталы 76790 мың болды ал жыл сонында 77865  мың тенгені көрсетті демек 1075 мыңға өсті себебі банктің озінің капиталдарының өтімділігі жоғары  болғандығын білдіреді.Жәнеде жыл басымен аяғын салыстырғанда сырттан тартылған қаражаттар 1 % азайды  мүмкін бұл делозитке акша қаражаттары аз салынғандықтан болуы тиіс.

Ұсыныс

Кәзіргі нарықтық экономикада біз алдынғы қатарда болуымыз үшін биз бәріміз бірге өзіміздің үлес салмағымызды корсетуіміз керек.

Мысалы: біз өзіміздің ақша қаражаттарымызды жастықтын астына тықпай оны айналымға жіберіп одан максималды пайда көруіміз керек.

Біз банк сабағын өтіп жатқандықтан мен ойлаймын және өзімнің ұсынысым инвестицияныз болып жатса оны Центркредит банкінің депозитіне салыныз.Және әрине менің ұсынысым Білім Министірлігіне болады ол эканомика саласында оқып және жұмыс істеп жүрген адамдарға жоғары денгейдегі мамандарды дайыңдауға жоғары үлес білдірсе.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстандық «ЦентрКредит» банкі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларының нәтижелері бойынша 1,222 млрд теңге таза пайда алды, бұл өткен жылдың сол мерзімдегісінен 38% аз, делінген банктің халықаралық стандарттарға сай қаржылық есебінде.

2011 жылдың басынан бері банктің активтері 6% азайып, 1-шілдеге қарағанда 1,154 трлн теңгені құрады, өзіндік капиталы 2%-ға, 86,6 млрд теңгеге дейін артты.

«ЦентрКредит Банкі» АҚ бүгінгі күні активтерінің көлемі жағынан Қазақстан бойынша төртінші орынға ие. Менің ойымша, бұл – үлкен жетістік. 2010 жылдың алғашқы тоқсанында «Deloitte» компаниясының тәуелсіз зерт-теулерінің нәтижесіне сәйкес, біздің банктің активтері – 1 233 млрд. теңгені, ал капиталы – 117 млрд. теңгені құрап отыр. Аталмыш сандар көрсетіп отырғандай, басымыздан өткерген дағдарыстың өзі банктің дұрыс таңдаған бағыты мен мықты менеджментінің арқасында аса ауыр қауіп төндіре алмады.

Назарларынызға рахмет

 

жүктеу