Қазақша слайд — 22 наурыз – жыл басы — презентация
Халық наурыз мерекесіне алдын – ала дайындалады. Киіз үйдің іші ескі,
қажетсіз заттардан тазартылады. Ыдыстардың барлығы айранмен, сүтпен
немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл тоқшылықтың белгісі.
Мереке сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып амандасса,
әйелдер құшақтасып амандасады. Сәлемдескен кезде «Жасың құтты болсын!»,
«Ұлыс береке берсін»-деген сияқты тілектер айтылады.
Құттықтау
Көктемнің жан сергітер самалы есіп,
Келіп тұр, наурыз тойы қағып есік.
Қырандай қиырларға қанат сермеп,
Жасай берсін туған ел – алтын бесік!
Қоян жылы ұрпаққа шуағың бер,
Үміті, шаттығы мол шығады үндер.
Мерейі үстем болып мектебіміздің
Мереке құтты болсын жиылған ел!
Ассоциация
Ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең, көзін аш!» деген сөздер айтылады.
Бұлақтардың қасына ағаштар отырғызылады. «Бір тал кессең, он тал ек!»
деген сөз осыдан шыққан болу керек.
Түсте бүкіл халық жеті түрлі тағамнан жасалған Наурыз көже ішеді. Дастарханға
дәстүрлі ет тағамдары қойылады. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы
тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын
алған. Бата – үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар:
«Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп, бата береді.
Кешке жақын жұрт үлкен айтысқа жиналады. Айтыс – ақындардың
домбырамен өлең жарысы. Оған үлкендер де, жастар да қатысқан.
Ақындар таң атқанша айтысады. Сөз жарысын Жақсылықты дәріптеген ақын жеңеді.
Жігіт:
Мінгені сылқымдардың берен екен,
Өнері талаптының өлең екен.
Сұрайын қайыруын айтып берші,
Бірінші жылға кірген немене екен?
Қыз:
Дүние ойлап тұрсам дұшпан екен,
Көрінде күнәсі оны қысқан екен.
Айтайын сұрағыңа анық жауап,
Бірінші жылға кірген тышқан екен.
Хормен:
Ой, пәлі – ай! Тауып айтты! Бәрекелді!
Қыз:
Ауылым қыстап отыр ой қараны,
Мереке күнде осындай той болады.
Биылғы жылдың атын айтып берші,
Білгеннен соң тағы да ой толады.
Жігіт:
Адамға құдай берер несібені,
Мына дос қалай-қалай көсіледі.
Біліп ал, мен айтаын мұның жайын,
Биылғы кірген жылың қоян еді.
Хормен:
Ой, бәрекелді! Көп жасаңдар!
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды.
Ән айтып, би билейді. Той тойға ұласады. Міне, Наурыз мерекесі осылай тойланады.