Қазақша шығарма: Жігітке жеті өнер де аз — Шығармалар — Bilim
Жамбыл облысы Талас ауданы
Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп–интернаты
9 сынып оқушысы Абдрасилова Ақжан
Жетекшісі: Адилова Дина
Қазақ халқы тәрбиеге аса қатты мән берген. Ұл баланы «Азамат», «Елдің қорғаны» деп бағаласа, қыздарды «Ырыс алды — қыз», «Қыздар болашақ ана, ұлттың анасы» деп ардақтаған.
Ал жігіттерге артқан сенімі ерекше болған. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен қасіретті шақтарда, қиын шақтарда ел намысын, ОТАНЫН, жерін, елін жігіттер қорғаған. Олар сондықтан, жастай шынығып, ширап, ширығып өскен. Қазақтың батыр жігіттерінің бойынан ақыл, айла, төзім, жігер, батырлық өте көп кездескен.
«Жігітке жеті өнер де аз» деген қазақ атамыз. Өнер, білім тек қатерлі күндерде ғана емес, бейбіт күнде де, жақсылықтарда да қажет екені белгілі. Әр қазақ өз перзентін түрлі өнерге баулыған. Олар шетінен әнші, ақын,балуан, етікші, аңшы, мерген болған. Көршілес қай елге, қай жерге барса да қазақ жігітерінің мерейі үстем, беделі асқақ болған.
Мұның барлығы өнердің арқасында жүзеге асқан. Қазақтың әр жігітіне өнер, білім артық болмаған. Олар үйренуден жалықпаған.
Қазаққа барлығынан артығы — адалдық, ар, ұят болған. Бойында адалдығы, ұят, ары, адамшылдығы бар жігіттерден үлкен өнегелі қасиеттер, ерліктер шыққан.
Бойында алуан өнері бола тұра сатқын болған, елді сатқан жігіттерден ел үміт күтпеген. Оларға күдікпен, күмәнмен қараған.
Қазір Тәуелсіз Қазақстан республикасының бақытты тұрғындарымыз. Еліміз тыныш, жеріміз тыныш. Халқымыз аман. Бейбіт, берекелді заманда өмір сүріп отырмыз. Мұндай бейбіт күнде спортшылар, ән мен өнер, әдебиет саласының үздіктері елінің еркесіне, халқының үздік ұлына айналуда. Мәселен, Олимпиадада, Әлем чемпионатында, Азия біріншілігінде чемпион болған жерлестеріміз — нағыз батырлар.
Ондай спортшы батырлар біздің ауданнан да көп шыққан. Мәседен, қазақ күресінен әлем чемпионы, үш дүркін «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыствбаевты таластықтар ерекше мақтан етеді. Біз Бейбіт жерлесіміздің бойынан тек қана балуандықты емес. Басқа да өнерді көп көреміз. Мысалы, бейбіт әзілге де шебер, автокөлікті жақсы жүргізеді. Кейде ән салатын өнері де бар. Бокстан әлем және Азия біріншіліктерінің чемпионы Олжас Сәттібаев та таластық спортшы. Олжастың бойында да бокстан бөлек қасиеттер мол. Мысалы, Олжас футболды жақсы ойнайды, күресе де алады. Ән айтады. Билиярд та жақсы ойнайды. Сөз сөйлеу е де шешендігі бар.
Қазақта «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген де сөз бар. Бұл алғашқы «ЖІГІТКЕ жеті өнер де аз» деген мағынаға ұқсас.
Алайда «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннің тәрбиелік, халықтық мәні үлкен. Бұл жерде қанша өнерің, қанша жақсы қасиетің болса да бір сырлы бол. Қарапайым бол. Елді жерді, халықты сыйла деген мағананы береді.
Халқымыз әр перзентінің бойынан осындай ізгі, жақсы қасиеттерді көп көргісі келеді..
ҚАЗАҚТЫҢ әр жігіті сегіз қырлы, бір сырлы болуға лайық..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: