Қазақша шығарма: Жақсы сөзім — жаны игі халқым үшін — Шығармалар — Bilim

0

Мұқағали Мақатаев – біздің замандағы қайталанбас ғажайып ақындардың бірі


Ә.Тәжібаев                

Қазақ әдебиетінде қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлғалар көп. Осындай халықтың есінен кетпес қаламгерлердің бірі де бірегейі – Мұқағали Мақатаев. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген болашақ ақын ерте есейіп, арба айдап, соқа салып, тырма тартып, шөп шауып, масақ терді. Өзінің балалық шағын ақын:

                                         …Рас, рас көзімізден жас ақты.

                                         Бірақ, сол бір дауыл жылдар, от жылдар,

                                         Бәрімізден бір-бір батыр жасапты,-

деп суреттейді. Бала кезінен қаншама қиындық көрсе де, мойымай өлең-жырға әуес болған Мұқағали бүгінде ақиық ақындардың біріне айналды.

                                         Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

                                         Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Иә, оның мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Бір өлеңі — бір елдің мұрасындай ақын поэзиясы адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімдерін, оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелейді.

Ақынның өз намысын қайрап, ұлы ақын Абайға еліктеп, ержүрек, батыр Махамбетті үлгі тұтып жазған өлеңдері жетерлік. Абай мен Махамбеттің асыл сөздерінен қуат алып, өнерге, өлеңге, өзіне қоятын талап пен талғамы биіктей береді.

                                         …Жасырмай ойымды айттым талай-талай,

                                         Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

                                         …Айтарын ашып айтқан абайламай,

                                         Дариға-ай

                                         Махамбеттер, Абайлар-ай!!!

Мұқағали – поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстырған дарынды ақын. Ол өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезім деп түсінген. Сол себепті Мұқағали ақынды романтиалық ақындардың қатарына жатқызамыз. Міне, осыдан біз оның ұғымында ақын мен поэзия бір бейне ретінде жатқандығын көре аламыз.

                                         Поэзия!

                                         Менімен егіз бе едің?

                                         Мен сені сенесің бе, неге іздедім?

                                         Алауыртқан таңдардан сені іздедім.

                                         Қарауытқан таулардан сені іздедім

Ақын халықтың жүрегіне жол табатын өлең тудыру оңай емес екенін өзі сезіне де елге сездіре де білген. Ол нағыз ақын болудың қуанышты да азапты екенін жеріне жеткізіп, ашып айтып отырған. Мұқағали “ақын болуды”, “ақын болып қалуды” азаматтық мұрат санаған.

Менің ойымша, өзінің туған елін, жұртын, ана тілін өлеңге қосу әр ақынның өз алдына қойған борышы. Мұқағали да өз жырларында оларды арқау еткен.

                                         “Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

                                         Соған берем ойымның алтын кенін…”

деп ,қалың елі қазағын жырға қосып,қазақ поэиясын биітерге көтерді.

Ұлы Абай өлеңдерінен сусындап, нәр алған ақын қазіргі поэзиясына да Абадың салған сара жолын тебірене сипаттайды. 

                                         Абай болу, әрине, оңай емес,

                                         Ақын болмай қалсаң ғой…

                                         Қалай жаман!-

деп, ақын Абай өнерін асқақтатуды арман еткенін жасырмайды. Өі айтқандай Абай жаққан бір сәуле өшпеу үшін жанын салған ақын екенін көрсет көрсетеді.

Мұқағали жайлы қаншама еңбек жазсаң да, жазып тауыса алмайсың, айтсаң, айтып тауыса алмайсың. Расында оның ерен еңбектері халық есінде. Ол поэзияға сыршыл да шыншыл сезім сыйлаған. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының қазынасын кеңейтіп, кісілігін биіктетіп, парасатты кемелдендіре түсті. Иә, ол шыныменде ғажайып ақын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: