Қазақша шығарма: Жанашырларым менің — Шығармалар — Bilim

0

Ғ.Әбдірахманұла атындағы Қима орта мектебінің

2-сынып оқушысы: Абдыкалыкаова Аймерей

Мен Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылында 2009 жылы сәуірдің 15 жұлдызында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен ата-әжемнің қолында тұрамын. Ата әжем менің қамқоршы да жанашыр адамдарым. Ал әкем мен анам Қорғалжын ауданы Өркендеу ауылында тұрады. Әкем Абдыкалыков Нұрлан қазақ тілі пәнінің мұғалімі, анам жеке шаруашылық меншігінде комедант болып жұмыс істейді. Атам мектепте шаруашылық меңгерушісі, әжем физика пәнінің мұғалімі. Ал мен 2-сынып оқушысымын. Менің үш жастағы кішкентай ғана інім мен төрт жастағы сіңілім бар. Мен өз отбасымды жақсы көремін, менің отбасым менің байлығым. Ең бастысы аман болсын біздің ата-анамыз. Мен бос уақытымда би билеп, сурет салғанды ұнатамын және әжеме үй жинауға көмектесемін. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: