Қазақша шығарма: Түн жамылған тонаушыма айналған — Рамазан айы! — Айдана Орынбасар Талғатқызы — Шығармалар — Bilim

0

Жаршысындай ақ шағала, аппақ пейілімнің тілегі, үміт оты — қасиетті Рамазан айын сарыла күтіп жүргеніме, міне, біршама айдын жүзі болып қалыпты. Рамазан айы, сен менің түн жамылған тонаушыма айналдын. Иә, тонаушым. Себебі түннің жарымында сені ойлап, армандап «Қиял» атты үлкен сапарға жол тартамын. Оны неге армандайды, дерсіздер. Мен үшін ораза — бақыт, қуаныш, мереке. Әрбір жыл сайын Рамазан айы есік қаққанда, ең бақытты адамға айналамын. Жалын кеудем от болады. Жауқазын жырларым жүрек түкпірінде құлпырады. Аллаға сансыз шүкіршілік! Осы жылғы оразаны  — аман-есен, отбасыммен, төрт көзіміз түгел  көру бұйырып отыр. Жаратқан Алланың рақымы шексіз ғой шіркін!

Рамазан — жақсылықтың, пәк көңілдің, сырлы да нұрлы жүректердің, адалдықтың нысаны іспеттес. Рамазан — ібіліс атаулысының байланатын, адамгершіліктен жанға медет таба алатын ай.

Бахара сүресінің 183-187аяттарында былай делінген: «Араларында кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе ауыз бекітсін. Ал кім науқас болып не сапарда жүріп жатса ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Шынында, Алла сендерге жеңілдік қалайды,ауыртпалықтар артқысы келмейді. Оразаны толықтағандарыңды, ұстай алмаған күндердің қазасын өтегендеріңді және сендерді тура жолға салғаны үшін Алланы ұлықтауларыңды қалайды. Шүкіршілік етенсіңдер! » Расымен, мақтау-малақтаудың барлығы да тек Раббыға тән. Осы бір мүмкіндіктен қай-қайсымыз болса да құр алақан қалмайық.

Өкінішке орай, қазіргі көптеген аға-әпкелеріміз оразаны өздерінше «диета» яғни «салмақ тастау, арықтау» деп біледі. Бұл қазіргі қоғамның санасының уланғаны,надандығы. «Бір бәдәуи келіп: — Уа, Расулулла! Алла Тағала маған ораза ретінде нені парыз етті,айтып бер! — дегенде, ол: Рамазан айында ораза ұстауды…» — деп жауап беріпті. Алланың алдындағы парызымызды Ин шаа Алла үлкен ыждақаттылықпен, адал ниетпен, нәсіп етсе толығымен өтеп шығуларыңызға шын жүректен тілектеспін мұсылман жұрты.