Қазақша шығарма: Туған жерді сүйемін — Шығармалар — Bilim

0

Алматы қаласы Алатау ауданы

№182 жалпы білім беретін орта мектептің  

2-сынып оқушысы Əшім Зере Оңдасынқызы

Жетекшісі: Смаилова Динара Асқарқызы

Ақындар жырға қосып жырлағандай, туған жер маған күш-қуат беріп, үлкен азамат болуға шақырады. Мен балалық жүрегіммен өз өлкемді, аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен, шын жүрегіммен сүйемін. Жас нәресте шағымнан соның ауасын жұтып, суына шомылдым.      

Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік өз үйіңді, өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасында бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген шексіз сүйіспеншілікке айналады. Қызыққа толы балалық шағым өтіп жатқан туған жерім – Алматының ауласын еш уақытта ұмытпаспын. Өйткені алғаш балабақшадағы күндерім, онан соң мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сыныптас достарыммен алғашқы таныстығым…

Бәрі, бәрі ұмытылмас сәттер.                                                

Ата–бабаларымыз: туған жерді қадірлеуді, қорғауды қасиетті борыш санаған. Сондықтанда бабаларымыздың қорғап қалған кең-байтақ қазақ жері – өз ұрпақтарына тапсырған аманаты деп білемін.                                                                                                  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: