Қазақша шығарма: Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы — Шығармалар — Bilim

0

№ 49 жалпы орта білім беретін мектебінің  

4 «ә»- класс оқушысы Жүнісбекқызы Әдемі

Абденова Гүлдана Дуйсенбаевна

 

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіретін осы елде туып-өскен әрбір ұл-қыздарымыз сезінуі парыз. Бұл сөз бәріміздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі деп айтсам артық емес — деп ойлаймын.

Талай  ер жүрек батырларымыз бен ару апаларымыз тәуелсіздікке жету жолында жанын қиып, еліміз ешкімге тәуелді болмауы үшін қорғап қалды. Олар «Қазақстан» деген еліміздің өз басшысы болғанын қалады. Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол сынды аға-апаларымыз «Желтоқсан оқиғасына» қатысып, жазықсыз азапталып, жала жабылып, ызғарлы желтоқсанда мұз жастанып, жас өмірлері қиылды. Әрине Тәуелсіздікке  біздің еліміз қаншама қиындықпен жеткендігін, осындай аға-апаларымыздың ерлігінің арқасы екендігін естен шығармауымыз керек. Әрдайым ерліктерін мақтан етіп, тәуелсіз мемлекет екенімізді әлемге паш етеміз. Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Татулық пен бірліктің күні. Еліміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты.

Болашақта осындай Тәуелсіз еліміздің көркейіп, дамуына кішкентай да болса өз үлесімді қосқым келеді. Ол үшін көп ізденіп, жақсы білім алып, ата-ана мен ұстаздарымыздың еңбектерін ақтап, биік -биік белестерді бағындырсам деп ойлаймын. Бұл барлық балалардың арманы.

«Тәуелсіздік — елімнің ерлік  жолы» -дегендей, тәуелсіздігімізді сақтап, құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Өйткені көптеген халықтар өз елін, жерін, тілін қайтаруды армандайды. Біз де ата-бабаларымыздың еңбегін бағалап, ұлы батырларымыз ұмытпауымыз керек!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: