Қазақша шығарма: Тәуелсіз Қазақстан — Шығармалар — Bilim

0

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы

«Шал ақын ауданының Алқаағаш негізгі мектебі» КММ

7 сынып оқушысы: Мағзұм Армангүл

Жетекшісі: Жакина Гүлмира Жолаушықызы


Отан… Ол тәуелсіз Қазақстан. Бұл сөз әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным – сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдың көлдегі аққу құстың қиқулаған дауысы құлағыма келеді. Қазақстанны кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық — нағыз жоқтық», — дейді халқымыз .Өз Отаныңды сүю, өз ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың борышы. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Қазақстан – менің атамекенім. Атамекен деген – туған тіл, салт-дәстүр, еліннің тарихы, байлығы, мектебің, үйің бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел болғанына биыл 26 жыл толды. Қазақстан күннен-күнге жаңарып, жаңа белестерден көрінуде. Тәуелсіз ел болып ЕХРО-2017 көрмесін ұйымдастырып мақтанышқа ие болдық. Астанамыз күннен-күнге көркейіп келеді. Ынтымақ пен бірліктің арқасында елімізде әртүрлі ұлт өкілдері тұрып жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Мәңгілік ел болды. Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімді ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанды, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше қуанады, ендеше келешегім Нұрлы болмақ. «Арыстандай, жолбарыстай, қырандай, күшті жас ұрпақтың бірімін. Біздің бүгінгі әдемі кереметтеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай  байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма өте бақыттымын. Өйткені мен тәуелсіз елдің патриотымын. Міне, тәуелсіздігімізге 26 жыл Мәңгілік ел болып отырғанымыз еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасында дегім келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: