Қазақша шығарма: Қыс қызығы — Шығармалар — Bilim

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Майдакөл ауылы № 98 орта мектеп әкімшілігі

1 «А» сынып оқушысы Қуантқан Гүлфарида

Жетекшісі: Бакибаева Жансая


Қыс келді. Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі болады. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше.

Қыс мезгілінің ерекше көрінісі – қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздері мен дауыстары ерекше көңіл күй сыйлайды.

Ал, қысқы орман қандай тамаша! Шыршалар ұзын тон киген, қайыңдар күмістен шапан жамылған.

Мен қыс мезгілін ерекше жақсы көремін. Қыс — ең тамаша мезгіл.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: