Қазақша шығарма: Қазақ аспанында — Қасым рухы — Серикбол Асемгул — Шығармалар — Bilim

0

Қасым Аманжолов….. керемет еді. Мен Қасым Аманжолов деген кезде «Туған жер» туралы өлеңі есіме түседі. Меніңше ақын үшін ең қымбат, бағалы дүние оқырманның көңілінен шығу, оқырман өлеңді жықсы көре оқу, есінде сақтау, ұмытпау. Бұл қай ақынға ұнамасын. Ал, Қасым атамызда бұның бәрі бар. Оқырманда, шабытта. Қандай тамаша! Қасым Аманжолов мен үлгі тұтатын ақындардың бірі де, бірегейі. Қасым атамыз ұлы ақындарға, жазушыларға да астарлы ой, асыл сөзден жыр арнаған. Өлеңмен жыр шеріткен.Мысал үшін:

    Ішімде жанартаудай жатыр жырым,

    Ұшқындап, іште қайнап сұрапылым.

    Көрерсіз соның бұрқап атылғанын;

    Жаңғыртып жан түкпірін, ойдың шыңын.

    Өлеңнің қаптатармын отты селін,

    Толассыз топанындай ертегінің.

    Білерсіз кім екенін сонда, Сәке,

    Бұл күнде от шайнаған тентек інің. -деп Сәбит Мұқановқа арнаған «Сәбитке» атты өлеңінде отты екпінін , ағанды тегеурінін, сирек қиялын сездірген. Жырын жанартауға теңеп, шабыты жанартаудан аққан отты сел екенін де сездіріп кетті.

Ақынның өмірінің өзі өлең. Сол сияқты Қасым Аманжолов өнерін ғана емес өмірінде өлеңмен өріп кеткен. Халықта мынадай мақал бар «Сөз қадірін білмеген,өз қадірін білмейді» деген, міне осы сөз Қасым атамызға арналған-ау шамасы.Себебі ол кісі өзінен көрі сөзінің құдіреті мен қасиетіне аса мән берген. Әр бір өлеңі жай бір қара сөзбен өрілмеген оттың дауылындай жанды тербеп кетеді. Мысал ретінде ақының «Өзім жайлы» өлеңінде адамның жан дүниесімен, сезімі тек адамның өзіне ғана аян екендігін, басқа пенденің оны сезіне алмайтыны жайлы өлеңмен суреттеп жазған болатын. Қасымның өлеңін оқи бастасам дәл сондай оқиға сөзбен бейнеленіп отырады. Қасым Аманжоловқа қазақтың белгілі ақыны Сырбай Мәуленыв былай деп кеткен: «Қасым жасынан өжет, алғыр, зейінді болып өлең өзеніне ерте құлаш ұрды. Қасым лирикасы кейде қатал, кейде нәзік, кейде шат көңілді өз мінезіндей лирика. Қасым жыры-мәңгілік жыр»- деп ақынды сипаттап кеткен.

 Қаншама ақындардың ішінде жүрсе де, өзінің өлеңдерімен ерекшеленіп тұратын бұл ақынның өмірі де ерекше. «Ақындығың не керек ,айтарлығың болмаса» дегендей ақын болу үшін де, ақын болып туылу міндетті емес. Ең бастысы халыққа өлеңіңмен пайдаң тисе соның өзі бір құрмет. Ақын болғың келсе Қасымша жырла дегім келеді.

Серикбол Асемгул