Қазақша шығарма: Мұғалім

0

Алғаш рет мектепке келгеніңде саған оқуды, жазуды үйрететін әрине мұғал імдеріміз. Мектепте мұғаліміміз бізге көп көңіл бөледі, түсінбегенімізді түсіндіреді. Біздің білімді болуымызға себепші болып отырған мұғаліміміз ол — сынып жетекшіміз Шарипова Сусар апайымыз. Сусар апай бізге сабақтарды жақсы түсіндіреді. Мен бізге білім беріп жатқан сынып жетекшімді және сабақ беретін басқа да мұғалімдерімді жақсы көремін. Біздерге білім бергені үшін бәріне алғыс айтамын. Мұғалімдерге арнап өз өлеңімді арнаймын.

Әр баланың білімін,
Мұғалімі ашады.
Білімсіздің шабытын,
Жақсылыққа бастайды.
Мұғалімдер дана ғой,
Ойын жақсы жеткізер.
Талаптанып еңбекпен,
Жақсы жолмен жүргізер.