Қазақша шығарма: «Әже» және «Ата» — Шығармалар — Bilim

0

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 3 ЖОББ» КММ

4 сынып оқушысы Бұхарбаев Бекнұр Айбекұлы

Жетекшісі Жұмағұлова Эльмира Ақылбекқызы

Мен кішкентайымнан ата-әжеммен бірге тұрып, қолында өстім. Олар мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті.  Атам мен әжемнің 3 немересі бар. Мен ортаншысымын атым Бұхарбаев Бекнұр Айбекұлы «№ 3 ЖОББМ» КММ – да оқимын. Отбасымда менен бөлек бір тәтем және бір інім бар.  Қара шаңырағымыздың ақылшысы,арқа сүйеріміз-атам мен әжем, отбасында атамның орны бөлек. Менің атамның аты Абимулла. Оның жасы қазір 74 -те. Атам ел жұртқа сыйлы, қазақи болмысты, беделді жан. Шырайы жарқын, кесек ойлы, жанары әрдайым жарық жұлдыздай жанып тұратын өнегелі азамат, өзіне ғана тән ұтқыр да, ұшқыр сөз тұрпаты мен ағайынның ақылшы, қамқоршысы бола білу болмысын бойында қатар ұштастырды. Маған мінезі көркем адам кім десе, бірден: Ол менің атам, – дер едім. Атам кітапты да көп оқитын адам. Ол көбіне тарихи шығармаларды және өмірден алынған оқиғаларға негізделген шығармаларды оқығанды жақсы көреді. Атам жан-жақты адам, ол барлығына үлгереді. Атамның шыдамдылығы, мейірімділігі мені де көп нәрсеге үйретті. Қазір мен  спортпен шұғылданамын. Осындай атамның барына мен үлкен мақтанышпен қараймын.

Менің әжемнің аты Алтынкүл. Әжем өте мейірімді, ақкөңіл жан. Әжемнің үнемі біздің қасымызда болғанын қалаймын және әрдайым біздің жанымызда. Мұңайсам да, қуансам да әжеме жеткізуге тырысамын. Әжемді мейрамымен құттықтасам, жадырап, масайрап қалады. Әжемнің үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сондықтан ренжітпей, қуантуға тырысамын. Сабақтан жақсы баға алсам, сайыстардан орын алсам бірінші әжем естиді. Қуанады. Менің әжем ең тамаша адам. Оның жасы қазір 62-де. Әжем — әкемнің анасы, менің ақылшым. Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: