Қазақша шығарма: Астана — Шығармалар — Bilim

0

Астана қаласы №24 орта мектептің

11 сынып оқушысы Жандаулет Назым

Жетекшiсi: Есетова Орынша

Астана қаласында 2017 жылдың жазы, мен үшін естен кетпестей ерекше өтті. Экспо — әлемдік деңгейде болып жатқан көрме қанша жылдардан кейін біздің еліміздің бас қаласынан орын алған. Экспо 2017- бізге берер атақ даңқы мол. Еліміз осы ЭКПО-ның арқасында жарқыраған күйіне жандана түсті. Міне, болашақтың қаласы. Тәуелсіздік өмірде бейбіт өмірде, біздің болашағымыз, болашақ жастарымыздың өмірі керемет боларына сөзсіз-ақ сенімдіміз. Оған осы сәттер куә. Қаншама техника, биология, география туралы мәлеметтер сезіндік. Экспо-ның бізге берері мол. Аз уақытта тік тұрып кететін мемлекеттер көп емес. Ондай болса, Тәңірдің сыйы. Астананы 20 жылда тік тұрғызып, 25 жылда әлемге әйгілетіп, үлкен шаһарға айналдырдық. Бұл жеңіс — Елбасының жеңісі. Маңдайдан аққан тер үмітті ақтады. Міне, Экспо біздің елде. Жалпы бұл жобаның өз елімде өткеніне қуанып, мақтанып жүремін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: