Қазақша сценарий: Ұстаздар күніне арналған кеш сценариі — Сценарилер — Bilim
Ұстаздар күніне арналған кеш сценариі
Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.
1 — жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің — мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым
2 — жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Қамажай» биін билейді.
1 — жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.
2 — жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
1 — жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
ӘН орындалады
1 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан — жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылды
Л — лайықты
І — іскер
М — маман
2 — жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады
1 — жүргізуші:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би орындалады.
2 — жүргізуші:
Оқытыңдар, ұл — қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар.
1 — жүргізуші:
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Екеуі хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
2 — жүргізуші:
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген — жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол — бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
1 — жүргізуші:
Ұстаз деген — ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген — шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
2 — жүргізуші:
Ұстаз деген — ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
1 — жүргізуші:
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын…..
2 — жүргізуші:
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қорытынды бөлім.