Қазақша сценарий: Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту – Сценарилер – Bilim

0
165



«Шынжырлы ырғақ».


Ата-аналар ортаға дөңгеленіп отырып,әртүрлі қимылдар арқылы би жаттығуларын жасайды.



Ата-аналарға әртүрлі мақал-мәтелдер таратылып беріледі. Мақал-мәтелдер арқылы топтарына бірігіп, мақалдың мағнасын іс-қимыл арқылы түсіндіріп береді.



Сабақтың тақырыбы таныстырылады.


– Адамның өмірдегі ең қымбаттысы да,ең бағалысы да-бала. Бала-дербес тұлға.Оның бойындағы табиғи қасиеттер,адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасады. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр.Отбасында ата-аналар  өзара дұрыс қарым-қатынаста болса,перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өсері сөзсіз.Бүгінгі таңда көпшілігімізге белгілі күнделікті тіршілік күйбеңімен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыт таппай қалатынымыз бәрімізге аян.Ал,балаңызбен сөйлесу, оның ойын ұғу,пікірін тыңдау, қажетті сұрағына жауап беру бүгінгі күнгі ең маңызды жұмысымыз екенін түсінеміз бе?


Сұрақтар.


1. Ата-аналары балаларымен сөйлесуі қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?


2. Балаға дұрыс тәрбие беруде ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы не айтасыз?


3. Балаңызбен қандай тақырыпта сөйлескен маңызды деп ойлайсыз?


4. Балаңыз сізге сенеді деп ойлайсыз ба?



Осы сюжеттер туралы не айта аламыз?


Әр топ өз пікірлерін білдіреді.



Топтық жұмыс. «Ата-анаға кеңес».


Топтарға ақ және түсті қағаздар таратылып беріледі.


Ата-аналар баламен қандай қарам-қатынас жасау керектігі жайлы кеңестер жазылған кітапшалар жасап шығарады және оны қорғайды.



Әр топ балалары жақсы көретін бір әнді шырқап беру.




«Менің тілегім…»


Ата-аналарға балаларының өздеріне айтылған тілектері тыңдалады.



Осы орайда мынадай сауалдарға жауап беріп көрейік.


1-сұрақ. Балаңызбен ең соңғы рет не туралы сөйлескеніңіз есіңізде ме?


2-сұрақ. Балаңызбен ең қызық қандай әңгімеге бірге күлдіңіз?


3-сұрақ. Қай жерде демалдыңыздар,қыдырдыңыздар?


4-сұрақ. Сіз оны жақсы көретініңізді үнемі айтып отырасыз ба?


5-сұрақ.Сіздің балаңызды не бақытты ете алады деп ойлайсыз?


6-сұрақ.Кешкі немесе түскі асты балаңыздың қалауымен жасайсыз ба?


7-сұрақ.Ол сізді не үшін жақсы көретінін сұрайсыз ба?


10-сұрақ.Балаңыз қазір жаныңызда болса не айтуға дайынсыз?


Балаларымен кездесу.


Балаларымен бірге шарларға өз баласымен бірге не жасағысы келетінін жазу.




«Қол,бас және жүрек»


Ата-аналарға парақшаға адам бейнесін салғызып,бүгінгі ата-анамен жүргізілген жұмысқа өз пікірлерін жазғызу.



Әр ата-анаға тілек гүлдерін ұсыну.