Қазақша сценарий: Балабақша аруы
Тақырыбы: «Балабақша аруы«
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүгін сізге арналған,
«Балабақша аруы» сайысын бастайық.
Жаны – сырлы, жанары таң ару қыздар,
Сенімі асқар, — Күн ару қыздар,
Сәуле шашқан өмірге нұр ару
Көрік болған көгімде жұлдыздар – ай,
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке.
Жақсы дәстур көп біздің ішімізде,
Қол соғып, қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке – дей отырып, сахнаға аруларды шақырамыз.
Әуен: Ұл балалар қыздарды ерекше құрметпен ортаға алып шығады.
1 ару: Бет пішіні, дене мусіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті: Мырзагерева Диана.
2 ару: Баппен сөйлеп, биязы күліп жүзі жылы, өзі ұян, тәні нәзік қыз Дильмагамбетова Камила.
3 ару: Тақпақ айтып тақылдайды, топтың сабырлы да ұяны — Бахтиярова Даяна.
4 ару: Сөзі салмақты, ісі тиянақты, дене бітімі жинақы қыз Сапарова Жангуль.
5 ару: Көз жанары өткір, бет әлпеті бал — бұл жанған, тәні шымыр қыз Тлемберлиева Ақтоты.
6 ару: Сөзі өткір, өзі пысық, келбетті, өрескелдікті сүймейтін қыз Умаргалиева Жаңылсын.
7 ару: Әр нәрсенің мәні бар, Шалабаева Даянаның өз орны бар.
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару қыз атқа лайықты
Қайсың кәне, жеңе алар?
Уа, халайық, халайық,
Бастамас бұрын сайысты,
Ұлымыздан бақшамыздың
Аталы бата алайық.
Екі түрлі әнші бар,
Біреуі соның бата алған,
Ешқашан артық болмайды
Ұлымыздан бата алған.
Балабақша тәрбиеленушісі аруларымызға бата береді:
А, құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын,
Бастарыңа бақ сыйлап,
Қыдыр бабаң қолдасын.
Бүгінгі мына сайыста
Тұғырдан таймас қыран бол,
Білімі асқан ару бол,
Еліңе ұнар ару бол,
Халқың сүйер аққу бол,
А, құдай жарылқа! Әумин!
1 – ші байқаудың шарты: Ал енді қымбатты арулар, Сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты өзін — өзі таныстыру.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бугінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай – ақ жан салыпты.
1 — ші ару
Келдім мен міне бүгін сың алуға,
Сыңалып үлкендерден үлгі алуға.
Саламын бар өнерді осы ортаға,
Береді әділ қазы әділ баға.
Сұраңыз менің аты — жөнімді
Мырзагереева Диана Ерболқызымын
2 — ші ару
Халқымның өнерінен таққан тұмар,
Қыз едім сұлулыққа жаны құмар
Сәлемімді иілген қабылдандар,
Келтірген өнердің де сөздің парқын,
Қызымын Қайраттың атым Камила,
3 — ші ару
Демеймін басқалардан асып кетем
Шабытты қостым көптің дүрмегіне.
Сайраған елімнің бір бұлбұлымын
Халқымның қадірлейтін, Даяна атты қызымын.
4 — ші ару
Сан топта жарыстарда жеткізбеген
Келмеген қатарыма, ешкім жақын.
Бұл сайыс үлгі аларлық болмақ өрнек
Келген жан, сан өнерді көзбен көрмек,
Руым алаша, Бауыржан қызы Жангүлмін.
5 — ші ару
Жібектей шәлі орамал кестелеген,
Өнерді жиып алып дестелеген
Биікке қанат қаққан бір қызыңмын,
Сәлемдесіп алайын көпшілікпен!
Аидар қызы Ақтоты деген мен боламын.
6 — ші ару
Елігі ем – еркін жүрген кең даланың
Өнерге қанатымды кең қағамын.
Намысын арулардың қорғай білер
Мараттың қызы Жаңылсын мен боламын.
8 — ші ару
Армысың әже, ана, бауырларым,
Өнер сүйер үлкен – кіші қауымдарым.
Көктемде қырда өскен қызыл гүлмін,
Қол соғып, құшақ жайып қабылдандар,
Серік қызы Даяна мен боламын.
Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер»
Бұл байқаудың шарты:
Аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі
«Қалауын тапса, қар жанар» — демекші, келесі сайысымыз құрастыру аруларымыздың шапшаңдықтарымен тапқырлықтырын сыңайық. Бұл сайыстың шарты кішкентай аруларымыз геометриялық пішіндердің тиісті орындарын тауып қою керек.(түстерін атау)
«Қыз еркем, кестесімен, өнерімен көркем» демекші ару қыздардың шеберлік өнерін байқайық.
«Шебер қолдар сайысы»
Бұл сайыстың шарты, қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетеді.
«Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, іске сәт!
Жүргізуші: Арулар өз тапсырмасын орындап болғанға дейін жанкүйерлер біздерде қарап қалмайық. «Қол өнері» туралы мақал — мәтелдерді жанкүйерлер арасында кім көп біледі екен?
Құрметті әділ қазылар алқасы шеберлігіміздің бағасын анықтаңдар.
Сізге арналады бүгінгі әніміз,
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз,
Тәрбиелі ұл — қыздарды өсірген,
Ұлы – Ана ұзақ өмір сүріңіз.
Ән «Ана»
4. «Сәндік киімдер» үлгісі.
Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.
Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн шекті ұлылығым.
Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің
Серпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.
Ескеріңдер ертеңі ел тағдыры
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры.
5. Үй тапсырмасы «Жылдың төрт мезгілі».
Аруларымыз ата — аналарының көмегімен сурет салып келіп және әңгімелеп берулері керек.
6. «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».
Ару қыздар билет таңдап алып сұраққа жауап береді.
Аруларымызды ортаға қол соғып қошеметтеп шақырамыз. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
1. Бас жүлдеге иегер қыз: «Балабақша аруы».
2. «Көрермендер көзайымы».
3. «Өнерлі қыз».
4. «Мың бұралған биші».
5. «Көрікті қыз».
6. «Бұлбұл дауысты қыз».
7. «Әдепті қыз».
8. «Сабырлы және нәзік қыз
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа,
Осымен сайысымызды аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.