Қазақша сценарий: Аяулы менің анашым! – Сценарилер – Bilim

0
252

Аяулы менің анашым!

Ақтөбе обдысы

Қарғалы ауданы

Қарабұтақ ауылы

Қызыл-Флот негізгі мектебі

Бижанова Нурсауле Базарбаевна бастауыш класс мұғалімі

Тақырыбы: «Аяулы менің анашым!»

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік сезіммен,

Арнаймын сөзімді

Көргенше алаңмын

Аңсаймын толғанам

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған (оқушылар «Анаға сәлем!» әнін хормен айтады)

Мұғалім: Осы өлең жолдарын жолдай отырып,

Оқушылар: Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Мұғалім: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған бастауыш класс оқушыларының «Аяулы менің анашым!» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау, балаларыңыздың қуанышына тоймай, мектептегі іс-шаралардан қалмай жүре беріңіздер!

Мұғалім:

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы деп балаларыңыздың сіздерге арнаған тақпақтарына кезек берейік!

Нұрай:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!

Руслан

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Анадеген – асыл жаңдар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай

Бексұлтан:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақсанадағы.

Ана – теңіз, мен – қайықтербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақжағадағы.

Бекбол

Дүниенің ең қымбаты ана екен,

Ананың ең тәттісі бала екен.

Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,

Ананың орыны бөлек дара екен

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Аян

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Алишер

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

Асел

Жарқын жузді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттык кетпес баладан

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиеттіананы

Мирхан:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

Баршаана, құттыболсынмерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбенберекеміз!

Ақтасақақсүтіңді, асыланам,

Сонда бізкісіліккетеңесеміз!

Тоқжан:

Бұл жерде таппай тұрмын тіпті пайыз

Бар дейсің бұл күндері тіп-тік қай іс

Наурызда аналарға сый ұсынып

Жылына бір-ақ рет құттықтаймыз

Аналарға күн сайын алғыс айтпай

Олардың жағдайынан түкте ұқпаймыз

Жас өмірін құрбан қылып бала үшін

Барлығынан артық көрген баласын

Бұл өмірде сыйлап өтем мәңгілік

Қартаймашы қасиетті анашым!

Мұғалім:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен» орындайтындар

1-класс оқушылары Нұрай мен Руслан.

Мұғалім:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

Келесі тамашалайтындарыңыз көрініс «Не тәтті?»

(Оқушылар Жиренше шешенннің «Не тәтті?» көрінісін қояды)

Мұғалім: 8-наурыз аналар мерекесі жылына бір-ақ рет келетін мерекеміз, бүгін бізге қонаққа әкелеріміз де келіп отыр және олар біз де балаларымыз өз өнерлерін көрсетіп жатыр, біз де солардан қалмай тілек айтамыз деп отыр, енді кезекті әкелерге берейік!

«Қонақ кәде» (Тәрбие сағатына келген әкеледің орындауында)

Сатирик Жүрсін Ерманның «Өмірдің мәні әйелде!» сатирасын, Т.Молдағалиетің «Әйел сенің ақылшың!» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

Мұғалім:

Қандай қиын, қараңдаршы,

Қырсық мінез бала болу.

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!дегендей келесі кезекте бейне фильм «Соқыр ана»

Мұғалім:Ойын «Анаңды даусынан таны»

Ойын шарты: Оқушылар аналарымен ортаға шығады, оқушылар теріс қарап тұрады да барлығы хормен «Аналар мерекелеріңіз құтты болсын!» деп айтады аналардың біреуі рахмет деп айтады. (Әр бала өз анасының дусын танып табуы керек)

Мұғалім:

Ана баланы тоғыз ай құрсағында, екі жыл бауырында өмір бойы жүрегінде көтереді деген сөз бекер айтылмаған, осы сөздің дәлелі ретінде келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Мама» орындайтындар 1-4класс оқушылары Тоқжан мен Бексұлтан.

Мұғалім:

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын деп балаларыңыздың құттықтау сөздеріне кезек берсек!

Видео: (Оқушылар аналарын құттықтайды, открытка мен гүлдерін таратады.)

Мұғалім: Осымен бүгінгі аналар мерекесіне арналған «Аяулы менің анашым» атты тәрбие сағаты аяқталды. Аналарымыз аман болсын, аналарымызды ардақтап, құрметтеп жүрейік. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!