Қазақша реферат: Тәрбие үдерісінің мазмұны |

0






Тәрбие үдерісінің мазмұны ұғымы. Тәрбие мазмұны қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылардың меңгерген білімдері мен дағдылары, қасиеттері және белгілері, тұрақты мінез-кұлықтық әдеттері жүйесімен анықталады. Сондықтан тәрбие мазмұны қоғамдық тәжірибе, кұндылықтар, нормалар, идеялар, қабілеттіліктер, білік, дағдылар, мінез-құлықтық әдеттерді негіздейтін ғылыми фактілерден, ұғымдардан, қоғам, адам, табиғат жайлы теориялардан, яғни білімдерден тұрады. Қазіргі кездегі тәрбие мазмұнын анықтауға әсер ететін бірқатар идеялар бар. Олар: 1) тәрбие мақсатының нақтылығы; 2) балалар мен ересектердің біріккен іс-әрекеті; 3) өзін-өзі анықтау; 4) тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы; 5) еріктілігі; 6) ұжымдық бағыттылығы. Бұл идеяларды жүзеге асыру тәрбие мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңарта отырып, өмірге бағыттау мақсатымен байланысты мынадай әрекеттерді қамтиды: а) барлық тұлға бірдей деп қараудан оларды жан-жақты дамыту бағытында ұйымдастыруға бет бұру; б) қатып қалған ережелерді жаттатудан әлемді тану мен түрлендіруге ұмтылдыру; в) өктемдік көрсетіп, өгейсітуден ізгілік пен ынтымақтастыққа қарай жүру. Тәрбие мазмұнын жоғарыдағы идеялар мен жолдарды жүзеге асыра отырып ұйымдастыру үшін тәрбиеленушілерге деген жағымды қатынастарды қалыптастыру қажет. Жақсы ұйымдастырылган тәрбие адамды өмірде — азамат, жұмысшы, отбасы иесі ретіндегі үш басты рөлді орындауға дайындауы қажет. Тәрбие осы релдерге қатысты тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен және міндеттерді атқаруға дайындаумен тікелей байланысты.

Тәрбие үдерісінің бағыттары мен тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастырудың байланысы. Тәрбие үдерісін жүзеге асыруда «мақсат», «міндет», «мұрат» («идеал») ұғымдарының мәнін түсінудің рөлі ерекше. Адамзат қоғамы үшін мұратты мақсат «жан-жақты дамыған тәлғаны тәрбиелеу» оның жекелеген бағыттарын анықтайтын міндеттерді тұжырымдауды қажет етеді. Бұл міндеттерді тәрбиенің құрамды бөліктері немесе тәрбиенің бағыттары ретінде қарастыруға болады, яғни тәрбиенің міндеттері тәрбиенің мазмұнын анықтайды. Демек, жан-жакты дамыган тұлғаны тәрбиелеу өзара байланысты тәрбие міндеттерімен анықталады. Яғни тәрбиенің міндеттері негізгі бағыттар ретінде тәрбиенің мазмұнын анықтайды. Тәрбиенің басты мақсаты — жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін оған ақыл-ой, дене, еңбек, құлықтық, эстетикалық тәрбие берілуі деп тұжырымдалады. Өзгерген тұжырымдамалар тәрбие мазмұнына да өзгерістер енгізуде. Қазіргі кезде тәрбие мақсатын тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастырумен байланыстыра қарайды. Базалық мәдениет өмірлік өзін-өзі анықтау, отбасылық қатынас, экономикалық және еңбек мәдениетін, қарым-катынас, экологиялық, көркем, денелік мәдениетті меңгеруді қамтиды. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті — адамның езін өз өмірінің субъектісі ретінде сезінуі, шешім қабылдау білігі және өз әрекеттеріне жауап бере білуі, өзін-өзі тәрбиелей білуі. Оқушының базалық мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы мектептегі тәрбие үдерісінің мазмұнымен сәйкес келеді. Мұны түсіну үшін тәрбие мазмұны мен базалық мәдениеттің құрамды бөліктерін салыстыра қарастыру жеткілікті. Тәрбие үдерісінде тәрбиенің негізгі бағыттарын дамудағы жаңа тенденцияларды ескере отырып ұйымдастыру тиімді.








Тәрбие үдерісі бағыттары бойынша жұмыс ұйымдастыру мәселелері. Алғашқы бағыт ретінде ақыл-ой тәрбиесін бөліп көрсетуге болады. Ақыл-ой тәрбиесі — тұлғаның интеллектуалдық мәдениетін, танымдық мотивтерін, ақыл-ой күштері мен ойлауын, дүниетанымын қалыптастырумен біріктіре отырып дамытуға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Интеллектуалдық мәдениет ақыл-ой еңбегін негіздейтін мынадай білім және біліктерден тұрады: танымдык іс-әрекет мақсаттарын анықтай білу, оны жоспарлай білу, танымдық амалдарды орындай білу, әр түрлі дереккөздерімен жұмыс істей білу. Ақыл-ой қасиеттері — жылдамдығы, анықтығы, сыншылдығы, тереңдігі, икемділігі, кеңдігі, шығармашылығы болып жіктеледі.





.





.

Ақыл-ой тәрбиесін беру міндеттері оқыту және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асырылады. Оқытуда оқушының ақыл-ойын дамыту мақсатында психолог Л.Выготскийдің дамудың кол жеткізген деңгейіне емес, «таяу жатқан даму аймагына» бағдарлану қажет деген идеясына сүйене отырып, оқушыларға ересектер тарапынан көмек негізінде орындайтын тапсырмалармен катар, зерттеу сипатты, себеп-салдарлық байланысты қарастыратын, салыстыруды талап етететін тапсырмаларды да қолданудың маңызы зор. Ақыл-ой тәрбиесі: ғылым негіздері бойынша білімі болуы, ақыл-ой амалдары мен интелектуалдық біліктерді меңгеруі, ғылыми дүниетанымының қалыптасуы сияқты көрсеткіштермен анықталады. Дүниетаным — адам санасында әлемнің жалпы бейнесін және оның іс-әрекет бағыттылығын аныктайтын философиялық, ғылыми, әлеуметтік-саяси, құлыктық, эстетикалық көзқарастар мен сенімдері жүйесі. Дүниетаным құрылымын білімдер, көзқарастар, сенімдер құрайды. Дүниетанымның қалыптасу көрсеткіштері: түрлі іс-әрекеттерде байқалатын білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесінің болуы және өз білімдері мен іс-әрекеттерін жетілдіру қабілеттіліктері. Дүниетаным адам санасының ерекшелігін анықтайды, оның ішінде сенім үлкен орын алады. Білімдерді құрайтын кейбір ұғымдар адам үшін жакын, субъективті, тұлғалық мәнге ие болып, ол үшін өзекті болып табылады. Мұндай білімдер адамның сенімдер жүйесін құрайды. Сенім — білетін және мәнін тусінетін білімдер жүйесі, бұл тұлғаның ішкі позициясына өтетін білімдер.





.

Сенім реттеу функциясын атқара отырып, тұлғаның бүкіл рухани құрылымын: бағыттылығын, құндылық бағдарларын, қызығушылықтарын, тілегін, сезімдерін, құлықтарын анықтайды. Тұлға қоғамдық талаптарды объективті қажеттілік ретінде сезінбейінше, өзінің сеніміне айналдырмайынша белсенді әрекет жасамайды, өзінің барлық ресурстарын жұмылдырмайды. Дүниетаным тұрмыстық, стихиялы және ғылыми болып екіге бөлінеді. Шындық дүние фактілері теориялық жалпылаулар деңгейіне жеткенде ғылыми дүниетаным негізі болып қаланады. Жалпылаулар құбылыстардың жалпы және маңызды жақтарын бейнелей отырып, оларды түсіндіру, шешу жолдарын көрсетеді. Сондықтан ғылыми дүниетанымды қалыптастыру маңызды және бұл бағытта шындық дүниені сипаттайтын әдіснамалык ұғымдарды, жалпылауларды, идеяларды, теориялық бейнелеулерді меңгертудің маңызы зор. Білімдер тұлғаның сенімдеріне өтіп, ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үшін оң эмоционалдық күйін, практикалық-әрекеттік біліктерін, пәнаралық байланыстар негізін меңгеруді қамтамасыз етуі кажет. Тәрбиенің келесі маңызды бағыты — құлықтық тәрбие беру мәселесі болып табылады.

Құлықтылық — адамның жекелеген мінез-құлқын реттейтін белгілері мен қасиеттерін анықтайтын тұлғалық сипаттамасы. Белгілі бір әдеттер, құлықтық ережелер жиынтығы мораль деп аталады. Адамның моральды қабылдауы мен меңгеруі, өзінің сенімдері мен мінез-құлқын қаншалықты қолданылып жүрген моральдық нормалар мен принциптерге сәйкестендіруіне қарай адамның құлықтылық деңгейі жайлы айтуға болады. Адамның мінез-құлқы белгілі бір ережелерге сәйкестік дәрежесі бойынша анықталады. Мұндай ережелерді құлықтық нормалар, құлықтык принциптер деп бөлуге болады. Бірдей қылықтар жиынтығына сәйкес қолданылатын, жалпы сипатты ережелерді құлықтық нормалар деп атайды. Норма — қандай да бір нақты ситуацияда адамның белгілі бір әрекет жасауын анықтайтын талап, ереже. Қандай да бір нормалар жиынтығына бағынатын белгілі бір салаларға қатысты анықталатын қағидаларды құлықтық принциптер деп атайды. Сонымен бірге адамның мінез-құлқын сипаттайтын құлықтық категориялар бар. Олар: қайырымдылық, әділдік, міндет пен ар, абырой мен бақыт.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!