Қазақша реферат: Тəрбие процесi түсiнiгi мен мазмұны

0






«Тəрбие процесi’»ұғымының анықтамасы. Тəрбие процесi (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзiн-өзi тəрбиелеуiн кiрiстiре жүргiзiлетiн тұлға қалыптастыру, дамыту процесi. ТП – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тəрбиелеу жүйесiнiң тiзбегi, мұндағы əрбiр тiзбек алдыңғы нəтижелер есебiнен құралады. Бұл түсiнiк бойынша тəрбие процесi өзiндiк даму жүйесi ретiнде қарастырылады жəне оның бiрлiгi болып дамушы тəрбиелеу жағдайында (тəрбие iсi) есептеледi. Мұнда тəрбиеленушiлер, тəрбие iс-əрекетi, тəрбиешi, оның тəрбиеленушiлерiмен өзара əрекетi ғана дамып қоймай, келешек күрделi жүйе қалыптастыратын бiртұтас объектiнi дамытады. ТП көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзiн-өзi басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. ТП-де мазмұндық жəне процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бiрлiгi тек тəрбие iске асатын нақты жағдайлар төңiрегiнен шығуға мүмкiндiк беретiн жоғары дəрежедегi абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пəнi мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң, ұжымның тəрбие-лiк iс-əрекетi – бұлар бəрi тəрбие процесi болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы тұтастықты көру үшiн педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткiлiктi дəрежесi – тəрбиелеу теориясының аса маңызды əдiснамалық проблемасы. өйткенi, төмен дəрежедегi абстракциялауда тəрбие процесi тексерiле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупi туады.

Тəрбие процесiнiң ерекшелiктерi. Бiртұтас педагогикалық процесте тəрбие процесi ерекше орын алады. Бұл процестiң орны мен рөлi тұлға қалыптастыру процесi құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгiленген жоспар мен мiндеттерге сəйкес əрекет жасаған тұтас ортада тəрбие iске кiрiседi. Тəрбие – бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесi. Бұл сонымен қоса, қоғамға қажеттi əрi пайдалы тұлға қалыптастыру мақсатындағы тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң ұйымдасқан, басқарылған, бақыланатын бiрлескен өзара əрекетi. ТП-бұл белгiленген мақсатқа жетуге бағытталған тəрбиешiлер мен тəрбие-ленушiлердiң нақты пəрмендi бiрлескен əрекетi. ТП-нiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Ең алдымен бұл процесс мақсат-бағдарлы болып табылады. Оны ұйым-дастыруда мейлiнше пəрмендiлiкке жеткiзетiнi – тəрбие мақсатының тəрбиелеушiге жақын əрi түсiнiктi мақсатқа айналуы. Нақты осы мақсаттардың бiрлiгi мен оған жетудегi өзара байланыс арқылы қазiргi тəрбиелеу процесi сипатталады.

ТП – көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген объективтi, субъективтi факторлардың əрекеттерi бұл процестiң өте күрделi екенiн байқатады. Субъективтi факторлар тұлғаның iшкi қажеттiлiктерiн бiлдiрiп, тұлға қалыптасып, өмiр сүретiн объективтi жағдайларды бiлдiре отырып, тəрбие мiндеттерiн табысты шешуiне көмектеседi. Ұйымдастырылған тəрбие iс-əрекетiмен объективтi жағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сəйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады. Бұл процестi басқарушы тəрбиешi қызметi объективтi заңдылықтарымен шектелмейдi. Бұл өз мəнiнде, тəрбиешi тұлғаның өзiндiк бейнесiн, даралық қасиеттерiн, мiнез-құлқын, тəрбиеленушiлерге қатынасын бiлдiретiн өнер деп танылады. Тұлға əртүрлi əсерлердiң ықпалына түседi, жағымды тəжiрибе ғана емес, түзетудi қажет ететiн жағымсыз тəжiрибенi де қамтиды. ТП-ң қиындығы, оның өзгерiстi, динамикалық, қозғалмалы болуымен байланысты. ТП өзiнiң ұзақтығымен ерекшелiнедi. Негiзiнен ол өмiр бойына созылады. К. Гельвеций былай деп жазған: »Мен оқуды əлi жалғастырудамын, менiң тəрбием əлi бiткен жоқ. Ол қашан бiтедi? Менiң оған тек өлген соң мүмкiндiгiм болмайды. Менiң бар ғұмырым ұзақ тəрбие-ден тұрады». Тəрбие процесi үшiн тəрбиелiк ықпал ету басталғаннан бастап, соңғы нəтижелер арасының алыс-тығы, ұзақтығын айқындайды.












.

ТП -нiң тағы бiр ерекшелiгi — оның үзiлiссiз болуы. Мектептiк тəрбие процесi — бұл тəрбиешi мен тəрбиелену-шiлердiң өзара жүйелi, үздiксiз əрекеттесу процесi. Жеке бiр ғана »iсшара» оқушының мiнез-құлқын ерекше өзгертедi деушi тəрбиешiлер қателеседi. Жұмыстың белгiлi бiр мақсаты белгiленген жүйесi қажет. Егер ТП үзiлiп қалса, онда тəрбиешi оқушының есiне жаңадан »iз» салуы керек жəне оны тұрақты əдетке айналдыруы шарт. ТП – комплекстiк процесс, тəрбиелiк жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары мен əдiстерiнiң бiрлiгiн бiлдiредi. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесiп жасалынбайды, бiр уақытта болатындықтан педагогика-лық ықпал ету комплекстi сипатта болады. Қалыптастыру кезiнде бiр қасиеттер екiншi қасиеттердiң дамуына ыңғайлы əсер етiп отырады. ТП-нiң комплекстiк сипаты бiрқатар маңызды педагогикалық талаптардың ұстанымын, тəрбиешiлер мен тəрбиеленушiлер арасындағы өзара əрекеттi мұқият түрде ұйымдастырылуын талап етедi. ТП-не нəтижелердiң бiрмəндi жəне анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бiрдей болғанда да нəтижелер бөлектенiп тұрады. Мұның өзi мынадай субъективтi факторларға байланысты болады: тəрбиеленушiлердiң жеке өзгешелiктерiнiң көптiгi, олардың əлеуметтiк нəтижелерi, тəрбиеге деген қатынастары. Сонымен бiрге, тəрбиешiлер дайындығының кəсiптiк деңгейi, олардың процестi жүргiзу шеберлiгi де осы процестiң iске асып, жақсы нəтижелер беруiне үлкен ықпал жасайды.

ТП-i екiжақты сипаты мен ерекшеленедi. Олар тəрбиешiден тəрбиеленушiге (тiкелей байланыс) жəне тəрбиеленушiден тəрбиешiге қарай (керi байланыс). Процестi басқару негiзiнен керi байланыс арқылы құрылады, яғни тəрбиеленушiлерден түсетiн ақпараттар арқылы ерекшеленедi. Осы керi байланысты тəрбиешi неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым тəрбиелiк əсер де жоғары болады.

Тəрбие процесiнiң диалектикасы. ТП диалектикалық сипатта болып келедi. Бұл оның үздiксiз дамуынан, динамикалық болуынан, қозғалмалы əрi өзгермелi болуынан байқалады. ТП болып жатқан себептерге сəйкес дамиды. Мысалы, оқушылардың əртүрлi жас ерекшелiктерiне байланысты өзгерiп отырады, сонымен бiрге əртүрлi жағдайлар мен нақты ситуацияларға қарай басқадай сипат алуы мүмкiн. Кейде бiрдей тəрбие құралы бiрдей жағдайда тəрбиеленушiлерге күштi əсер етуi де, төмен əсер етуi де кездеседi. ТП-нiң диалектикасы оның қарама-қарсылығымен, демек, iшкi жəне сыртқы қарсылықтарымен бейнеледi. Нақты, осы қарама-қарсылықтар процестiң үздiксiз жүруiне күш бередi. Iшкi қарама-қарсылықтар тұлғаның барлық кезеңдерде байқалатын, оның жаңа қажеттiлiгi мен қанағаттану мүмкiндiктерiнде көрiнедi. Осы жағдайдан туындайтын »қарсылық» адамның тəжiрибесiн белсендi толтырып, кеңейтуiне, жаңа бiлiмдер мен құлық формаларын алуына, нормалар мен ережелердi игеруiне итермелейдi. Бұл жаңа сапалардың қай бағытқа құрылатындығы тұлғаның iс-əрекетiне, белсендiлiгiне, өмiрлiк позицияларына байланысты болады. Тəрбиенiң бағыты – тұлға қалыптастыруды дұрыс бағдарлау, ал мұның өзi тəрбиеленушiлердiң қозғаушы күштерiн, мотивтерiн, қажеттiлiктерiн, өмiрлiк жоспарларын терең бiлу негiзiнде ғана жүзеге асырылады.





.

Сыртқы қарама-қарсылық та тəрбие процесiнiң бағыттылығы мен нəтижесiнде байқалады. Мысалы, кейбiр жағдайда мектеп пен жанұя арасындағы қарама-қарсылықтар, педагогтардың кейбiр талаптарына ата-ананың қарсы əрекетi жайсыз əсер қалдырады. Сөз бен iс арасындағы қарама-қайшылықтар да тəрбиедегi көптеген қиыншылықтар мен кемшiлiктерге себепшi болады. Педагогтар əсiресе, тəрбиеленушiлердiң iшкi талпыныстары мен сыртқы əсер арасындағы қарама-қарсылығына көп мəн берулерi керек. Л. С. Рубинштейн баланың iшкi əрекет мазмұнына қырағылық танытылмаса, педагогтың iс-əрекетi үмiтсiз формализмге ұшырайтынын баса айтқан. Соңғы кездерде тəрбиешiлер жұмыстарында тəрбиеленушi дайындығына педагогикалық талаптардың сай болмауы көп қиыншылықтар туғызып жүр. Егер тəрбиеленушiнiң дайындық деңгейi қойылған талаптардан көп төмен болса, онда талаптар қойылмайды, өзгерiске келтiрiледi.






.

Тəрбиенiң ең маңызды субъективтi факторы – бұл тəрбиешi тұлғасы. Адам жанының кейбiр нəзiк тұстарын, тəрбие процесiмен iлесе жүретiн мыңдаған үлкендi-кiшiлi өзара ықпал- əрекеттердi қамтудың мүмкiншiлiгi аз. Мұндайда пəрмендi тəрбиенiң аса маңызды шарты – тəрбиешi тұлғасы. Қазiргi тəрбиелеу процесiндегi тəрбиешiнiң рөлi тəрбиелiк əсердiң бəрiн өзiне бұрып, процеске жетек-шiлiктi өз қолына алу емес, керiсiнше, оның ұйымдастыру-шылық жəне бағыттаушылық күшiнiң мəндiлiгi мен ондағы демократизмнiң, шығармашылық еркiндiктiң көптiгiмен байланысты. Тəрбиешi маңызды табыстарға нақты жүргiзiлiп отырған ТП жағдайын ескерiп, өзiнiң тəрбие жұмыстарына дұрыс талдау жасап, олардан дұрыс шешiм шығарғанда ғана қол жеткiзедi. Авторитарлы педагогиканы туындатқан төмен кəсiптiк деңгей тəрбиеленушiлердiң тəрбиешiден бөлiнiп қалуына басты себеп болды. Педагогикалық жаңаша қатынас жасау мектептi демократизациялау жəне гумани-зациялау идеялары негiзiнде iске асады, сонымен қоса, балаға қамқорлық, сүйiспеншiлiк жəне рақымшылық сияқты қарапайым адамдық сезiмдердi түзету негiзiнде мүмкiндiк туады. Сондықтан, қазiргi тəрбиешiнiң негiзгi мiндетi де тəрбиеленушiнi педагогикалық ықпалға дайындап, ыңғайластыруға байланысты. Педагогикалық позицияның өзi де тəрбиеленушiге бiлiнбейтiн, жасырын, əдептi болуы қажет. Педагог бала жанының төбеден бақылаушысы болмай, оны достық пиғылмен тəрбиелеп өсiруi қажет.

Тəрбие процесiнiң жүйесi мен құрылымы. ТП – күрделi динамикалық жүйе. Бұл жүйенiң əр компонентi өз кезегiнде өзiндiк компоненттерi бар жүйе ретiнде қаралады. Қолайлы анықтау шектерiн қолдану арқылы əрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазiргi теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелерi белгiлi: ТП мақсаты, мiндетi, мазмұны, процестiң өту жағдайлары, тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң қарым-қатынасы, тəрбие iс-əрекетiнiң қолданылатын əдiстерi мен формалары, процестiң даму кезеңдерi жəне т.б. Солардың кейбiреулерiн қарастырайық: Мақсаттық талап ТП-нiң құрылымын шешуге бағытталған мiндеттердiң бiрiздiлiгiн бiлдiредi. Қазiргi мектеп жағдайында тəрбие процесiнiң бағыттары мынадай: — үйлесiмдi, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны бiртұтас қалыптастыру; — азаматтық құндылықтар, əлеуметтiк-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық жəне ерiктiк үйлесiм ауқымы негiзiнде тұлғаның адамгершiлiк сапаларын қалыптастыру; — оқушыларды ғылыми, мəдени жəне өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру; — қоғамның демократиялық өңделуiне, тұлғаның құқық-тары мен мiндеттерiне сəйкес өмiрлiк позицияға тəрбиелеу; — тұлғаның мүмкiндiктерi мен тiлектерiн, сонымен бiрге əлеуметтiк талаптарын ескере отырып, оның икемдiлiгiн, ептiлiгiн жəне қызығушылығын дамыту; — оқушылардың даралық жəне қоғамдық түсiнiмдерiн дамытатын танымдық iс-əрекет ұйымдастыру; — тұлғаны сапалы тəрбиелеу мақсатында əлеуметтiк құнды, əрi жан-жақты iс-əрекет ұйымдастыру; — тұлғаның аса маңызды əлеуметтiк функциясын, яғни, өзгермелi еңбектiк iс-əрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, əлеуметтiк қуаттылықты көтеру. Келесi құрылым ТП-нiң негiзгi сатыларын белгiлеуге негiзделедi. Бұл сатылар — қойылған мiндеттердiң сапалы шешiлуiне бағытталған бiрiздi кезеңдердiң мiндеттi түрде өтетiн процесi. Құрылым ТП бiрiздiлiгiнiң жəне бiрлiгiнiң терең заңдылығын түсiнуде өте маңызды: — қойылатын талаптар мен ережелердi тəрбиеленушiлердiң түсiнуi; — бiлiмнiң сенiмдiлiгi; — сезiм қалыптастыру; — iс-əрекетке араласу жəне iс-əрекет арқылы тəрбиелеу.

Келесi құрылым да бiрiздi процесс кезеңдерiн анықтауға негiзделедi, бiрақ ол ендi басқа талаптарға, яғни процестiң жүруiнiң пəрмендiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрлiктер арасындағы байланыстар мен тəуелдiлiктерге негiзделедi: а) тəрбиенiң негiзгi мiндеттерi мен мақсат-тарын қамтитын процестi жоспарлау; б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтiк); рухани (эмоционалды -сезiмдiк, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) iс-əрекеттердi ұйымдастыру; в) тəрбиеленушiлердiң негiзгi iс- əрекеттерiнде тұлға аралық қарым-қатынасын жəне оның дамуын реттеу; г) жоспарланған жəне алынған нəтижелердiң айырмашылығын бақылау жəне қорытындылар шығару, жiберiлген қателiктер мен қол жеткiзетiн жетiстiктерге талдау жасау. ТП кезеңдерiнiң өлшем шектерi ретiнде педагогика-лық əрекеттiң бiрiздiлiгiн пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бiрлiктер пайда болады: 1) жалпы нормалар жəне талаптармен танысу; 2) қарым-қатынас қалыптастыру; 3) көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру; 4) тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру. Бұл əрекеттердiң барлығының нəтижесi – нормалық қалыптағы тұрақты мiнез-құлық əдеттерiн баулу. Əрекеттердiң əдеттенуi бiртiндеп мiнез бiтiстерiне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.