Қазақша реферат: Педагогика тарихы |

0






Жоспар:
1.Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
2.Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу,  білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика,  педагогикалық көзқарас,  халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

“ Педагогика тарихы ” курсы әлемдегі педагогикалық ойлардың дамуы, оның практикадағы мәні, Қазақ жерінде тәлімдік ойлардың дамуы жайлы іргелі білім қалыптастыруға арналған. Өткен тарихи дәуірдегі тәлім-тәрбиенің озық тұстарын практикада қолдану, жаңаны меңгеруге, өткен тарихи дәуірдегі жетістіктерді қазіргі  заман талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.





.

Педагогиканың тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға  жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман бола алады.

Курстың мақсаты: болашақ педагог мамандарды педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныстыра отырып өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйрету, теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыру.

“ Педагогика тарихы ”-курсын оқу барысында студенттер әлемде және қазақ жерінде ғылыми педагогиканың қалыптасу тарихының бастауларымен танысып,оның даму кезеңдерінде үнемі толығып отыруын, ежелгі дәуірдегі педагогикалық ойлардың тындауы мен дамуы жайлы білім қалыптасады.

“ Педагогика тарихы” пәнін оқытудың құрылымы мынадай:

  • педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері;
  • ежелгі дүниедегі мектеп пен тәрбие;
  • шетелдегі мектеп пен педагогикалық ойлар;
  • Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар;
  • Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылым (1917-1991жж.)
  • Қазақстандағы тәрбие, мектеп және Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы (ҮІ-ХХ ғғ.)








Осы тақырыптарды оқыту барысында берілетін білім мазмұны мыналарды қамтиды:

  • педагогиканың тарихы пәнінің маңызы, міндеттері, әдіснамалық негізі, басқа ғылымдарымен байланысы, педагогиканың тарихын зерттеу жолдары ашып көрсетіледі;
  • алғашқы адамдар қауымдағы тәрбие, отбасының туындауы, жазудың алғашық элементтері, этнопедагогиканың маңызы қарастырылады;
  • Ежелгі Мысыр, ежелгі үндістан, Византия, Қытайдағы педагогикалық ойлармен танысу арқылы олардың ерекшеліктерін аңғарады;
  • Антикалық дүниедегі мектеп және тәрбие, ежелгі Рим, Византиядағы ағарту және педагогикалық ойларды меңгереді;
  • Қазіргі Қазақ жерінде көне дәуірде өмір сүрген халықтардың тәлім-тәрбие сипаты, жазу түрлерімен таныстыру;
  • Қазақ жеріндегі жазба ескерткіштердегі тәлімдік ойлардың маңызы;
  • Түрік дәуіріндегі жазба мәдениет және ондағы педагогикалық ойлар;
  • Орта ғасыр жазбаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлардың маңызы;
  • ХҮ-ХҮШ ғғ.бірінші жартысындағы Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар;
  • ХҮШ ғ. және ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар;
  • ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің тәлімдік ойлары;
  • Кеңес одағы кезіндегі Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен оқу-тәрбие мекемелерінің дамуы;
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ, Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы педагогтарының педагогикалық идеялары;
  • Егемен Қазақстанда білім беру жүйесінің дамуы мен болашағы;

Оқу курсында мынадай заңдылықтар ашылады.

  • қоғам дамуы мен ондағы тәлім-тәрбиелік ойлардың жаңғырып отыру заңдылығы;
  • тарихы кезеңдердің тәлім-тәрбиелік ойлардың мазмұнына ықпалы;
  • ғылым, білім, дін және тәрбие арасындағы байланыстар;
  • білім және тәрбие арасындағы байланыстар мен олардың педагогикалық ойлардың қалыптасуына ықпалы;
  • Қазақ халқының даналық ойларының шығу тегі мен тәлім тәрбиедегі маңызы;
  • әлемдік педагогтардың педагогикалық идеяларының мәні.

Осыларды меңгеру барысында болашақ оқыту мен тәрбиеге байланысты қызметте мынадай біліктерді меңгеру мүмкіндігі бар:

  • қоғам мен тәрбие арасындағы байланысты ашып көрсету, түсіндірмелеу;
  • тарихи кезеңдердегі тәлімдік ойлардың қазіргі кездегі мәні мен маңызын талдау;
  • тарихи-педагогикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу;
  • алған білімі негізінде ой жүргізу, пікірлесуге үйрену;

Педагогика тарихы міндеттері:

  • тарихилық және қазіргі кезеңнің арақатынасы туралы базалық әдіснамалық ережелерді студенттердің меңгеруі және түсінуі;
  • педагогика тарихының қалыптасу даму үрдістерін, заңдылықтарын, кезеңдерін және ережелерін білмей қазіргі жағдайын бағалау мүмкін емес;
  • әр халықтың мәдени дамуы мен барлық адамзат қауымдастығының даму арақатынасы жағдайында қазіргі мектептің жетілу сабақтастығын анықтау.

Мынадай дағдылар қалыптасады:

  • тарихи-педагогикалық материалдарды іздестіріп, жинақтау;
  • белгілі бір кезеңдерге байланысты материалдарды талдап, пікір жүргізу;
  • әлеуметтік-педагогикалық бейімделу;
  • тесттер, конспект, білім көздері, құжаттар т.б. жұмыс істеу;

Жалпы әдіснама дегеніміз барлық ғылымдарды зерттеу, танып-білуге мүмкіндік беретін жалпы және жекелеген әдістер жиынтығы, оны ұйымдастыру тәсілдері.  Кезкелген ғылымның әдіснамасы  диалектиканың заңдылықтарына негізделеді. Олар мыналар:

1.Санның сапаға  және сапаның санға өтуі;

2.Қарам қайшылықтар арасындағы күрес;

3.Терістеуді, терістеу; Сонымен қатар бұл заңдылықтар диалектиканың манадай ұстанымдарына негізделеді:

1.Жалпы және өзара байланыс;

2.Қайшылық арқылы дамуы;

Осыдан келіп диалектикалық санттардың тарихи дамуғ ықпалының сипаты айықндалады. Олар мыналар:

1.Маңыз бен құбылыс арасындағы байланыс.

2.Бірыңғайлық, ерекшелік, жалпылық;





.

3.Форма мен мазмұн арасындаы байланыс.

4.Себеп пен салдар арасындағыбайланыс.

5.Қажеттік пен кездейсоқтық.

6.Мүмкіндік пен нақты жағдай немесе шынайылық.

Педагогика тарихы тәлім-тәрбие пәнін ғылыми танудың бір түрі дейтін болсақ ол жалпы педагогикалық теорияның келіп шығуын хронологиялық ретімен, кезеңдермен дамуын, бір күйден екінші бір күйге өтуын қарастырады. Педагогикалық ойлардың дамуын қарастыруда мәселенің өткені, бүгіні, болашағына өңілудің өзіндіек орны бар.

Педагогиканың тарихы пәні қазіргі кезде қалыптасып орныққан негізгі ұғымдар, түсмініктер, ұстанымдар, ережелер, қағидалары т.б. тарихи дамуын қарастырады. Мысалы, оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері қалай болып еді, қазір қандай, болашақта қандай болмақ? Деген сұрақтарға жауап беріде тарихи тәжірибелерді ескереді. Сол тұрғыда зерделейді.






.

Осы орайда жоғарыда берілген педагогикның тарихының мазмұны өзара тығыз байланыста қарастырылған күнде ғана түбегейлі білім қалыптасады.

Педагогиканың тарихы жалпы тарих, философия, әдебиет, психология, әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста.

Педагогиканың тарихын зерттеуде тарихи деректердің маңызы зор. Осыған орай қазіргі кезде мұрағат құжаттарымен танысу, ғылыми, тарихи әдебиеттерді зерттеу,  білім мен  тәрбиеге байланысты құжаттарды зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастырыу, талдау, салыстырмалау т.б. болып табылады.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!