Қазақша реферат: Инновациялық оқытудың ерекшеліктері |
Инновация ұғымы және педагогикалық жүйеге енгізілетін жаңалықтардың мәні мен бағыттылығы. Инновация ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үдеріс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық үдеріске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына, оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен окушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады. Оқытуда жаңалық енгізілетін жүйе педагогикалық жүйе деп аталады. Педагогикалық жүйе — өзгерістер жағдайында да тұрақты, өзгермейтін компоненттер жиынтығы. Мұндай компоненттер қатарына педагогтер, оқушылар, оқу-тәрбие үдерісін басқару, технология және оқыту мен тәрбиелеу мазмұны, әдіс, формалары, құралдары жатады.
Педагогикалық іс-әрекетке инновациялық бағыттылық беру бірқатар жағдайлармен анықталады. Біріншіден, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер білім беру жүйесі, түрлі оқу мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясын түбірімен жаңартуды қажет етеді. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендіру оқу пәндері көлемін, құрамын өзгертіп, жаңа пәндер енгізіп, оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын іздестіруді қажет етеді. Үшіншіден, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдау мен меңгеруге қатынасы сипаты өзгереді. Төртіншіден, оқу орындарының нарықтык катынасқа өтуі бәсекелестік деңгейін көтеруді талап етеді.
Педагогикалық инновацияларға:
1) жаңа емес, бірақ езінің өзектілігін жоймаған және педагогика ғылымы мен практикасы жүйесін қамтитын, әлі толық жетілдірілмеген оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын;
2) ізгілік педагогикасының барлық қагидалары мен практикалық технологиялары жиынтыгын қарастыруды;
3) жаңа идеяларға негізделген педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру мен басқару амалдарын;
4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына негізделген технологияларды жатқызуға болады.
Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер енгізудің басты бағыттары: тұтастай алғандағы педагогикалық жүйе; оқу мекемелері; педагогикалық теория; мұғалім; оқушылар; педагогикалық технология; мазмұны; формалары, әдістері, кұралдары; басқару; мақсаты мен нәтижелері.
Жаңалық енгізудің үш деңгейі бар:
1. Төменгі деңгейі — атаулар мен түжырымдамаларды өзгерту ұсынылады.
2. Орташа — мәні емес, тек формаларын езгерту талданады.
3. Жоғары — жүйені немесе оның негізгі компоненттері мәнін өзгертуі. Тек соңғы деңгейдегі жаңалықтар ғана практикалық жағынан құнды.
Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:
а) оңтайлылық — нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылардың күші, құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші;
б) нәтижелілік — мұғалімдер іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрактылығы;
в) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы.
Бұл критерийлерді білу педагогикалық жасампаздық іс-әрекеттің негізі болып табылады.
Инновациялық педагогика. Педагогика — ғылыми білімдер жүйесі. Оның ғылым ретіндегі негізгі сипаттамалары: объективтілік, мақсаттылық, тұрақтылық, қарама-кайшылықсыздық. Кез келген ғылыми теория сияқты, педагогиканың жүйе құраушы басты принципі — ғылымилық. Күшті және тұрақты тәрбие жүйесін тек объективті ғылыми анықталған және практикада дәлелденген қагидалар құрайды. Осыған байланысты педагогикалык теория дамуының инновациялылық бағыттарын анықтауға болады. Бірінші инновациялық бағыт Я.А. Коменскийдің табиғи үйлесімділік педагогикасына қайта оралу. Бұл окушылардың мүмкіндіктерін түсіне отырып, оқытуды объективті негізде жүргізуді анықтайды. Екінші бағыт педагогикалық жүйені ізгілендіру, яғни гуманистік педагогиканы дамыту болып табылады. Ізгілік педагогикасының мәніне тоқталайық. Гуманизм (латынша humanus — адами, адамшылық) — әлемдегі ең маңызды құндылық адам деп танудың тұтас тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың басты қағидасы тұлғаның жетістіктерін қорғау, оның еріктілігін, бақытты болу кұқтарын мойындау, оның өзінің қабілеттіліктерін дамыту және байқату үшін жағдайлар (өмірде, еңбекте, оқуда т.с.с.) жасау болып табылады. Гуманизм — тұтастай алғанда адам болмысының, жекелей алғанда әрбір адамның жан-жақты маңыздылығын мақұлдайтын идеялар мен құндылықтардың жиынтығы.
Гуманистік педагогика — тәрбиеленушіні оқу-тәрбие үдерісінде белсенді, саналы, тең құқыкты, өз мүмкіндіктеріне сай дамитын қа-тысушы ретінде анықтайды. Гуманистік педагогика тұлғаға бағытталған. Оның айырмашылық белгілері: ақпараттарды меңгерту және белгілі бір білік, дағдыларды қалыптастырудан гөрі тұлғаның психикалык, денелік, интеллектуалдық, құлықтық және басқа сфераларын дамытуға; еркін, өз бетінше ойлай алатын және әрекет ететін тұлғаны, әр түрлі өмір сүру және оқу жағдайларында негізделген таңдау жасай алатын, азамат-гуманистің қалыптасуына қажетті оқу-тәрбие үдерісін кайта құруға басым жағдай жасау болып табылады. Гуманистік педагогика мектептің оқушыға бейімделуін, оған ыңғайлы атмосфера кұру және психологиялық қауіпсіздік жағдайын жасауды талап етеді.
Гуманистік мектеп практикасындағы инновациялық іс-әрекет формалары мен әдістері:
1. Оқу-тәрбиелік іс-әрекетті дифференциалдандыру.
2. Тәрбиелеу және оқыту үдерістерін жекешелендіру
3. Әрбір тәрбиеленушінің бейімділіктері мен қабілеттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
4. Гомогенді сыныптар мен параллельдерді қалыптастыру.
5. Оқу-тәрбие іс-әрекетінің ыңғайлылығы.
6. Психологиялық кауіпсіздік, оқушыларды қорғау.
7. Оқушыға, оның күшіне және мүмкіндіктеріне сену
8. Оқушыны сол күйінде қабылдау.
9. Оқыту мен тәрбие жетістігін қамтамасыз ету
10. Мектептің мақсаттық бағыттарын өзгерту.
11. Әбір оқушының даму деңгейін негіздеу.
12. Мұғаліммен рухани кездесу жок сырттай оқуды жою.
13. Мұғалімнің ішкі тұлғалық ұстанымдарын өзгерту.
14. Гуманитарлық білім беруді күшейту.