Қазақша реферат: Автокөлік экологияға зияны

0

Көліктен шыққан улы газ…
Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт — троллейбустарды шығару көзделуде.
Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ал бүгінде облыста 60 мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт — троллейбустарды шығару көзделуде.
Орал қаласында ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Ауаға таралатын зиянды қалдықтар, соның ішінде улы газдар көлемін азайту мақсатында эколог мамандар қала көліктерін арнайы катализатор құрылғысымен жабдықтауды ойластырып отыр. Ал болашақта қала көшелеріне экологиялық таза транспорт — троллейбустарды шығару көзделуде.
Өндіріс орындары көбейген сайын экологияға солғұрлым зиян келетіні мәлім. Қоршаған ортаның ластануына автокөлік құралдарының қосар залалы да айтарлықтай. Мәселен, тек Орал қаласының өзінде ғана атмосфераға тараған зиянды қалдықтардың 70 пайыздан астамын көліктерден шыққан улы газдар құрап отыр. Қазіргі күні облысымызда алпыс мыңға жуық автокөлік тіркеліпті. Қала көшелерінде жүйткіген темір тұлпарлар күн санап көбеймесе азаяр емес. Шетелден шекара асып, елімізге жететін шетелдік көліктерді былай қойғанда тозығы жеткен отандық, отандық емес-ау ресейлік автокөліктердің қатары да көбеюде. Тапқанын тамағына, қалғанын керек-жарағына жұмсап, тірнектеп тапқанына темір тұлпарды ерттеп мінген ағайындардың басым көбісі экологияға төнетұғын қауіпті ескере бермейді. Ескергенімен де өз көлігінен тарар түтінді теңізге таматын тамшыдай көретіні сіз бен бізге жақсы мәлім. Нәтижесінде зардап шегетін де, жағдайы нашарлайтын да — экология. Ал экология — ол — сіз бен біздің жұтар ауамыз, ішер суымыз, жер басып жүрген қоршаған орта. Сондықтан да қоршаған ортаға деген жанашырлық құрғақ сандар мен қағаз бетіндегі деректермен шектеліп қалмауы керек. Тілшіміз жалғастырады.
Қаламызда атмосфераға тарайтын улы заттардың 70 пайыздан астамын көліктер пайдаланған газ қалдықтары құрап отыр. Бұл туралы мәлім еткен атмосфералық ауаны қорғау туралы сектор жетекшісі Ерлан Үмбетовтың дәйегінше, статистикалық есеп бойынша облыста барлығы 50 мың автокөлік тіркелген.
Екінші экологиялық сынып стандарттарына сәйкес, көлік қозғағышы жанар-жағар майды бұрынғыдай құю арқылы емес, аздан шашырату арқылы істейді, сөйтіп жанар-жағар майды көп жақпайды, осылайша ауаға шығатын зиянды заттар құрамы азаяды. «Қазіргі жағдайда ауаға тым көп көлемде зиянды күкірт шығады», дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов. Бірақ, Қазақстанға енгізілетін кез келген көлік иесі жергілікті органдардан рұқсат алуға тиіс болады. Егерде автокөлік екінші экологиялық сынып талаптарына жауап берсмесе, онда кеден мұндай көлікті шекарадан өткізбейді. Яғни, бұрынғыдай қолданыста болған арзан көлікті енгізуге тыйым салынуы мүмкін. Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша, олар кедендегі тексерістерді жобаға сай өзгертіп үлгіреді. Ал, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бұл жобаның келесі жылдың басына дейін жүзеге асатындығына күмән келтірді.
«Алматыда жиналыс өткізгенбіз. Сұмдық, дем алатын ауа жоқ. Шындығында, біз онда сәйкестікке келтіре алмаймыз», — деді ол.
Мәсімов өз орынбасары Аслан Мусинге жұмыс тобын құрып, қажетті адамдарды жинауды тапсырды. «Адамдар өз сөздеріне жауап беретіндей сәйкес болсын», деді ол.
Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов бұл жоба дайын деп отыр:
— Премьердің айтқаны дұрыс. Өйткені, жай оңай мәселе емес. Біздің техникалық регламент дайын. Ол мемлекеттік органдардың келісімінде. Біздің жоспарымызда Еуро-2 экологиялық стандарттарына 2008 жылдың 1 қаңтарында көшеміз.
Бірақ, Ахметов Еуростандарттарға көшуде қиыншылықтар да бар екенін мойындады:
— Екі себеп бар. Біріншіден, біздің мұнай өндірісіміз осындай жанар-жағар май шығара алады ма? Екіншіден, біздің техникалық сараптама жүргізі орталықтары. Шекарадан басқа мемлекеттерден кірген жаңа көліктер логистикалық орталықтан өту керек. Жаңа көліктер экологияға сәйкес бола ма?
Бұл стандартқа көшу үшін сапалы жанар-жағар май қажет болады, дейді сарапшылар. Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, қазіргі мұнай зауыттарының барлығы бірдей толығымен дайын болмаса да, бір зауыт жабдықтары сапалы жанар-жағар май жасауға дайын, келесісі жабдықтарын ауыстырып жатыр. Ал, кейбір сарапшылардың айтуынша, жанар-жағар майдың сапасы жақсарғанымен оның бағасы өсіп сала береді. Астанадағы автокөлік иелеріде кіретін тұтынушылар одағының мүшесі Гүлсара Шайынғазинада осы пікірге қосылып отыр:
— Бұл ақыр соңында қарапайым көлік иелерінің қалтасын қағады. Онда да Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары өз жабдықтарын жаңартса. Егерде бұлай болмай шықса, онда бұл жанар-жағар майды Қазақстан шетелден тасуға мәжбүр болады. Ал оның бағасы тіпті қымбат. Жанар-жағар май қымбаттаған соң қоғамдық көліктегі жолақы да өсіп сала береді.
Ал, жобаны қолдаушылар, керісінше, сапалы жанар-жағар май жүргізуші қаржысын үнемдейді деген пікірде. Өйткені, бұл жағдайда көлік жабдықтары көпке дейін тозбайды. Оның сыртында, жанар-жағар май бағасы өссе, көлік иелерінің бір бөлігі экологияға зияны аз газға көшуге мәжбүр болады. Бұл да тиімді жағы. Және жоғарыда аталған проблемаларды біртіндеп шешуге болады. Ол үшін жанар-жағар май стансаларына жер алуда және салық төлеуде жеңілдік беру керек деген пікір бар.
Алайда, Ресейде шығарылған көліктердің 80 пайызы, тіпті Еуро-0 стандарттарына сәйкес келмейді дейді Ресей сарапшылары. Оның сыртында, қолданыста болған арзан көліктер де іске жарамай қалады.